Қазақ-түрік мәдени байланыстарының ең пәрменді түрі кинематография саласындағы жұмыстардан айқын көрінеді. Кинематография XX ғасыр туындысы екені мәлім. Қазіргі бұл саладағы техникалық мүмкіндіктер халықтарды бір-бірімен таныстыруда, олардың мәдениетінін озык үлгілерін көрсетуде, жеке тұлғалар шығармашылығын жеткізуде теңдесі жоқ құрал екені рас. Көп адамдарды апармай-ақ, басқа елге дайын киноленталар арқылы бүтін-дей бір елдің тарихын, тұрмыс-тіршілігін, өмірлік аясын, дүниетанымдық ішкі әлемін бейнелі түрде жеткізуге болады. Сондықтан қазақ-түрік қарым-қатынас-тарында осы мүмкіндіктер де кеңінен пайдаланылып келе жатқанын атап көрсеткен жөн. Бұған ен алдымен теледидардың да септігі тиіп отыр. Кинотеатрларға бармай-ақ, үйде көгілдір экран арқылы әртүрлі қызықты көріністерді, бейнелерді тамашалап қана қоймай, екі елдің тарихына, күнделікті өмірше байланысты көркем, деректі және публицистикалық бейне шығармалар-ды да тікелей көруге болады.
Сөйтіп, кинематография саласында да түрік-қазақ қатынастарының едәуір дамығанын байқауға болады. Екі ел арасында хроникалық-деректі және көркем фильмдер алмасу жемісті жүргізілуде.
Мұның бір көрінісі ретінде түрік көркем фильмі «Чалыкушу» («Әнші құс») 2000 жылы «ОРТ-Қазақстан» каналында 2 рет, «Тан» каналында 2 рет, «31-каналда» 1 рет көрсетілгенін атауға болады. Бұдан басқа КТК каналында «Жумхуриет» фильмі көрсетілсе, «Хабар» каналында «Бисиклет» («Велосипед») және «Түрік каганын васиеті» («Түрік каганының өсиеті») атты фильмдер өз көрермендерімен қауышты. Бұл көрсетулер Қазақстандағы қалың көрермен
қауымының қазіргі түрік Кинематографиясымен танысуына мүмкіндік туғызуда.
Қазақстан мен Түркияның кино өнері саласындағы байланыстары 1993 жылы басталды. Дәлірек айтсақ, бұл қатынастар түрік режиссері М.Әли Өзполаттың 1993 жылы Ордабасыдағы құрылтайға және сол кезде түсіріліп жатқан «Қожа Ахмет Ясауи» фильмін «Арман» киностудиясымен бірігіп шығаруға шақырылған кезде басталған болатын. Ал 1994 жылы қаңтар айында қазақ кинодокумен-талистері оператор А.Сүлеев пен режиссер Ә.Сүлеева Түркияға сонда тұратын қазақтар туралы фильм түсіруге барды.
1994 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында ТР Мәдениет министрлігі ТИКА-мен бірлесе отырып, «Еуразия кино күндерін» өткізді. Бұл форумға Қазакстаннан Серік Жұбандықов, Сламбек Тәуекелов, Раиса Мұхамедиярова «Айдай сұлу Айсұлу туралы ертегі» және «Батыр Баян» фильмдерін ұсынды.
1996 жылы 15-24 наурыз аралығында өткен Анкара халықаралық кинофести-валіне Қазақстаннан режиссер Д.Манабаев пен әртіс Ж.ЬІсқақов барды. Түрік астанасының кинотеатрларында Д.Манабаевтың «Өлім періштесі» фильмі көрсетілді.
Қазақ фильмдерінің мүндай халықаралық форумға қатынасуы, әрине, бірінші рет емес. Бірақ Азия халықтарының кино өнеріңе арналған мұндай халықаралық дәрежедегі жиындар әр елдің осы саладағы қол жеткізген табыстарын, фильм мазмұвы бойынша режиссерлік шешімдерін, өр фильмнің белгілі бір адами-гуманистік мәселені дәріптеудегі позициясын айқындайтыны белгілі. Бұл тұрғыда қазақ кинематографистері де өз шығармаларын ұсынуы қолдау тапты. Өтпелі дәуір кезеңіндегі қазақ киносынын қазіргі экономикалық жағдайға бейімделе өмір сүруінің қиындықтарына қарамастан осы саладағы жұмыстар бар екендігін көрсеткен бұл шығармалар түрік қоғамының қолдауына ие болды. Бұл қазақ-түрік кинематографистерінің байланысын тұрақты негізге көешіруге себеп болды.
Осының нәтижесінде 1996 ж. 19-26 мамыр аралығында Қазақстанда түрік киносының апталығы өткізіліп, қазақстандық көрермендерге қазіргі Түркия фильмдері ұсынылды.
1998 жылы 21-28 қарашада Стамбұлда I Түркі киносынын күндері болып өтті. Бұған Қазакстанмен қатар барлық түркі елдерінен өкілдер қатысты. С. Абдулбақиев, А.Сүлеев, А.Қашағанова, А.Әмреқұлов, Т. Жамашговтардан құралған Қазақстан делегациясы «Жамбылдың жастық шағы», «Абай», «Тауқы-мет», «Атамекен», «Пленер» фильмдерін алып барды. Бұл фестивальға құрметті қонақ ретінде Олжас Сүлейменов шақырылды.
