Қидандар мен Чжурчжендердің басып кіруіне қарсы Корелықтардың саясаты туралы қазақша реферат
Чжурчжендер Корелықтардың солтүстік — шығыс және солтүстік бөлігімен шектесіп жатқан. Жалпы чжурчжендықтар Корелықтарға қатысты бейбіт қатынаста болатын, бірақ қидандықтардың агресситы жорықтары чжурчжендықтардың позициясын әлсіретті. Осыны Корелықтар тиімді пайдаланып өзінің территориясын Амноккан өзенінің жағалауына дейін кеңейтті. Осылайша Корелықтар Ляо елімен көршілес ел болды. Қидандықтар бұл кезеңде Шэн — цзун қағанның басшылығымен басқыншылық саясат ұстап отырған. Осыған байланысты Коре өзінің солтүстік — батыс шекарасын күшейтуге көп көңіл бөлді. Осыған байланысты үш армия құрылды. Олар: Пак Янью басшылығымен Сангун армиясы, Со Хи басшылығымен Чунгун армиясы, Чхве Рян басшылығымен Хагун армиясы құрылды.
Қидандықтар Корееліне үш рет шапқыншылық жасалды. Алғашқы жорығы 993 жылы болды. Бұл соғыста негізгі күш қидандықтар жақта болды, соның әсерінен қидандар әскері Коре елінің орталық аймақтарына дейін жетіп Понсан бекінісін жаулап алды. Осы кезде қидан елінің басшылары Коре еліне Бұрыңғы Когуре елінің территориясын берсін деген талап қойды. Коре елінің патшасы бұл талапты қабыл алмақ еді , бірақ Со Хи қолбасшы бұған қарсылық білдіріп, қидандықтармен келіссөзге өзі кетті. Келіссөз 7 күнге созылды, сондағы талқаланған тақырып қидандықтардың айтуы бойнша олар Когуре елінің тікелей ұрпақтары сондықтан Когуре елінің территорисы соларға тиесілі, ал Со Хи қолбасшы қолындағы дерек мәліметермен керісінше пікірді дәлелдеп шықты. Және де Коре мен Ляо елінің арасында бейбітшілік және ынтымақтастық жайлы келісімге қол қойды, Со Хи Ляо елінде ерекше құрметке бөленіп 500 бөлік жібек мата сыйлығына ие болды.
994 жылы Соксон сарайында шекаралық өткізу орны ашылды, осылайша қидандармен 15 жылдық бейбітшілік орнады. Алайда Корелықтар бұл бейбітшіліктің тек уақытша екенін білді, сондықтан 994 және 1008 жылдар аралығында Корелықтар шекара бойынды 21 қамал соқты.
Екінші жорық 1010 жылы орын алды. Қидандар алғашында Хынхвачжин шекаралық қамалын алуға әрекет жасады, бұдан ешқандай нәтиже шыпаған соң, бұл қамалды айналып өтіп Коренің ішкі территорисына өтпек болды. Келесі соққы Тхончжо беікісіне бағытталды. Бұл бекіністе қарсы соғысты Кан Чжо басқарды. Кан Чжо қаза тапқанмен Соген қамалында да қидандықтар жеңіске жете алмады. Сондықтан олар төте жолға көшті олар бірден Коре елінің астансын басып алмақ болды. Осындай әркетттен шошынған сарай қыщметкерлері қидндардың талабын орндап берілуге әрекет жасағанда Кан Гванчхан қолбасшы басқа айла тәсіл қолданды. Ол барлық сарай қызметкерлерін сарайдан алып шығып берілген сыңай танытты, алайда қидандықтардың азық түлік қоры аз болғандықтан олар кері қайтуға мәжбүр болды. Осылайша қидандықтардың екінші жорығы нәтижесіз аяқталды. Сонымен қатар 2000-ға жуық әскерінен айырылды.
Қидандардың үшінші жорығы 1019 жылы болды. Бұл жорығының тактикасыда алғашқы жорықтары сиақты болды. Бұл жолы да қидандар бірден Кэгенге басып кірмек болды, бірақ астананың айналасындағы қорғаныс қамалдары мен әскер санын көріп олар беттей алмады және жолай олардың азығын Коре әскери жойып олар тағы да кері қайтуға мәжбұр болды. Осы жорықтан кейін қидандықтар коре елін мазаламады, өйткені коре әскері қидандарды қуалай отырып қырып салды, соғыс кезінде 100 мыңға жуық қидан әскері қаза болды, тек бірнеше мың әскері аман есен еліне қайтты.