«Беккер және К» ЖШС жалпы шаруашылық қызметін, соның ішінде қаржылық, өндірістік және маркетингтік қызметтеріне тоқтала отырып, бірнеше ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын ұсынуға болады.
«Беккер және К» ЖШС даму жолындағы негізгі мақсаты қызметінің жалпы табыстылық деңгейі мен тиімділігін арттыру. Бұл мақсаттарға жету үшін комбинатта келесідей даму бағыттары қарастырылуы қажет:
1) Қазіргі кезде өндіріліп отырған өнім көлемін арттыру мақсатында өндірістік кешеннің максималды сауаттылығын іске қосу. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндіріс сауаттылығы толығымен жұмылдырылмаған, яғни кәсіпорын өнімді тапсырыс бойынша ғана шығарып, өз тұтынушыларын жоғалтып алуда.
2) Сақтау мерзімін ұзартып, профильді қораптағы өнімдерді өндірудің жаңа әдісін ұйымдастыру;
3) Шығындарды төмендету;
4) Негізгі өндіріс пен коммерциялық және көтерме сауда департаментінің мүмкіндіктерін қосымша табыс табу мақсатында максималды пайдалану;
5) Өндірілген өнім көлемін арттыру,
Жалпы кәсіпорын табыстылығын арттыру үшін келесідей іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет.
- Ең бастысы компанияның клиенттерге бағытталуы керек. «Беккер және К»ЖШС келісім-шартпен жұмыс істейтін әр бір дүкен, әр бір сауда кәсіпорындарының басқа компаниялармен жұмыс істейтін әмбебап және кішігірім дүкендеріне қарағанда нарықтық артықшылықтарға ие болуы қажет. Осы тұрғыда кәсіпорын жүргізетін саясат клиенттермен дұрыс қарым-қатынаста ұстау болып табылады.
- Бағасы тиімді, ал сапасы ұзақ мерзімге жарамды әрі кең ассортиментті өнім өндіру арқылы. Бұл саясат арқылы кәсіпорынға деген тұтынушы қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ сату көлемі мен олардың географиясын кеңейту арқылы пайданы көбейту.
- Шығарылған өнім сапасын тұрақты түрде және қатал тексеріп отыру қажет. Шикізат сапасынан бастап, дайын өнім сапасына дейінгі кезеңдегі сапаны тұрақты бақылап отыру.
- Шығындарды төмендету арқылы өндіріс тиімділігін арттыру. Шығындарды төмендету жұмыстар тұрақты сипатта болып, өндіріс процесінің барлық бөлімшелерін қамтуы қажет және де мұнда үнемділікті де ұмытпауымыз қажет.
5. Жоғары класты инфрақұрылым. Тиімді қөұрылымнан тасымалдау автокөліктері, жіктеу технологиясының бір сарындалағы мен ақпарат құрылымдарының қазіргі заманға сай компьютерленуі. Дұрыс, әрі тиімді құрылған инфрақұрылымсыз болашақта тұрақты жұмыс істеу мүмкін емес.
6. Нарық жағдайының өзгермелілеріне тұрақты бейімделу.
7. Кез-келген шешімдердің кешенді тәсілмен шешілуі.
Жоғарыда көрсетілген тезистер арқылы компания табыстылығын арттыруға мүмкіндік бар.
Негізгі мақсат — кәсіпорын табысын көтеру. Оған жетуге, біріншіден, өнімді өткізу көлемін арқылы, екіншіден шығындарды төмендету арқылы табысты көбейту. Осы негізде өнімді өткізуді қолда бар тауар ассортиментін, өндіріс қуаттылығын толықтай іске қосу арқылы жүзеге асыруға болады. Нан және нан өнімдері нарығындағы бәсекеқабілеттілілікті арттыру үшін келесідей параметрлерді қарастыруымыз қажет:
− өнім сапасы мен тұтынушылық қасиеті.«Беккер және К»ЖШС бұл параметрлер бойынша ең жақсы көрсеткіштерге ие.