2000 жылы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Стамбұлда деректі фильмдер мен дерекшілердің халықаралық фестивалі өткізіліп, Қазақстан жағынан «ҚР Президентінің телерадиокешен» мемлекеттік мекемесі ұсынған бірқатар ленталар көрерменге таныстырылды. Олар: «Республикамен құрдас» (50 мин.), режиссері С.Әзімов; «Жанасу» (45 мин), режиссері Р.Әлпиев; «Толған ай» триптихі (41 мин.), режиссері Б.Қайырбеков; «Жыл мезгілдері» роликтері (8 мин.), режиссері А.Банышев; «Жол бойындағы үй» (26 мин.), режиссері С. Русаков, С.Әзімов деректі фильмдері фестиваль шенберінде өткен еді. Конфе-ренцияда ҚР Президенттік телерадиокешенінің директоры С.Әзімов және Б.Қайырбеков, Р.Әлпиев сияқты режиссерлер баяндама жасады. ТР сыртқы істер министрлігінің өкімімен және қазакстандықк көрермендерді түрік кинематогра-фиясының туындыларымен таныстыру мақсатында Түркия Елшшігі жүйелі түрде «Қазақстандағы түрік киносынын күндерін» өткізіп тұрады. Сөйтіп 2000 жылы 28-30 сәуір аралығында Кино үйінде «Түрік киносының күндері» рәсімі көлемінде 5 көркем фильм туындылары көрсетілді.
2000 жылы 8-17 мамырда Қазақстандағы Еуропа одағы өкілінің ұйымдастырған Еуропа киносының апталығында да 2 түрік фильмі «Мауі кигёип» (Көгілдір кудалау), (Кедей тасы) көрсетілген болатын.
2000 жылы желтоқсанда «Хабар» және «Хабар-2» телеарналарында «Әлем қазақтары» бағдарламасы жарияланған болатын. Түркиядағы қазақтар туралы материалдар әзірлеу мақсатында Түркияның қазақтар шоғырланған Измир және Стамбұл қалаларына 2 документалист жіберілген еді. Олар өз міндетін орындап, деректі фильм түсірді.
2000 жылы Қазакстандағы ТР Елшілігінін жәрдемімен ТР Президенті туралы 50 минуттық деректі фильм түсіру үшін Түркияға 5 кісіден тұратын түсіруші топ жіберілді. Бұл фильм-бағдарлама да 2000 жылы қазан айында «Хабар» арнасында көрсетілді.
2001 жылы 26-30 қаңтарда Стамбұлда кинематографтар кездесуі- «Түркі әлемінін кино күндері» өтіп, онда Солтүстік Кинр. Әзірбайжан, Орта Азия мен Қазакстан кинематографистерінің фильмдері көрсетілді. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты өзара қарым-қатынасты жолға қойып нығайту, ынтымактастық-ты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Кинематография саласында түрік киностудиясының бай тәжірибесін ескере отырып, қатынастарды түрлендіру, киноапталыктармен алмасу тематикалық көрсетулермен алмасу, біріккен шығармашылықпен кино көрсету әбден қажет.
Жоғарыда айтылғандармен қатар соңғы он жыл ішінде кино саласындағы қазақ-түрік байланыстары екі жақтың да өнер қайраткерлері жасаған фильмдер-ді көрсету, талқылау, пікір алмасу түрлерімен де байыды. Бұл кәсіби саладағы заңды нәрсе. Қазақ режиссерлерінің «Ине» («Игла», режиссері А.Нұғыманов) және басқа да бүгінгі күннің өткір проблемаларына арналған фильмдері бұл пікір алмасуда жан-жақты талқыланғаны мәлім. Себебі қазақстандык кино жасаушыларға тән (мұны қазақ киносының кеңестік кезеңдегі сипатына да қатысты деуге болады) шығармаларына тек бірынғай, ұлттық рен немесе шектен тыс батысшылдық сарын беруі, немесе оқиғаларды бірыңғай қара бояумен көрсетіп, өмірдің тек келеңсіз жәйттерін ғана онды-
тәптіштей беруі көрерменге кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ал имандылық Пен адами қасиеттерді дәріптеуде әлде бір оқыстыққа жол бермейтін түрік киносы үшін бұл, әрине, тиімсіз болуы да ыктимал. Сондықтан мұндай творчестволық байланыстар, қалай болғанда да, екі жаққа да пайдалы екені даусыз.
Бүгінгі күні түрік кинематографиясының бай тәжірибесін, оны ұйымдастыру-дың ұтымды экономикалық әдістерін игеру қазақстандық кино шеберлері үшін өте қажет. Сондықтан қазақ-түрік мәдени байланыстарының осы саласы басқаларымен қатар келешекте де толыға түседі деуге болады.
