Корей тарихындағы үш хандық кезеңі туралы қазақша реферат
«Самгук» сөзі корей тілінен аударғанда «үш мемлекет» деген мағына береді.
Б.з.б 1 ғасыр мен б.з 7 ғасыры аралығында өмір сүрген Когуре, Пекче және Силла мемлекеттері кореяның ерте феодалдық мемлекеттері болып табылады. Олар Корей түбегі мен Манчжурияны алып жатқан . Бұл мемлекеттер Қытайға қарсы соғыс нәтижесінде қалыптасқан.
Корей халқының жылнамаларына сәйкес үш хандық кезеңі б.з.б 57 жылы Силла елінің Қытай еліндегі Хань династиясынан автономиялық құқыққа ие болған кезден басталды. Ялуцзян өзенінің солтүстік және оңтүстік бөлігін алып жатқан Когуре елі тәуелсіздігін б.з.б 37 жылы алды. Когуре ханының екі ұлы мемлекетті бөліп басқаруға келімпей елден кетіп б.з.б 18 жылы Пекче еліннің негізін қалады. Осылайша үш хандық қалыптасты. Кейінен 1 ғасырда пекче елінен Кая елі бөлініп шықты.
3 ғасырда Қытайда Хань династиясының құлауы корей мемлекеттеріне сырттан қауіптенбеуге мүмкіндік берді. Үш елдеде мәдениет бірдей болды. 1 ғасырдан бастап халықтың жоғары сатыларында конфуций ілімі кең тарай бастады, кейінен оны толықтай буддизм ығыстырып шығарды.
Мемлекеттер ішінде территориясы жағынан ең үлкені Когуре өз тарихында астансын екі рет өзгертті. Алғашқысы Ялуцзян өзенеің бойындағы Хвандо қаласы болса(қазіргі Цзиань) кейінен оны Пхеньянға өзгертті. Алғашыда қытаймен шекаралас жатқан Когуре өз территориясын Манчжурия арқылы кеңейтті. Когуренің мәдени ықпалы 4 ғасырға дейін сақталды. 372 жылы буддизмды қабылдағанға дейін. Осы жылы буддзимды пекче елі де қабылдады оңтүстік өңірге осы мемлекеттің вқпалы күшейді.
4 ғасырдың басында Саро елі Кая елін толықтай бағындырды. 503 жылы өз атын Силла деп өзгертті. Силла елінің астанасы қазіргі Чинджу қаласы. Буддизм бұл елде мемлекеттік дін ретінде 528 жылы қабылданды.
Үш мемлекетің жер көлемінің ұлғаюына байланысты үш хандықтын барлығы корей түбегіне өз билігін жүргізуге тырысты. Мұндай ынтаны Қытай елі өз пайдасына асырмақшы болды. 621 жылы Қытай миператоры Ян — ди Когуреге қарсы өзінің үлкен армиясын жіберді бірақ жеңіліс тапты.
Қытай династиясы Тан 644 жылдан бастап Когуре еліне нәтижесіз соққылар беріп отырды, тек 660 жылы Силла елімен одақ құра отырып Когуре және Пекче еліне басып кірді. Тан билеушісі Когуре және Пекче елінің терииториясын өз уысында ұстап тұруға тырысқанмен тұрғындар тарапынан қатты қарсылыққа тап болды, оларға Силла еліненде көмек көрсетілді. 676 жылы Тан династиясы Когуре және Пекче территориясынан қуылып шықты және Силла еліне үш мемлекеттің басын қосуға мүмкіндік туды.
Осылайша Біріккен Силла елінің тарихы басталды.