− қолайлы бағалар. Компания шығындарды төмендетумен үнемі жұмыс істейтіндіктен баға-сапа қатынастарын ұстап тұрады.
− Жеткізудің қолайлы уақыты. Дүкендерге өнімді жылдам және сапалы жеткізуді ұйымдастыру.
Маркетинг қызметін, соның ішінде тауар саясатын зерттеу барысында және жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде бірнеше жетілдіру шаралары ұсынылды.
Кәсіпорын үшін аса өзекті мәселе тауардың бағасын төмендету оның сыртқы тартымдылығын (дизайн) жоғарылату, кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтап алып, фирманың күшті жақтарына сүйене отырып, маркетингтік стратегия дайындау. Бұл стратегия кәсіпорынның әлсіз жақтарын жоюға бағытталады.
Осы мақсаттқа жету үшін фирмада нақты құрылған маркетинг жоспары болуы керек. Маркетингтік жоспарсыз кәсіпорын нарықта алға жылжи алмайды. Сондықтан «Беккер және К» ЖШС -нің комплексті маркетинг жоспары жоқ болғандықтан келесі құрылымдағы маркетинг жоспарын ұсынамын .
Маркетингтік стратегияны таңдау тауар нарықта пайда болған кезден бастап, тұтынушыға жетуіне дейінгі уақытты қамтуы керек. Кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы жалпы стратегиямен тығыз байланысты. Стратегия қойылған мақсаттар мен нарықтың болашақта дамуын болжау негізінде дайындалады. Фирманың маркетингтік стратегиясының басты бағыттары келесілер болуы мүмкін: сегменттеу стратегиясы, диверсификациялау стратегиясы.
Сегменттеу стратегиясы – нарық сұранысының максималді тереңдігін таңдау.
Диверсификация стратегиясы жаңа тауарлар өндірісін игеру.
Әрбір өндіруші кәсіпорынның алдына қойған мақсаты өнімнің, атқарған қызметтің жемісін көру, яғни бір көзделген нәтижеге жету.
Тауар саясатында тауар ассортименті, ТӨЦ-нің саясаты сияқты тауардың сапасы да үлкен рөл атқарады. Өнім сапасын арттыру мақсатында да Жапондық маркетинг әдісін қолдану тиімді. Сол әдістердің бірі «Кайзен» әдісі басқару процесін үздіксіз жетілдіру болып саналады. «Кайзен» концепциясы арқылы тұтынушыларға бағытталу сапаны тоталды бақылау, ақаудың болмауы, «дәл уақытында» элементтері арқылы тауар саясатындағы барлық мәселелерді шешуге болады.
Компания клиенттері өнімнің жоғары сапасы ең қолайлы бағасын пайдалану арқылы тұтынушыларды өзіне тарта отырып, басқа өнімдерді сату арқылы пайда табады.
Жоғары бәсеке жағдайында тауар белгісі мен қораптама да үлкен рөл атқарады. Бұл тұтынушы өз талғамын көбінесе өнімнің сыртқы түріне қарай бұратынымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде тұтынушы талғамы нан түрлерінің барлық түрін қораптамада алғысы келеді.
Тауар ассортиментін кеңейтудің перспективасы мол. Болашақта диабетикалық, емдік-диеталық нандарды шығару да тауар ассортиментін кеңейтуге өз үлесін қосады.
Кәсіпорынның маркетинг қызметіндегі тауар саясатында қарастырылмай қалған тағы бір проблема ол жаңа тауарлар шығаруды жоспарлау. Нан өнімдері бойынша тұтынушылар талғамы, нарық талабына сай емдік-диеталық қасиеттегі нандарды шығаруды жоспарлау қажет. Мысалы, 2003 жылдың қараша айынан бастап өндірілетін «Баварский» наны емдік-диеталық сипатта болғандықтан және де тиімді жарнама жұмыстар нәтижесінде өз тұтынушыларын тез тапты. Қазір бұл нан Алматы қаласында ең танымал әрі жоғары табысты отбасылардың басты сұраныстағы нан болып есептеледі.