Қоғамда болып жатқан оқиғалар, күнделікті өмір проблемалары, мемлекет-аралық қатынастар барысы, жалпы айтқанда — әр елдің ішкі және сыртқы өмірі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа жеткізіледі. Бүгінгі мерзімді баспасөзбен қатар электрондық ақпарат құралдарының мүмкіншілігі де, теле және байланыс коммуникациялары әр адамды қоғамда, елде, әлемде болып жатқан оқиғалардан тыс қалдырмайды. Сондықтан Қазақстан мемлекетінің Тәуелсіздігі жарияланған кезден бастап-ақ қазақ-түрік акпарат байланыстары мен осы жүйе қызметіндегі өзара ынтымақтастық жалпы сыртқы саясаттағы, сонымен бірге мәдениет саласындағы байланыстардың тірегіне айналды.
1992 жылы мамырда Алматыда Қазакстан Республикасы мемлекеттік теле-радио компаниясы мен Түркия мемлекеттік радио және теледидар мекемесі ара-сында халықаралық байланыстар мен өзара ақпарат алмасуды нығайту мақсатында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылған болатын. Мұның негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік телерадио компаниясының Түркия Республикасының теле-радио жүйесіндегі сателлиттік (қосалқы) бағдар-ламаларына қатысуы туралы келісімге қол жеткізген еді. Бұл құжат телерадио саласында қазақ-түрік ынтымақтастығының негізін қалады.
1992 жылы 26-27 қарашада Анкарада ТИКА-ның жетекшілігімен ЮНЕСКО ұлттық комиссиясының, мәдениет министрлігінің, Анадолу түрік агенттігінің Ф-ОБ-001/033
баспасөз және ақпарат басқармасының қатысуымен түркі тілдес елдердің ақпарат агентгіктерінің конференциясы болып өтті. Аталмыш. конференцияға Қазақстан өкілдері де катысып, мұнда түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері Одағының жарғысы қабылданды. Бұл Одақтын мақсаты — түркі мемлекеттері арасында үұайы ақпарат алмасу, телекоммуникациялық жүйені дамыту, кәсіпқой байланысты күшейту және авторлық құқықты қорғау деп тұжырымдалды. Түркі елдерінің барлығынан өкіл қатысқан Одақтың 1-жиыны 1993 ж. сәуірде Анкара-да, екіншісі 1994 ж. мамырда Бішкекте, үшінші жиын 1995 ж. 11-12 ақпанда Гирнде (Кипр) өтті.
1992 жылы түркі тілдес елдердің жалпы ортақ бірегей арнасын құру мақсатында түрік теледидарында «ТРТ Евразия» арнасы құрылды. Бұл арнаның құрылуы түркі тілдес республикаларға Түркия тарапынан ашылған терезе ретінде түркі халықтары мен мәдениетін өзара танытуға, сондай-ақ түркі мәдениеті мен түркі тілдерінің ерекшеліктерін ашуға негізделді. Әйткенмен, бірнеше жылдық қаржылай және техникалық киындықтарға байланысты түркі елдері теледидарлары арасында туындаған мәселелер, елдердін бір-бірінен ұзақтығы, бұл каналдың көпке ұзамай жабылуына әкеліп соқты.
Өтпелі дәуірдің экономикалық қиындықтары Қазақстан үшін оңай болмағаны белгілі. Оған қоса нарықтық жағдайға бейім дамыған Түркия мемлекетінің шалғай орналасуы, теле-радио саласындағы Қазақстан мекемелерінің техника-лық және қаражат мүмкіншілігі бұл келелі істі жалғастыруға мүмкіндік бермеді. Бұрынғы КСРО құрамынан бөлінген тәуелсіз жас мемлекеттердің де бұл саладағы мүмкіншілігі осындай болатын. Сондықтан түркі халықтары үшін ортақ телеарнаның көп ұзамай жабылып қалуы заңды да еді. Бірақ оның есесіне Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстар осы елдердін ақпарат жүйесі негізінде одан әрі дамытылып, тоқырауға жол берілген жоқ. Мысалы, осы екі елдін теле радио арналары үздіксіз өз тарапының арнайы хабарлар, бейне-
фильмдер, радиохабарлар ұйымдастырып, бұл іс келе-келе дәстүрге айналды.
Түрік мемлекеттік телерадио компаниялары да бұл іске үлкен мән берді. Аталмыш түрік компаниялары күнделікті немесе арнайы кибарларында Қазақстан туралы, қазақ мәдениеті жөнінде жүйелі хабарлар ұйымдастырды. Бұл іс қазір де өз жалғасын табуда. Ал, нақты дерек келтірер болсақ, түрік теледидарының төмендегі бағдарламаларын алып қарастырайық. Бұл бағдарла-малардың негізгі түрік көрермендерін Қазақстан және қазақ мәдениетімен айыстыруға арналған:
- «Асиядан мүзикли эсинтилер» (Азиядан музыкалық леп). Бұл бағдарлама 1992-1998 жылдар арасында аптасына бір рет эфирге шығып, түрік жұртшылығын Орта Азия музыканттары мен олардың музыкалық туындылары-мен таныстыратын. Орта Азияға тән музыкалық шығармалардың кеңінен етек алған бағдарламаларының бірі болатын.
