Қонақ үй клиенттерін орналастыруды және оларға қызмет көрсетуді жақсарту жолдары дипломдық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе

І Қонақ үй шаруышылығы кәсіпорындарында қонақтарға қызмет көрсету саласының даму келешегі
1.1 Қазақстандағы қонақ үй шаруашылық кәсіпорындары және оның диференциациялық функциясы мен құрылымы
1.2 Қазақстандағы Республикасындағы қызмет көрсету саласы аясындағы проблемалар

ІІ «Достық» АҚ қонақ үйінің шаруашылық қызметінің жағдайына талдау жасау
2.1«Достық» қонақ үйіне жалпы сипаттама
2.2«Достық» қонақ үйінің қаржылық жағдайына талдау жасау

ІІІ Қонақ үй клиенттеріне қызмет көрсетуді жетілдіру жолдары және қонақ үй шаруашылығы қызметін дамыту
3.1Қазақстандағы қонақ үй қызметінің даму келешегі
3.2 «Достық» қонақ үйінде қонақтарға қызмет көрсету түрлерін дамыту

Қорытынды
Қосымша
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттелініп отырған тақырыптың өзектілігі: Елімізде соңғы бес жылда қонақ үй бизнесі қарқынды дамып келеді. Аса ірі қалаларымыздағы жеке кіші отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер қайта жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрсету сапасы бәрі бірдей жоғары деуге әлі ерте. Сондықтан да көптеген мейманханаларымыз батыс пен шығыс елдеріндегі беделді бәсекелестерінің қатарынан көріне алмай тұр. Себеп, республикамыздағы қонақ үйлердің басым бөлігі – арнайы категорияға ие емес. Мәселен; Қазақстандық қонақ үй нарығын төмендегіше топтастыруға болады: Бес отель «5 жұлдызды», жиырма үші «4 жұлдызды» категория қатарына тіркелсе, «3 жұлдызды» қонақ үйге елу нысан қатысты. Қалған қонақ үй қорлары — арзан сегменттегілер. Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем жоқ. Ал Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы санаулы мейманханалар ғана қонақтарына комфортты жағдай жасауға қабілетті.  Бір жағынан алғанда, шетелдік батыстық бәсекелес кәсіпорындар желісінің ықпалымен ірі қалалардағы қонақ үй саласының дамуы жоғары деңгейде деп сипатталады. Екінші жағынан, сырттан келетін туристерге қолайлы кейбір аймақтардағы қонақ үй индустриясын жетілдіру жағы мардымсыз. Осымен байланысты орталық қалалардағы, экскурсанттарға ыңғайлы өңірлердегі Отандық қонақ үй желісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасы туындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мұндай кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі маркетингтік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылатын қызмет сапасын ұдайы көтеруге негізделеді. Бұл өз кезегінде қонақ үй кәсіпорнының ғаламдық жүйеге енуіне жол ашып, тұтынушылар талабына толық жауап береді. Жалпы алғанда басқару жүйесіне TQM (басқарудың жаппай сапалылығы) енгізе отырып, тауарлар мен қызмет көрсету сапасының теориясын қолдану қажет. Бүгінгі қонақ үй тәжірибесінде стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ұсынымдарына (ISO) сәйкес тауарлардың, қызмет сапасының сертификациясы мен процесстерін маркетингтік қызмет сапасымен үйлестіру жағы кемшін. Ал қонақ үй шаруашылығында ұсынылатын қызметтер кешенін басқару мейманхананың маркетингтік іс-әрекетіне сүйенеді. Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру қазақстандық мейманханалардың бірегей корпоративтік жүйесі құрылған жағдайда тиімді жүзеге асатыны анық. Аталған фактілер — диплом жұмысының көкейкестілігіне куә.