«Беккер және К» ЖШС стратегиялық маркетингтін жоспарлау екі бағытта жүреді:
- Тауардың бәсекеқабілеттілік артықшылықтарын жақсарту стратегиясын жүргізу;
- Серіктестіктермен өткізу құрылымы мен өткізу қатынастарын жақсартуды жетілдіру бойынша бағдарламалар жүргізу.
Компания табыстылығын арттыру мақсатында келесідей бағдарламалар ұсынылады:
Тауарлар.Сату мен пайдалылық потенциалын өткізу мақсатында комбинаттың ең жоғарғы пайда беретін тауарларды қарастыру:
— нан және тоқаш өнімдерінің локалді жергілікті нарықтың үлесін бекіту және қамту;
— компания өнімдірі арқылы тауар маркасын жылжыту;
— «Беккер және К» яғни – сапалы ұғымын тұтынушы санасында қалыптастыру;
Қазіргі таңда кәсіпорындағы өнім сапасын басқарудың халықаралық тәжірибеде көрсетілген 9000-сериалы ИСО халықаралық стандарты кең таралуда. Бұл стандартта көрсетілген құжаттарға сай өнім сапасы саласындағы саясат, яғни, өнім сапсын қамтамасыз ететін, жақсартатын және оны басқаратын тікелей сапа жүйесі көрсетіледі.
Сапа саласындағы саясат кәсіпорын қызметінің қағидасы түрінде немесе ұзақ мерзімді қағида ретінде қалыптасуы мүмкін. Оларға жататындар:
— кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
— өткізу нарығын кеңейту және жаңа нарықты жаулап алу;
— алдыңғы сатылы кәсіпорындар мен фирманың деңгейін көтеретін өнімнің технологиялық жетістігіне жету;
— белгілі бір салалар мен аймақтардағы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау;
— жаңа қағидалар бойынша өткізілетін функционалдық мүмкіндіктермен өнімнің бейімделуі;
— өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жасарту;
— өндірілген өнімнің ақаулық деңгейін төмендету ;
— өнімді сақтау мерзімінің кепілдігін ұзарту;
— қызмет көрсетуді дамыту;
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында елімізді әлемдік елу бәсекеқабілетті елдердің қатарына енгізуіміз керектігін ұсынды. Ол үшін әрине, біз әлемдік нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын сапалы тауарлар шығаруымыз керек, біздің кәсіпорындарымыз әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеуі қажет.
Компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұсыныстар. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуы Отандық және шет елдік тауар өндірушілерінің бәсекелік күресі қатаңдалумен қатар жүреді. Осындай жағдайда кәсіпорынның басшылары нарықтың өзгермелі жағдайын есепке ала отырып, шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін көтерудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр болады.
Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығы оның өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өзіндік және қарызға алынған ресурстарды тиімді пайдалануымен анықталады. Осылайша, қаржылық артылықшылықтарды қалыптастырумен жүзеге асыру негізінде ғана бәсекелік орны жақсарады немесе сақталады. Кәсіпорынның қызметінің сәттілігінің шарты нарықтық бәсекеде табандық көрсете алатын өндіріс пен тауар өтімділігі болып табылады.
Нан өнімдерінің, ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі нарықта ұсынылған ұқсас өнімдермен салыстырғанда потенциальді тұтынушы үшін тартымдылық дәрежесін білдіреді және сапа, өнім бағасы мен өндіруші имиджі сияқты артықшылықтармен анықталады.