- Бұған қоса 1992-1998 жылдары «Аврасия санаты» (Еуразия өнері) бағдарламасы да 2 аптада бір рет көрерменмен қауышып, оларды Тұранның фольклорымен, музыка өнерімен таныстырды.
- Ал «Селям олсун» (Армысыздар!) бағдарламасы 1993 жылдан (бері эфирге шығып келеді. Аптасына бір рет эфирге шығатын бұл бағдарлама түркі мемлекеттері мен автономиясынан келіп, Түркияда білім бұлағынан сусындап жүрген студент жастарға арналған.
- Сонымен қатар «Аврасия гүнлүгү» (Евразия күнделігі) атты бағдарлама да көрермендерді соңғы кездегі түркі әлемінде болып жатқан саяси-экономи-калық жаңалықтармен және оқиғалармен таныстыру мақсатында аптасына бір рет эфирге шығады.
- Ал, түркі мәдениетінің ерекшеліктері мен құндылықтарын көрсету мақсатында «Күлтүр пенжереси» (Мәдениет терезесі) бағдарламасы 15 күнде бір рет эфирге шығады.
- Саяси-экономикалық бағыттағы бағдарламалардын біреуі—«Мерхаба, Асия» (Сәлем, Азия). Бағдарлама 1994 жылдан бері күн сайын шығады. Ол Орта Азиядағы күнделікті саяси-экономикадық өзгерістер мен өрел жағдайындағы мәдени бағыттарды баяндайды.
- Түрік журналистерінін «Түркиеден» (Түркиядан) бағдарламасы 1993-2000 жылдар арасында аптасына бір рет шығып, Түркияны мекендейтін сан мыңдаған халыктын, мұның ішінде қазақтар да бар, сан қырлы да ерекше мәдениетімен таныстыруды мақсат еткен болатын. Осы жолда көптеген еңбек сіңірген бағдарлама 2000 жылы «Көпру» (Көпір) ретінде аталып, «Түркиядан» бағдарла-масының жалғасы есебінде шығып тұрады.
- «Ақшама доғру» (Кешке қарай) бағдарламасы болса түркі әлеміндегі болып жатқан барлық жаңалықтар және оқиғалармен таныстырып, ағымдағы жаңалыктарды сараптауға арналған.
Қазақ мәдениеті мен өнерін таныстыру мен танытуда Түркияға ресми сапармен барған қазақ саясаткерлері, мәдени шаралар жобасында гастролые, ғылыми жиындарға барған өнер және ғылым қайраткерлерімен жасалған репор-таждар мен бағдарламалардың орны бір белек. Түрік теледидары мен радиосы мүндай мүмкіндіктерді қалт жібермей, қазақ мәдениеті мен ғылымы, жалпы елдегі ахуал туралы әртүрлі бағдардамалар дайындап отырды. Мысалы, Қазақстан үкіметінін басшылары мен министрлері Түркияда іс-сапарда болғанда түрік теледидары (ТРТ) өз мүмкіндіктері шеңберінде міндетті түрде сұхбаттасу хабарларын әзірлейді. Бұл екі жақты байланыс үшін өте қажет. Ал мәдениет саласын алсақ, мұнда да солай. Мысалы, «Асиядан музикли эсинтилер» бағдарламасы бойынша 1994 жылы 28 ақпанда түрік көрермендері үшін Нұрғиса Тілендиевтің концерті көрсетілсе, 1995 жылы 17 қаңтарда «Салтанат» би тобы туралы бағдарлама эфирге шықты. Сол сияқты 1995 жылы 24 қаңтарда «Жазира» би тобының орындауында «Бұхара биі» өз көреремендерін
тапса, сол жылғы 7 маусымда Қаршыға Мұхаммедяровтың концерті берілді.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қазақ-түрік мәдени байланыс-тарының нақты көрінісі ретінде қазақтың ұлттық өнерін көпшілік қауымға жеткі-зуде түрік радиокомпаниялары ерекше ықылас танытты. Қазақстаннан өнер көр-сетуге әртістерді шақыру үлкен топтарды шақыруға қарағанда концерттік-шығармашылық топтардың жұмысын түрік еліне таныстырудың бірден-бір ұтымды жолы екені рас. Ал қазақстандык өнер шеберлерінің концерті онда тұрақты беріліп тұратыны айтылды. Мысалы, 1995 ж. 6 тамызда түрік теле-арналарында «Гүлдер» би тобының орындауында концерт көрсетілсе, сол жылғы қазан-қарашада «Жазира» би тобының концерті 2 бөлімді бағдарламада берілді.
Түріктерді қазақ мәдениетімен таныстыруда қазақстандық студенттердің ұйымдастырған концерттері де айрықша орын алады. Мұндай коннерттер 1994 жылы 1 тамызда, одан кейін 1995 жылы 17 желтоқсанда көрсетілді. Бұл концерт сайысына, сондай-ақ, барлық түркі тілдес елдердің студенттерімен қатар қазақс-тандық студенттер де үнемі қатысып отырады. Мысалы, 1998 жылы 25 қаңтарда Гази университетінде оқитын түркі елдерінен келген студенттер, қазақстандық-тармен бірге концертгік бағдарламаларын ұсынды.
