Кикілжіңнен кетіп қалу стилі

Кикілжіңнен кетіп қалу стилі (уклонения, избегание) туралы қазақша реферат

Кикілжің жағдайына байланысты бес негізгі мінез-құлық стильдерінің екіншісі, кикілжің барысында өзіңіздің құқығыңызды қорғамай, мәселені шешу үшін ешкіммен бірлеспей немесе кикілжіңді шешуден аяқ тартқан кезде жүзеге асады. Бұл стильді сізге қатысты мәселе сіз үшін онша маңызды болмағанда, бұл мәселені шешуге уақытыңызды, күшіңізді жоғалтқыңыз келмегенде немесе өзіңізді сенімсіз жағдайда екеңізді сезінгенде қолдануға болады. Сонымен қатар өзіңіздің қателігіңізді және басқаның дұрыстығын сезінгенде немесе кикілжіңдесушінің беделі жоғары екенін білгенде бұл тәсілді қолданған дұрыс. Мұның барлығы — өзіңіздің жеке позицияңызды жақтаудың себептері. Сіз тақырыпты өзгертіп жіберуіңізге, бөлмеден шығып кетуіңізге немесе кикілжіңді жоятын немесе кейінге қалдырып қоятын т.б. әрекеттер істеуіңізге болады. Сіздің пікіріңізше: «Мен мұнымен қазір айналыспаймын». Қысқаша айтқанда, сіз өзіңіздің жеке қызығушылықтарыңызды және басқа адамның қызығушылықтарын қанағаттандыруға талпынбайсыз. Оның орнына көптеген әрекеттер арқылы кикілжіңді кейінге қалдырып, оны шешудің жауапкершілігін басқаның мойнына артып, оны өршіте, мәселеден кетіп қалуға тырысасыз.[13]

Жоғарыда айтып кеткендей, мұндай адам кикілжіңнен қашып, кезкелген жағдайларда ештеңе болмағандай қасиет көрсетеді; мұндай адам өзін тіпті кикілжіңге түспейтін, кикілжіңді адам емеспін деп жиі айтады.

Бірақ шындығына келгенде, мұндай тәсілді қарапайым өмірлік мысалда қарастырсақ, онда біз тіпті басқа суретті аламыз. Кикілжіңнен кетіп қала беру нәтижесінде, оған қатысушылардың бойына жағымсыз сезім жинала береді екен. Мұны теледидар мысалында қарастырайық. Біреуі футбол көргісі келгенін, екіншісі өзінің сүйікті фильмін көргісі келгенін айтады. Осыдан екеуі де үндемей қалады. Егер де екеуі де кикілжіңнен кетіп қалу принципін ұстанатын болса, мұндай жағдайда қалай әрекет ететіні түсінікті – теледидарды өшіріп, сөнген экранға қарап отыру. Әрине, өмірде басқаша болуы мүмкін. Мысалы, екеуі де барып өздерінің жұмыстарымен айналысады, немесе басқа бір үшінші бағдарламаны қояды және т.б. Бірақ ситуацияның мазмұны бұрынғыдай қалады: екеуі де қалағандарына жете алмайды. Әрине, олар бір-бірі туралы «егер ол болмағанда, мен тыныш қана өзімнің бағдарламамды көретін едім…» деп ойлайды. Егер де осындай жағдай тағы да бірнеше рет қайталанса, онда бұл жағдай әйтеуір бір уақытта біріншісі теледидар көремін дегенде, екіншісіне қажет болмаса да жауабына өзінің басқа бағдарламаны көретінін айтып қарсы шығуына алып келеді. Бұл сұрақ принципиалды сұраққа айналып кетті.[14]

Сондықтан да қиын адаммен араласуыңызға міндетті кезде және онымен контактілесуді жалғастыруға себеп жоқ кезде кикілжіңнен кетіп қалу стилін қолдану қолайлы. Мұндай тәсілді сонымен қатар шешім қабылдау барысында қалай әрекет етуді білмеген кезде және бұл шешімді қабылдау қажет еместігін білгенде нәтижелі болады.

Төменде кикілжіңнен кетіп қалу стилін қолдануға қолайлы, қарапайым ситуациялар берілген:

—         нәтижесі сіз үшін маңызды болмағандықтан, шешіміне күш салғыңыз келмейді;

—         күніңіз қиын өткендіктен, бұл мәселенің шешіміне қосымша жағымсыз сезімдер әкелетіндіктен күш салғыңыз келмейді;

—         кикілжіңнің шешімін сіз өз пайдаңызға шешуге мүмкіндігіңіз жоқ немесе шеше алмайтындығыңызды сезінгенде;

—         сіз біреудің көмегін сұрау үшін немесе қосымша ақпарат алу үшін уақытты созғыңыз келеді;

—         кикілжіңдік жағдай өте күрделі болғандықтан, кикілжіңнің шешімі сізден көп нәрсені сұрайды;

—         бұл мәселені шешуде басқалардың мүмкіндіктері мол екендігін сезінгенде;

—         кикілжіңді шешу үшін сіздің беделіңіз аз болғанда;

—         дәл сол уақытта мәселені шешу өте қауіпті, себебі кикілжіңді анықтап, ашық талқылау жағдайды тек өршітіп жібереді;

Көп адамдар кикілжіңнен кетіп қалу стилін мәселеден және жауапкершіліктен «қашып кету» деп санағанына қарамастан, негізінде кикілжіңнен кетіп қалу немесе шешімін біраз уақытқа қалдырып қою тәсілі кикілжіңдік жағдайға конструктивті және сай реакция болуы мүмкін. Егер де сіз тақырыпты ауыстырып, шешуден қашып немесе зейінді басқа жаққа аударсаңыз, онда кикілжің өзімен өзі шешіледі. Егер керісінше болса, онда сіз кешірек кикілжіңді шегуге дайын болғаныңызда әрекет етсеңіз болады.