Жаңа институционалды экономикалык теорля контрактіні институционавды келісімдердің бір түрі ретінде карастырады. Осы түрғыда, оның мазмұны мына түрде анықталады:
Контракт — белгілі институционалды шектемелер жағдайында индивидтердің ерікті және саналы таңдауының нәтижесі болып табылатын меншік өкілеттілігінің айырбасы және оны қорғау туралы келісім.
Осы аныктамадағы институционалды шектемелер келісімдерді бекітудегі шешуші шарттардыц бірі — оларды орындауға мәжбүрлеу механизмінің болатынын байқатады. Трансакция барысында туындайтын конфликт жағдайларының шешілуі дел осы мәжбүрлеу және сәйкесінше контрактінің кепілдік механизмін таңдауға тәуелді. Аталған өлшемдер (критерийлер) контракт типтері жіктемесінің негізін қүрайды. Институционалды экономикада контрактінің классикальщ, неоклассикалық және қарым — қатынастық (имплицитті) типтері ажыратылады.
Классикальщ контрактіде карым — катынастың барлык шарттары толық және айқын анықталады. Толық контракт жағдайындағы контрактілік қарым -қатынастың бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, контрагентгердің жеке қасиеттері маңызды емес, контракт шарттарын анықтауға әсер етпейді, кез келген басқа индивид кез келген уақытта контрагент бола алады. Сондыктан, бүл контракт негізінен стандарттауға ұмтылады, жазылған шартгар ауызша уәделерден артық. Екіншіден, контрактілік қарым — катьшас ең алдымен заңи нормалар мен формальды қүжаттарға, ережелерге негізделеді. Үшіншіден, контрактіні жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін конфликттерді шешу қүралдары дәл көрсетіледі, сот арқылы және контракт шартгары бүзылған жағдайда бүл контракт өздігінен, жедел жойылады. Сонымен, классикалық контракт толық контрактіге жатады, конфликт жағдайында контракт бүзылады және оның кепілі мемлекет болып табылады.
Неоклассикалъщ контрактация моделі негізінен орта және үзақ мерзімді келіссөздерді жасауда қолданылады және толық емес контрактіге жатады, өйткені болашақта орын алуы мүмкін барлық жағдайларды контрактінің шарты ретінде қарастьфып, көрсету қиын. Бүл контрактінің толық емес сипаты белгісіздіктің салдары болып табылады. Сондықтан, контрагенттер конфликт жағдайында сотқа емес, үшінші тараща, яғни арбитраж немесе үштік соттың кемегіне жүгінеді. Бүл контрагенттер арасындағы үздіксіз қарым — қатынасты сақтау кажеттігінен туындайды. Үшінші тарапқа сенім осы контрактіні бекітудегі маңызды шарттардың бірі болып саналады. Сонымен, неоклассикалық контракт толық емес, конфликт жағдайында мәміле аяқталғанға дейін тараптар қарым-қатынасының үздіксіздігін білдіреді және үшінші тарап контрактінің кепілі болып табылады.
Қарым — қатынастқц контракт ұзақ мерзімді, контрактіыің күрделілігі, өзара тиімді жағдайларда қалыптасады жөне толық емес контракт ретінде сипатгалады. Контрагентгердің бір біріне экономикалық тәуелділігі және қарым — катынасты сақтауға, жалғастыруға өзара мүдделігі осы контракттіге тән белгілер болып табылады. Партнерларды ауыстыру қиын, сондықтан қарым — қатынас үздіксіз, бейформальды нормалар формальды ережелерге қарағанда басымырақ. Кей жағдайларда келісім арнайы ресми қүжат түрінде бекітілмеуі де мүмкін, яғни, контракт шарттары айқын емес (имплицитгі). Контрагенттердің жеке қасиеттерінің маңыздылығы, бір біріне сенімдері жоғары, сондықтан, конфликттер сот немесе үшінші тарап арқылы емес, бейформальды келіссездер, екі жақты ауызша келісімдер арқылы шешіледі. Демек, қарым — қатынастык контракт толық емес, қатысушылардың үзақ мерзімді бірлескен іс-әрекеттерін білдіреді, контрагенттердің біреуі немесе екеуі бірдей контрактінің кепілі болады.
Контрагенттердің контракт типтерін таңдауы жүргізілетін трансакция сипатгамаларына тәуелді. Трансакцияның бірінші сипаттамасы — белгісіздік децгейі. Осыған байланысты, біріншіден, белгісіздіктің негізгі көзін (себептерін), екіншіден, оньщ болжамдану мүмкіндігін, яғни күтілетін нәтижелердің орындалу ықтималдылығын аньщтау кажет. Себебі, күтпеген жағдайлардың орын алуы контрагентгер мінез-қүлқының өзгеруіне, оппортунизмге әкелуі мүмкін.