Түрік теледидарынан студент жастардың концертін беру оларды өз елінің өкілі ретінде халқының мәдениетін насихаттауға мүмкіндік берсе, екіншіден, жастардың түрік әлеміндегі қауымдастығын нығайтуға қосар үлесі де аз емес. Осындай халықаралық мәдени байланыстарда, әрине, елімізге танымал, атақты өнер шеберлерінің үлесі ерекше екенін атаған жөн. Екі жақты осындай байла-ныстарда олар теле-радио жүйесі аркылы өз жұмыстарын баяндап, сұхбат беріп, тікелей концерттік өнерлері көрермен жүрегіне жол тауып отырды. Бұл орайда, әсіресе, Түркиядағы қазақ диаспорасының қуанышы шексіз екені даусыз.
Мысалы, 1993 жылы 1 қаңтарда түрік теледидарында Роза Рымбаеваның концерті берілді. Танымал әншінің өнері бүкіл түрік қоғамынын көңілінен шыққаны туралы ондағы ақпарат құралдары, теле-радио хабарлары кеңінен мағлұмат берді.
Сол сияқты түркі әлемі халықтарының ежелгі ән-күй, жыршылық дәстүрін жаңғыртуға көп еңбек сіңірген Бекболат Тілеухановтың өнері де түрік еліне кеңінен танылды. Қазақ мемлекеттік консерваториясының өкілдерін басқарып барған ол 1994 жылы 1 ақпанда түрік теледидарына сұхбат берді. Оған делега-ция құрамында барған консерватория оқытушылары да қатысып, ой бөлісті, концерт берді.
Осындай кездесулер теледидар арқылы үнемі жалғасып келеді. 1992 жылғы 15 желтоксан, 1993 жылғы 13 қыркүйекте түрік көрермендері қазақтың ұлттық би және музыкасымен танысып, оны халық биі мен музыкасы фестивалінің материалдарының көмегімен тамашалады. 1994 жылы 25 қазанда «Сазген», «Салтанат», «Мұрагер» ән-би топтарының орындауында осындай концерт көр-сетілді.
Түркия радиокомпаниялары Абай мен Жамбылдың 150 жылдық мерей тойлары, Мұхтар Әуезовтін 100 жылдығы салтанаттары кезінде зор Ықылас танытып, түрік халқына оларды жете таныстырып, творчестволық мұраларына насихаттауда ерекше ілтипат көрсетті. Сөйтіп Абай, Жамбыл және Мұхтарлар туралы хабарлар қазақтың дара да дана ұлдары ретінде мерейтой кезінде көптеген арналарда көрсетіліп, жеке бағдарламалардын арқауына айналды.
Екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуда ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің рөлі ерекше екенін айту керек. Қазақстандық ғалымдар Түркияға барған сапары кезінде үнемі сұхбат беріп, дәнекерлік жаршысы ретін-де өз миссияларын орындап жүргенін мына мысалдар айғақтайды.
«Аврасия санаты» деп аталатын жарты сағаттық ресми бағдарлама көлемінде әртүрлі конференциялар мен симпозиумдарға, концерттер мен басқа да рәсім-дерге қатысу үшін Түркияға келген ғалымдар, әртістер, суретшілермен сұхбат-
тар көгілдір экраннан арнайы беріліп тұрады. Онын кестесінің мазмұны қазақ-түрік мәдени байланыстарының әр саласынан мағлұмат беретінін бірден-ақ байқауға болады. «Аврасия санатының» 1993 жылдан бергі бағдарламасында көрсетілген сұхбаттар осының дәлелі. Мысалы, бір 1993 жылдын өзінде ғана — «Үміт» фестиваліне Қазақстаннан қатасқан С.Муслимовпен, С.Жанболатпен, Н.Сапарбайұлымен, ҚР Қазақ Ұлттық кітапханасының меңгерушісі Р. Бердіғалиевамен, «Қазақ әдебиеті» газетінін редакторы, көрнекті қазақ жазушысы О.Бөкеевпен, Қазақ жастар театрының бас режиссері Р.Сейтметовпен және Анкарада сурет көрмесіне көпшілік назарына өз шығармаларын ұсынған суретші Ахметжан Ахатбахимен, жазушы Сұлтанәлі Балғабаевпен және тері өндеу ше-берлері Амангүл Иханова мен Жәнгір Үмбетовпен сұхбат, жазушы, сценарист Исмағұл Елубаймен кездесу репортажы берілді; режиссер А.Сүлеевтің Ә.Қастеев атындағы Қазақ мемлекеттік өнер музейі туралы фильмі мен Б.Тілеухановтың, Қ.Байбосыновтың концерті берілді.