Егер тұрақты нарықтық артықшылығын құруға мүмкіндік беретін оның потенциалын жүзеге асыратын болса, онда ол бәсекеге қабілетті бола алады. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның сәтті қызмет етуі оның нарықтық тұрақтылығының артуын қамтамасыз етеді. Ал оның қызметінің ұзақ мерзімді максималды тиімділігін сақтауы оның потенциалының сәтті өтімділігін куәләндырады. Бірақ, нарықты және бәсекелік ортаны қолайлы деп есептеуге болады, егер ешбір кәсіпорын басқа шаруашылық субъектілеріне нарыққа енуіне кедергі келтірмесе, яғни, бәсекенің дамуын шектеп қоймаса.
Шұжық өнімдерін өндірушілері үздіксіз тәуекелділікпен байланысты жағдайда жұмыс жасауға мәжбүр. Бір жағынан қарағанда, шұжық өнімдері мен ет деликатестер нарығы ет шикізаттар ұсынысына тәуелді. Ал басқа жағынан қарағанда, тез бұзылатын өнім сияқты ет өнімдерінің ерекшелігі тұтыну жағдайында оның өтімділігіне белгілі із қалдырады. Ет өнімдерін өткізу оған жататын аймақтар мен өндіріс орнымен территориялы шектеулі.
Қазақстандағы ет тұтынуының жалпы құрылымында шұжық сонымен қоса деликатестік өнімдерінің үлесін 30 % құрайды. Оның 23 % -ы піскен шұжықты тұтынуға келеді және 15 % -ы жіңішке шұжық және сарделкаларды тұтынуға келеді. Ет деликатестерін тұтынуға 20-25 % келеді. Осылайша , халықтың табысы өскен сайын ет деликатестеріне сұраныс көбейе түсуде.
Тұтынушылардың талғамдары уақыт ағымына байланысты таңдамалы болуда және оларды жақын аралықта ғана емес сонымен қатар болашақта да есепке алу керек.
Ет деликатестер нарығында тиімді бәсекелес болуы үшін өндірушіге нарық ерекшеліктерін есепке алу қажет:
— Нарық қанықты. Ойын ережелері қатаң бәсекемен белгіленген. Оның көмегімен ассортимент, сапа мен баға саясаты анықталады.
— Брендинг даму сатысында тұр. Бірақ кәсіпорынның дамуы бойынша брендті қалыптастыруға байланысты іс-әрекеттерінің көбісі стихиялы түрде өтуде. Сату нүктелеріндегі шұжық өнімдерінің көптігі өндірушіні жоғары сапалы брендтелген өнім шығаруға, жаңа орын іздеу мен инновациялық өнімді құруға ынталандырады.
Тұтынушылардың өнімге қоятын басты талаптарының бірі – сапаның тұрақтылығы.
«Беккер және К» компаниясы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамассыз ету үшін өз өнімдерінің безендірілуіне көп көңіл бөледі. Кәсіпорында даму үшін технологиялық процестер енгізілген:
— жартылай фабрикаттарды және шұжық өнімдерін полиамидті пленкалы вакуумдық орамын қолдану. Ол микроорганизмдердің өсуіне кедергі жасайды, қажетті микрофлораны сақтайды, қолдану мерзімін арттырады және өнімнің алғашқы құндылығын сақтайды;
— жоғары деңгейлі дайын жартылай фабрикат өнімдерінің кең ассортиментін өндіру, олар тек қана жылытуды қажет етеді, 30 тәулік жарамдылығы бар мұзды түрінде шығарылады;
— жаңа түрдегі бесқабатты полиамидті орамды шұжық өнімдерін шығару, ол қолдану мерзімін айтарлықтай көбейте түсірді.
«Беккер және К» ЖШС қазақстандық нарықта жақсы белгілі компания. Компания өз тұтынушыларын ақпараттандыру үшін баспа сөзді, промо-акцияларды, демеушілікті қолданады. Компанияның сапа туралы шешімдері менеджментті жүйелі қолдануымен, жаңа технологияларды енгізу; персоналды үздіксіз оқыту, моральды-психологиялық климатты құру негізінде қамтамазсыз етіледі.