 Мәселенің қазіргі жағдайын бағалау:

Написать современное состояние обслуживания в гостиницах, какие проблемы есть на рынке услуг

 Зерттеу тақырыбының әзірленуі:

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен «Достық» қонақ үйі жайлы материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Қонақ үй қызметін ұйымдастыру формаларының бірқатар басымдықтары ел экономикасының қонақ үй секторына қолдануға жарамды. Қазақстандық, сондай-ақ шетелдік клиенттерді туристік нысандар мен еліміздің кәсіпорындарына тарту Отандық мейманжайлылықты әрі қарай дамыта түсуге мүмкіндік береді. Осы жағдайда қазақстандық туристік өнімдердің халықаралық рыноктағы бәсекеге қабілеттілігі жөнінде айту орынды. Алайда, аталған секторды ілгерілету сәл қиынға соғып тұр. Оған кедергі болған – ұйымдастырушылық, құқықтық және экономикалық сипаттағы мәселелер. Оның негізгісіне жататындар — қызмет көрсету сапасының төмендігі, тиімсіз менеджмент, баға шығыны, өнімі мен қызметін өткізуге шорқақтық. Туризмді дамыту арқылы қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың батыстық тәжірибесіне бейімделе отырып, келтірілген проблемалардан айығуға болады. Қазақстандағы қонақ үй қызметі шетелдік мейманханалар тізбегінің ықпалымен дамып келетінін ескерсек, кіші-гірім елді-мекендердегі қызмет сапасын басқару стратегиясы ойдағыдай орындалмай отыр. Қызмет индустриясы — бір-біріне жанасып жатқан сала. Сондықтан да ұсынылатын қызмет сапасы алдымен сол ұйымның қызметкеріне тәуелді. Яғни, мұндағы ішкі және сыртқы маркетингтің ролі басым.

Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:

Қонақ үй қызметі шаруашылығын заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының жоғары табысты секторына айналдыру, Қазақстан мейманханаларының имиджін тартымды туробъекті ретінде қалыптастыру.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

— қонақ үй шаруашылығын ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;

—  қонақ үй шаруашылығын дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі ережелерді әзірлеу;

— Отандық қонақ үйлердің қазіргі жағдайына баға беру;

— «Достық»  қонақ үйінің қаржылық жағдаятына талдау жүргізу;

— осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету;

— қонақ үйлік сервис сапасын белгiленген талаптарға сәйкес арттыру.

    Зерттеу нысаны:

Көкшетау қаласындағы «Достық» қонақ үйі.

    Зерттеу пәні:

Зерттеу нысаны болып қазіргі экономикалық жағдайда қазақстандық қонақ үй – мейрамханалық кешені қызметін ұйымдастыру танылды.

Ғылыми-зерттеу жұмысының  теориялық және әдістемелік негіздері:

Жалпы зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары алынды.

Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық, экономикалық-математикалық, болжамдау және монографиялық әдістерді қолдану көмегімен алынды.

Зерттеудің негізгі әдістері:

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мынада:

Қонақ үй шаруашылығы қызметін ұйымдастыру бойынша берілген ұсыныстар жұмыстың ғылыми жаңалығын қамтиды. Осы реттегі қол жеткізілген жаңалықтар:

—         мейманхана секторын ілгерілетудің алғышарттары анықталды;

—         теориялық сараптама негізінде қазақстандық қонақ үй саясатының ерекшеліктері талданып, қорытылды;

—         қонақ үй қызметін жетілдіру алға тартылып, оның даму перспективасына болжам жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:  

Қонақ үй шаруашылығының әлеуетін қалыптастыру жолында оның экономикалық механизмін жетілдіру үшін осы диплом жұмысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен ұсыныстар арқылы айқындалады. Зерттеу материалын қонақ үй шаруашылығы саласында, өндіріс пен қызмет көрсету орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы жобаларды жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы): 

Зерттеу жұмысы қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып, әзірленді. Материалдардың теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді тәсілдердің пайдаланылуымен, ұсынылып отырған пайымдардың тиімділігімен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеруге және практикаға енгізуге болады. .

  Дипломдық жұмыс / 50 бет