Міне, осы бір ғана «Аврасия санаты» бағдарламасы бойынша көрсетілген сүхбаттардың, репортаждардын жалпы бағыты осындай. Бұл хабарлардың қазақ-түрік мәдени байланыстарындағы рөлі шексіз екенінде күмән жоқ. Басқа да телеарналар мен радио арқылы мұндай хабарлар жиі берілетінін еске алсақ, электрондық ақпарат құралдарының бүл іске тигізер пайдасы үшан-теңіз дер едік.
Теледидарда, сондай-ақ фестивальдер мен той-концерттерден де бағдар-дамалар даярланып, көрсетіледі. Мысалы, 1996 ж. маусымда Стамбулда өткен этномузыка фестиваліне Қазақстаннан Қанатбек Рабижанов пен Бағдат Тілеген-ұлы қатысты. Олардың сахнадағы өнері туралы бағдарлама түрік теледидары арқылы көрсетілді.
Қазакстан теле-радио жүйесі де өз кезегінде Түркиямен мәдени байланыстар мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Түркиядан келген ірі ғалымдар, мемле-
кет және қоғам қайраткерлері мұнда да сұхбат беріп, Көпшілік қауыммен қездеседі. Олар туралы репортаждар, хабарлар ақпарат кездерінде үнемі көрсетіліп тұрады. Әсіресе өнер, музыка саласында бұл іс жүйелі арнаға қойыл-ған. Мысалы, жыл сайын ететін Алматыдағы халықаралық «Азия дауысы» конкурсынан жүйелі түрде трансляция жүргізіледі. 1993 жылдан бері 40 минуттік хабар беріледі. Сонымен қатар ТҮРКСОЙ жыл сайын ұйымдастыратын «Наурыз мерекесінен» трансляция тобы арнайы хабар жүргі-зеді. Онда «Қорқыт Ата», «Келіншек», «Арынғазы», «Балбырауын», «Түрік маршы» т.б. кептеген ән-күйлер орындалады.
1995 ж. 18-23 сәуірде Анкарада түрік мемлекеттік радио және теледидары әлемнің 47 елінен өнерпаз қатысқан 17-ші халықаралық балалар фестивалін өткізді. Фестивальде Қазақстан Республикасынан республикалык «Әнші бала-пан» телеконкурсының шығармашылық тобы өнер көрсетті. Ақпарат құралдары саласында қазақ-түрік байланыстарын ұлғайту мәселесі де күн тәртібінде тұр. Алайда, нарықтық жағдайда трансляция жасау, телеарнаны пайдалану ақысы сияқты экономикалық мәселелер бұған әзірге кедергі болып келеді. Мысалы, ТГРТ түрік жекеменшік телекомпаниясы 1995 жылы Қазақстан теледидарынан арна жалға алуды ұсынды. Бірақ төлемақы жоғары болғандықтан ТГРТ қазақстандық арналарға бағдарлама жасаумен ғана шектелді.
Сонымен қатар теле-радио, журналистика саласында қазіргі ағымға лайықты, шет тілдерін білетін әрі кәсіби мамандығы жоғары мамандар даярлаудың да маңызы артқаны белгілі. Бұл тек қазақ-түрік қарым-қатынастарына ғана байланысты емес. Жалпы қазақ журналистикасының, оның ішінде қазақ тілді ақпарат құралдарының дамуындағы күрделі мәселе. Көп жағдайда ұлттық журналистика томаға-тұйық, өз аумағында ғана қайнап-пісіп жатқаны құпия емес. Ал бұл өз кезегінде әлемдік үрдістерден, әрі-беріден соң тіпті білім деңгейінен кеміп қалып қою қаупін тудырады.
Сондықтан журналистика мамандарын даярлауда Түркияның тәжірибесіне де сүйену қажет екені белгілі. Осыған байланысты екі елдің мәдениет және білім министрліктерінің келісімі бойынша 1998 ж. 3-22 тамыз аралығында журналис-тика мамандығы бойынша 6 студент Түркияға машықтануға жолдама алды. Бұл жұмыс кең көлемде жүргізілмесе де, мамандар алмасу, тәжірибе жинақтау әлі де жалғасуда.
Қазақ-түрік мәдени байланыстарын кеңейтуде, насихаттауда радио жүйесінің де қызметі айтарлықтай.
1998 ж. 31 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында қазақ радиосына әрқайсысы 15 минутқа созылған 12 бөлімнен тұратын «Қазіргі Түркия» атты серияяы бағдарла-ма берілді. Бұл бағдарламада қазіргі Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жайында мағлұмат беріліп, оның хабарларында бүгінгі Түркияның негізгі мәселелері тарихи тұрғыдан көрсетіледі.
Сондай-ақ 1999 ж. Солтүстік Кипрде Түркі ақпараттық агенттіктер одағы құрылды. Содан бері Қазақстан өкілдері одақтың жұмысына ат салысып келеді. 1999 ж. онда 2 кісі, 2000 ж.-Исрафил Смаил, Мұрат Аренов жұмыс істеп, тәжірибе жинақтады.
