Коре мемлекетінің қалыптасуы

Коре мемлекетінің қалыптасуы туралы қазақша реферат

918 жылы  Тхебон елінің жоғары билеушілерінің жиналысында Кунъе тақтан тайдырылып орнына 41 жастағы талантты Ван Гон отырды. Сол жылы ол елдің атын Коре деп өзгертіп, 919 жылы мемлекеттің астанасын Сонак(қазіргі Кэсон) қаласына өзгертті. Астанның аты Кэген деп аталды. Корей тілінен аударған «Жаңа қала» дегенді білдірді.

Ван Гон халықты күшпен емес, салиқалы саясатпен біріктірді. Таққа келісімен ол «янин» атағын, яғни жақсы адам атағын жаңартты. Бұл атақ салықтарды қалмай төлеп отыратын адамға берілетін болған. өзінің көмекшілерінде осыған қарай таңдады. Бейбітшілік орнату мақсатымен ол лауазымды адамдарға сый сыйапат тартып отрыған, дипломатиялық қатынастарды жақсарту үшін сол елдің қызын өзіне әйелге алып оырған. Осылайша Ван Гонда 29 әйел болған.

Саясатты ауыздықтай отырып Ван Гон 930 жылы кейінгі Пекче еліне жорықтар жүргізді, кейінен Силла елінің 110 қаласы өз еркімен Коре елінің құрамына өз еркімен кіруге ұсыныс білдірді, осы жағдайдан кейін Силла елі түгелдей Коре елінің құрамына кіруге ұсыныс білдірді. 935 жылы бұл ұсыныстар жүзеге асты. Көптеген жоырқтар нәтижесінде 936 жылы Коре елі Пекче елін бағындырды.