Көркем-шығармашылық қабілеті: іс-әрекетте қалыптаса ма, әлде одан пайда бола ма (шыға ма)?

Психологтар мен педагогтар әрбір баланың бойында шығармашылық потенциалы бар деп санайды, шығармашылық — адамзат өмірінің шамасы. Шығармашылық қасиет – адамзат негізінің «таңбасы».

Күнделікті өмірде, педагогикалық тәжірибеде, «аспаннан жерге, уақыт  талабына» түсу, танымал шектеулікті өтуді қажет етеді.

Біріншіден, шығармашылық қабілеттілікті білім не икемділік ретінде жеткізу, «айтып беру» болмайды. Қазіргі кездегі ол мұғалім мен оқушының арасындағы бірлескен тәжірибелік-шығармашылық іс-әрекеті.

Екіншіден, бір саладағы шынайы шығармашылық психологиялық доминантаны құрып, адамды тұтастай баурап әкетеді. Сондықтан, жалпы білім жүйесіндегі балаға көмек ретіндегі шығармашылықпен айналысу болып табылады: өз-өзінде, «музыкант» болу, жан тәжірибесін сезінуі т.б.

Кезінде Б.М.Теплов қабілеттілікті, адамның психологиялық қасиеті, оның қандай да болсын іс-әрекетінің нәтижелігінің қатынасы және осы іс-әрекет процесінің меңгеруі – деген.

Шығармашылық қабілеттілік – ол сапалы музыканың тууы, өзгеруі, музыканың дамуы т.б. Б.М.Теплов Н.А.Римский-Корсаковтың балалық шағын жазған кезінде: «Болашақ композитор музыкалық сабақтарға аса зейіні болмаған, бірақ та қабілеттілігінің арқасында «жұмысы» нәтижелі болды» — деген пікірді айтқан.

Ал, келесі бір дәстүрлі психологиялық қасиеттің бірі — адамның қабілеттілігі психологиялық сапа қатарының үйлесуі, не компоненттері, әрбіреуі әрекет талабына сәйкес келеді де жеке қабілеттілік бола алады.

«Негізгі», «басты» қабілеттілік бөлімдерінің алды, олардың бірлігі, оның ішіндегі бөлімдерінің психика сапалығын көрсете алатыны, толтыратыны  және де оның статусы мен көркемдік, музыкалық, бейнелеушілік не басқадай қабілеттілігінің сипаттамасы. Теплов Римский-Корсаковқа  музыкалық мінездеме бергенде «толық» түсінік бере алды. Римский-Корсаковта көзге елестету дамуы, табиғатты сезіну мықты болған, «оның көз елестетуі музыкалық, табиғатты сезінуі музыкалық» болды. Мынандай қорытындыға келді: оның жалпы тұлғалық бағыттылығына байланысты адамда ешқандай қаблеттілік болмайды. Римский-Корсаковқа қоршаған әлем музыкалық құбылыс, көрініс болып сезілген.

Осы кезде екі кезеңді қарастырайық: бірінші маңызды кезең – не бір белгілі әрекетінің емес, өмір тұтастылығына ерекше қатынасы. Екінші маңызды кезең – тұлғаның жалпы бағыттылығы, не әлемге адамның үстем болғаны, адамның түрлі психикасы сапалы қабілеттілікке айналуы.

Ал, шығармашылық қабілеттілікке келер болсақ, адам психикасындағы әрекеттілік талабы адамның МЕН деген берілген әрекетіндегі өз-өзіндік шығармашылық қабылдауы. Ол деген, адам қоршаған әлемге ерекше, эстетикалық, көркемдік қатынасы түрлі көркемдік шығармашылығының қабілеттілігінің негізі болып табылады. Ал, жеке қабілеттілікті ауыстыру, үйлестіру не басқадай тәсілмен онда  эстетикалық тәжірибе қатынасы әлемде ештеңемен ауыстыруға болмайды. Онсыз құнды көркем шығармалар тумайды.

Сондықтан, әлемдік қатынас дамуы мен оянуы және өзінше бір бөлшек ретінде өнер педагогикасының бірінші мақсаты, әр-түрлі өнердегі мақсатты іс-әрекетінде жүзеге асыру болып табылады.

Ізденушілердің дәлелдеуінше, әлем эстетикалық қатынасында әрбір адамда, әрбір балада жүзеге асыру барысында өзіндік потенциалы бар. Сондықтан бала кезеңінде осы мәселені қабылдай алады да, жалпы білім беру кезінде жүзеге асыра алады.