2000 жылдың қараша айында «Қазақстан-і» телекомланиясының шақыруы-мен Алматыға Түрік телерадиосынан 32 өкіл келді. Екі жақ бірлесе отырып «Біз бір бірімізге ұқсаймыз» атты бағдардама әзірледі. Артынша концерттік бағдар-лама ұсынылып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси-экономикалық және мәдени байла-ныстардың барысын жария етіп, осы қатынастарды нығайтуда баспасөз орындарының да атқаратын қызметі ерекше. Қазақстандағы барлық баспасөз органдары, қай тілде болмасын, бұл мәселеге ерекше назар аударады. Сондықтан баспасөз бетіндегі «Түрік әлемі», «Түркі елі», «Түркия мен жалпы түрік халықтарының ортақ ежелгі тарихы» деген айдармен жарық қөретін
бұрыштар, сондай-ақ бүгінгі ахуалы мен жаңалықтары оқырман назарынан түскен емес. Қазақстандық баспасөз органдарының ішінде бұл жағынан ұлттық газет-журналдар ерекше қызмет етіп келеді. Атап өтер болсақ, 1996 жылдан бері шығый келе жатқан әуелі «Чаман-Қазақстан», одан соң «Қазақстан-Заман» апталық газеті екі елдің қолдауымен шығарылуда. Сондай-ақ, «Түркістан», «Қазақ елі» газеттері де арнайы түркі халықтары үшін жарыққа шығатын органға айналып, қазақ оқырмандарына түркі әлемінің жаңалықтарын жеткізу жаршылары рөліне ие болды. Бұл баспасөз беттерінде қазақ-түрік мәдени байланыстары кеңінен насихатталады.
Сонымен қатар, республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газет-тері, «Жұлдыз», «Ақиқат», «Парасат» журналдары және басқа да мерзімді басылымдар мен облыстық, аудандық газеттер Түркиямен мәдени қарым-қатынастар мәселесін жан-жақты шолып, арнайы материалдар беріп келеді.
Ал Түркияда да түркі елдерінің жалпы жағдайы мен жаналықтарынан мәлі-мет беретін газет-журналдар көп-ақ. Әрине, бұл басылымдарда Қазақстанға да орын берілген. Солардың бірі «ТҮРКСОЙ» журналы 2000 жылдан бастап жарық көре бастады. Бұл журналда ТҮРКСОЙ қоғамының жұмыстарын көшпілікке таныстырумен бірге түркі мемлекеттерінің өзара байланысын күшейту мақсатында аталмыш ұйымның өткізген барлық шаралары мен мәдени оқиғалары көрініс табуда.
Сонымен қатар ТМД елдері үшін маңызы зор, Қазақстанда етене жақын «Ясауи» журналы 1993 жылдың қазан айынан бастап шығып тұрады. Журнал өз оқырмандарын түркі әлеміндегі ғылыми жаңалықтармен, зерттеу-ізденістермен, философиялық трактат және бағыттармен таныстырады. Бұлардан басқа түркиялық мынадай баспасөз органдарын да айтуға болады.
«Түрік Юрду» (Түрік жұрты) — түріктер туралы ғылыми мақалалар мен Түркияда білім алып жатқан Орта Азия тумалары жайындағы мерзімді
мақалалар жинағы.
«Ени Аврасия» (Жаңа Еуразия)- халық туралы қауымға арналған ғылыми көпшілік журнал.
«Ана юрттан ата юрда» (Туған елден атамекенге) журналы. Мұнда негізінен түрік халықтары туралы тарихи материалдар басылады.
Бұлардан басқа әртүрлі газет беттерінде Қазақстан туралы, оның тарихы мен мәдениеті жөнінде материалдар үзбей жарияланып тұрады.
Қазақ-түрік мәдени байланыстарын дамытуда Қ.А.Ясауи атындағы Халық-аралық қазақ-түрік университетінің баспасөз органдары да ерекше қызмет етіп келеді, Мысалы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де оның қайырымдылық қоры ашқан «Білім» ғылыми журналы 1996 жылдан бері шығарылады. Журналдың әр саны ғылым мен мәдениеттің бір саласына арналады. 7-санынан бастап журнал халықаралық стандарттарға сай түркі тілдес елдердің халықаралық қоғамдық ғылыми журналы мәртебесіне ие болды.
Сонымен қатар, Қ.А.Ясауи атындағы университетінде «Хабар бюллетені» (Қ.А.Ясауи атындағы университетінің акпарат жинағы) атты журнал да түрік тілінде жарық көруде. Бұл басылым Қазақстан мен Түрқиядағы негізгі оқиғаларды баяндап, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универси-тетінің жұмыстарына талдау жасап, түсініктеме береді.
Бұл университетте 1998 жылдан бастап «Ходжа Ахмет Есеви Оджағы» (Қ.А.Ясауи ошағы) атты рухани мәселелерге арналған көпшілік Журнал да оқырмандарын қуантуда. Мұнда негізінен философиялық, тарихи, діни трактаттар жарық көреді. Осылардың бәрі түрік ғылымдарының қолдауымен іске асырылған жұмыстар.
1995 жылдан бастап Стамбұлда «Түрік дүниясы араштырмалар Вакфы» қоғамының «Тарих» журналы шығады. Бұл танымал журнал ғылыми мәселелер-мен қатар негізінен түркі әлеміндегі саяси-мәдени жаңалықтар және аталмыш
қоғамның түркі әлеміндегі белсенді қызметі туралы мағлұмат береді.