Трансакцияның екінші сипаттамасы — келісімнің нысаны болып табылатын активтердіц немесе контрактіні орындау барысында қолданылатын ресурстардыц ерекшелілік дәрежесі. Ерекше активтердің алты түрі белгілі: 1. орналасуы бойынша (табиғи ресурстар, геосаяси артықшылықтар); 2. технологиялық ерекшелілік (арнайы компонент өндірісін инвестициялау); 3. адам капиталының ерекшелілігі; 4. сауда маркалары (тауар белгілері); 5. өндірістік инфрақүрылымды инвестициялау ерекшелілігі; 6. активтердің уақыт бойынша ерекшелілігі (арнайы ресурсқа қажеттілік тек белігі бір уақыт мерзімінде ғана болады). Активтердің ерекшелілігі бопсалау немесе моральды тәуекел формасында көрінетін контрактіден кейінгі оппортунизмнін орын алуына әкеледі. Бүл контрактілік қарым — қатынастың күрделелілік дәрежесінің және контрагенттердің өзара тәуелділігінің артуына, осы арқылы контрактінің үзақ мерзімге созылуына жағдай жасайды.
Трансаьсцияның үшінші сипатгамасы оның жиілігі болып табылады. Келісімдер жиілігінін үш деңгейін ажыратуға болады: бір мезгілдік, кездейсоқ және қайталанбалы. Трансакциялардың қайталануы маңызды, себебі бүл жағдайда жағымды масштаб әсері орын алады.
Контрактілі қатынастардың тиімділігін артгырудың бір елшемі ретінде трансакционды шығындарды барынша азайту мақсатында әрбір трансакцияға сәйкес басқару күрылымы қолданылады. О. Уильямсон контрактілі қатынастарды басқарудың терт түрлі қүрылымын қарастырады: рыноктык, үш жақты, екі жақты және бір жакты.
Классикалық контрактіні жүзеге асыруда рыноктық басқару тиімдірек. Себебі, бүл контрактінің типінде ерекше активке қаржы салынбайды, яғни «тансакция тек жалпы активке непзделеді және оппортунизм орын алған жағдайда карым-қатынас жедел бұзылады немесе заң жүзінде санкциялар қолданылады.
Үшжаңты басцару ерекше активті қолданумен байланысты, бір мезгілдік сипаттағы трансакцияларды жүзеге асыруда қажет. Ерекше актив өз кезегінде қарым — қатынастың үздіксіздігін сақтауға ынталандырады. Сондыктан, оппортунистік мінез-кұлыктың алдын алудың басқа балама жолдары қарастырылады. Оның үстіне үзақ мерзімді, күрделі сипаттағы контрактіні бекітуде оппортунизм қаупін күшейтеді. Демек, сот арқылы конфликтіні шешу маңызды қарым-қатынастьщ бүзылуына әкелуі мүмкін, сол себепті тараптар үшінші жақтың қызметіне жүгінеді. Аталған жағдай неоклассикалық контрактілік күкықка тән.
Ерекше активтерді инвестициялау қажеттігі жоғары, үнемі қайталанушы трансакцияларға негізделетін қарым-қатынастык контрактіде екіжақты және біржаідпы (унитарлы, бірлескен) бақару тиімдірек. Екіжақты басқаруда тараптардың дербестігі сақталады, бір жақты басқаруда трансакциялар рыноктық сигналдар арлылы емес, фирма ішінде әкімшілік шешімдер негізінде жүзеге асады. Бір тарап ресурсты пайдалану күқығьш, болашақтағы өзінін іс-әрекеттерін таңдау күкығын келесі тарапқа белгілі бір шарттар негізінде ерікті түрде өткізеді. Контрактіге қатысушы бір тарап кепілденген табысты ала отыра тәуекелден бас тартады, ол тәуекелге ңарсы түлға, ал қүқыктарға ие болған тарап бептарап тұлға ретінде қарастырылады. Бүл контракт жалдану контрактісі деп аталады. Екіжақты басқаруда сату контракты жүзеге асады. Сату контраюпісі — тәуекелге бірдей денгейде бейтарап түлғалар арасындағы және контрактіні орьшдау барысында жүзеге асырылатын міндеттерді анықтайтын келісім. Қатысушылардың пайдалалылықтары көрсетілген міндетгердің орындалуына тікелей тәуелді.