Қор биржасының акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ ҚР заңдарына сәйкес құнды қағаздардан басқа өзгедей қаржы құралдарымен мәмілелерді іске асыруға құқылы заңды тұлғалар арасында орналастырылады.
Қор биржасының әрбір акционері, оған тиесілі акциялардың санына байланыссыз, биржа акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауыс иеленеді.
Қор биржасы акционерлерінің жалпы жиналысы бір мезгілде акциялардың шығарылуын тіркей отырып, оларды шоғырландыру (қор биржасының орналастырылған акцияларының жалпы санына әр акционерге тиесілі акциялардың сандық қатынасын сақтай отырып, аталған қордың жариялаған акцияларының санын азайту) мақсатында жарияланған акцияларының күшін жою туралы шешім қабылдауға құқылы. Шығарылатын акциялардың жиынтық құны акцияларды шығарудың күшін жою күніне қор биржасының жарғылық капиталының өлшеміне сәйкес болуға тиіс.
Қор биржасы директорлары кеңесінің құрамына тұрақты негізде өкілетті органның дауыс құқы бар өкілі кіреді.
Қор биржасының ережелері:
- қор биржасындағы мүшелік санатты, қор биржасы мүшелігіне кірудің шарттары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерінің құықтары мен міндеттерін, қор биржасындағы мүшелікті кідірте тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібін;
- бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізу жоспарланған немесе енгізлген эмитенттерге, сондай- ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;
- бағалы қағаздарды қор биржасы тізіміне енгізудің, оларды сол тізімнене шығарудың және тізім санатын ауыстырудың шарттары мен тәртібін;
- бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенттердің міндеттері мен жауапкершілігін (оның ішінде ақпаратты жариялап қою бойынша да);
- бағалы қағаздармен биржалық сауда- саттық өткізудің тәртібін;
- қаржы құралдарымен биржалық сауда- саттықтарда жасалған мәмілелер бойынша есеп- қисапты жүзеге асыру тәртібін;
6-1. қор биржасында сауда- саттықты тоқтата тұру және қайтадан жандандыру шарттары мен тәртібін;
- қор биржасының сауда жүйесі айналысына жіберілген қаржы құралдарын бағалау әдістемесін;
- биржа сауда- саттығы ережелерін бұзғаны үшін қор биржасы мүшелерінің жауапкершілігін, қор биржасы өндіріп алатын айыппұлдардың мөлшерін және төлеу тәртібін;
- қор құралдарымен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын даулар мен кикілжіндерді шешу тәртібін белгілеуге тиіс.
Қор биржасының мүшелері болып бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және ҚР заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға құқылы өзге де заңды тұлғалар (оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құықтық актілерімен белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар да) саналады. Қор бирдасы бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының оннан кем емес мүшесіне ие болуға тиіс.
Ақшалай жарналар мен алымдарды сауда- саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда өндіріп алады: 1)сауда- саттықты ұйымдастырушының мүшелігіне кіргені үшін; 2) сауда- саттықты ұйымдастырушының мүлкін пайдаланғаны үшін; 3) бағалы қағазадр листингі және олардың сауда- саттықты ұйымдастырушының тізімінде болғаны үшін; 4) мәмілелерді тіркегені және рәсімдегені үшін; 5) ақпараттық қызметтері үшін; 6) сауда- саттықты ұйымдастырушының ережелерінде көзделген басқа да жағдайларда. Қор биржасының төмендегідей қызметтерді:
- сауда жүйелерін пайдалану және қолдану;
- бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізу жоспарланған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай- ақ бағалы қағаздарға және қор биржасында айналысқа жіберілетін басқадай қаржы құралдарына талаптар белгілеу;
- бағалы қағаздармен және қор биржасында айналысқа жіберілген басқадай қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мақсатында өз мүшелеріне сауда жүйелеріне баруға рұқсатберу;
- бағалы қағаздары және қор биржасында айналысқа жіберілген басқадай қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда- саттық ұйымдастыру және өткізіп отыру;
- қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер мониторингін және талдауды жүзеге асыру;
- бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айлы- шарғы жасау мақсатында орындалған мәмілелерді мойындау мәселелері бойынша сараптау қорытындысын әзірлеу;
- бағалы қағаздармен және қор биржасында айналысқа жіберілген басқадай қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойыншаесеп- қисапты жүзеге асыруды немесе осындай есеп- қисаптарды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты дайындауды ұйымдастыру;
- өзінің мүшелеріне ұйымдастырушылық, кеңес берушілік, ақпараттық және басқадай қызметтер көрсету;
- бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарының нарығы мәселелері бойынша сараптық зерттеулер өткізу;
- ҚР банк заңдары белгілеген тәтіпке банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру;
- қор биржасында сауда- саттық ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа да қызыметтерді жүзеге асырады.