1998 жылдың қазанынан 2001 жылға дейін Түркияда «Желмая» журналы басылып жүрді. Бұл журналдын негізгі мақсаты — Түркияда білім Латын студенттердің басын қосу, түрік оқырмандарын қазақ мәдениетінің ерекшелік-терімен таныстыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оларды көпшілік ақпарат құралдарында жариялау болатын.
Түркияда бірқатар арнайы журналдар да жарық көріп, екі елді бір-бірімен жақындастыруда өзіне түскен қызметін атқарып келеді. Бұлардың мазмұнын жеке-жеке атап өтпесек те болады. Өйткені әр бір басылымның оның мазмұны-нан хабардар ететіні айқын.
«Түрік дияи дергиси» (Түрік тілі журналы), «Түрік дүнияси тарих доргиси» (Түрік әлемінің тарих журналы), «Түрік күлтүрү дергиси» (Түрік Мәдениеті журналы), «Түрік лехнелери ве әдебияты дергиси», «Түрік дүниясы араштырма-лары Нфргиси» (Түрік әлемі зерттеулері журналы), «Түрклүк билгиси» (Түрко-логия хабарлары) сияқты журналдар өз атына сәйкес ғылыми мақалаларды жариялап отырады.
Қазақ-түрік байланыстары мен туркі әлеміндегі мәдени шараларды баспа бетінде көрсетуде «Түрік дүниесі» газетінің үлесі орасан зор. Бұл алғашқы нөмірі Алматыда 2000 жылы шілде айында жарық көрді.
Қазақ-түрік мәдени байланыстары аясында газет-журналдар шығарудың кеміс қалып жатқан тұстары да бар, Айта кетерлік жайт, қазақ-түрік ынтымақтастығының газет-журнал шығару саласында Түркия белсенділік танытып келеді. Жоғарыда атап көрсеткендей, Түркияда журналдардың басым көшпілігі түркі мемлекеттерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени қырла-рына арналған. Демек, Түркия Қазақстандағы жағдайды кеңінен қамтиды. Керісінше, қазақстандық ақпарат құралдары Түркияны кеңінен қарастырмай-тынын көруге болады. Бір кездері ортақ түрік арнасы «Аврасияның» өмір
сүруінің тоқтатуына қаржылай қиындық негізгі себеп болғанымен, арнаның ашылу мәнін жете түсінбеушілік те байқалды. Сонымен бірге, Туркия Республи-касымен тығыз ынтымақтасуды қажетсінбеу де негізгі себептердің бірі болып саналады.
Мысалы, соңғы жылдары бұл арна тәулікте 24 сағаттық бағдарламасымен эфирге шыққанына қарамастан, Қазақстанда тек сағат 23-тен кейін, 3 сағат қана эфирге шығуын жалғастыра алған. Мұны Қазакстанда орыс тілді ақпарат құралдарының басым болуымен де түсіндіруге болады, Себебі, мемлекеттік тілді көпшілік көрермен қарай алатын уақытта ақпарат немесе басқа да қойылымдар беруден бас тартқан орыс тілді телеарналар қазақ тіліндегі хабарларын түн ортасы ауғанда ғана беретіні құпия емес. Әрине, бұл жағдайда оның көрермендерінің саны күрт төмендеуі табиғи нәрсе. Бұл біріншіден. Ал екіншіден, телеарнаның бүтіндігі, жүйелілігі бұзылып, көрсетудің сапасына едәуір ықпал еткен. Жоғарыда айтылған «Аврасия» каналы түркі мәдениеттерін өзара таныстыруды жобалап, сонымен қатар әр мәдениеттің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталу арқылы түркі халықтарының тығыз мәдени байланыстарын насихаттауды, оны әрі қарай рухани дамытуды көздеген еді. Ол көрерменнің түркі әлемі жаңалықтары мен оқиғаларын, арнайы бағдарлама және фильм көрсету жолымен іске асыруға ұмтылды. Қазақ-түрік мәдени байланыста-рына ықпал ететін баспасөз орындарының жұмысы да әлі де болса жетілдіруді талап етеді. Мысалы, қазіргі «Қазақстан-Заман» апталығын шығару барысында 2001 ж. біраз түсініспестік орын алғаны да мәлім. Газет редакторы, талантты журналист-публинист Жұмабай Шаштайұлы газеттін түрік құрылтайшылары қойған талабымен келісе алмағандықтан бас редактор қызметінен ауысып кетті. Оның орнына келген белгілі қаламгер, журналист Марат Тоқашбаев бас директор Эрсин Демирджи екеуі ортақ түсінікпен газетті дер кезінде шығару-да. Алайда Туркия жағының белсенді саясатын
қабылдамаушылық кейбір творчестволық адамдар арасыңда кездесіп қалатыны құпия емес. Әрине, қазақ-түрік мәдени қатынастарындағы бұл кемшіліктерден арылу келешектің ісі деп топшылауға болады.