Конъюнкция туралы қазақша реферат
a және b тұжырымдарының конъюнкциясы деп, егер екі тұжырым да ақиқат болғанда ақиқат және егер кем дегенде біреуі жалған болғанда жалған болатын жаңа тұжырымды айтамыз.
a және b тұжырымдарының конъюнкциясы мына символмен белгіленеді aÙb (a ּb, a b, a&b) және былай оқылады «a және b». a , b тұжырымдары конъюнкция мүшелері деп аталады. a және b екі тұжырымның барлық мүмкін логикалық мәндерінің конъюнкциясы келесі ақиқат кестеде көрсетілген:
a |
b |
aÙb |
1 |
1 |
1 |
1 |
0 |
0 |
0 |
1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Мысалы: «6 2-ге бөлінеді», «6 3-ке бөлінеді» тұжырымы үшін оның конъюнкциясы «6 2-ге бөлінеді және 6 3-ке бөлінеді» тұжырымы болады, бұл ақиқат.
Конъюнкция операциясы анықтамасында көрсетілгендей «және» сөзі логика алгебрасында күнделікті сөйлесудегі сияқты мағынада қолданылады. Бірақ кәдімгі сөйлесуде «және» сөзімен мағынасы әртүрлі екі тұжырымды біріктіру қабылданбаған, ал логика алгебрасында кез-келген екі тұжырым конъюнкциясы қарастырылған.