Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасынъщ өрісі кеңейіп, дамудын жаңа сатысына көшті. Бүл кезендегі публицистикаға кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасыньщ дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлык жаңашылдық белгілер айқын керініс бере бастады.
Кеңестік дөуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазак публицис-тикасы жаңа даму жолына түсті. Бүл кезенде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси өзгерістер, экономикалық моселелер, рухани жайттар шығарма езегіне айналды. Жетістіктер де, кемшіліктер де публицистика айнасынан ақикат керініс тапты.
Соғыс жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы — елдің букіл сана-сезім, куш-жігерін ортақ жауды жеқуге жумылдырды. Бүл кездегі публицистикалык шығармалар авторлары жогары патетикалык, пафосты, шешен тілді, ха,іық даналыгын өз ойларына өзек етіп қолданды. Қазақтың әскери публицистикасы ауыз әдебиетінің бай қазынасымен суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр тартты. Және сол бай рухани мұра майдандағы және тылдағы деректі фактілермен, ақиқат окиғалармен, баяндаудың қуатты мәнері-мен астасып жатты. Соның нәтижесінде өткір тіл, ойды қысқа және дөл жеткізуге күрылған ғажайып публицистикалық шығармалар туды. Соғыс жылдарында халықтың күшін бір ойға біріктіретін публицис-тика түрлері мен жанрлары орнықты. Мәселен ундеу, памфлет, күнде-лік, хат, очерк, мақала, публицистик&шқ қуаты бай өлеңдердің тууы соның дәлелі.
Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халык. шаруашылыгын қайта қалпына келтіру ісіне жүмылдырылды. 1945 жылы «Республикалык, өлкелік жөне облыстык газеттердің сапасын арттыру және көлемін үлғайту туралы» қаулы қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға есер, ыклаіы зор болды. «Соғыстан кейінгі жылдары республика газеттерінің мазмүны өзгерді, олар жергілікті емірді жан-жақты жазатын болды, экономика мен мәдениет мәселелеріне баса назар аударылды. Газет бетгерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шол>7 жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп баспасөз өзінің жүмысын бейбіт дәуірге бейімдеп қайта қүра бастады» [32,49 б.]. Сөз жок баспасездің бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек ырғағының айнасына айналды.
60, 70-ші жылдардағы қазак, публицистикасы шүрайлы тілмен көркейе түсті. Бүл әсіресе сол кездері мол жазылған публицистика-лык лепті мақалалар мен көркем очерктерде көрініс тапты. Осы кезең туралы сөз еткенде, академик С.Қирабаев: «Қазақтың көркем әңгімелерімен жалғас, көсемсөз, очерк, ой толғанысы, емірді бейнелі жолмен тануға үмтылған публицистика да бүл дәуірде едәуір өркендеді» [33,166 б.], — деп атап көрсетгі. Десек те, 60-шы, 70-ші жылдарда жарык көрген шығармалардағы әсіреқызыл, жасанды суреттеу, асыра мақтау, мадақтау, жалаң үраншылдык сияқты заман туғызған кемшіліктер де болды.
80-ші жылдары қазақ публицистикасының дамуында зерттеу-шілік, тарихи-танымдык, багыт анық орнықты. Түтас ізденіс негізін-де, журналистік зерттеулер нәтижесінде тарих қойнауында жасырын жатқан деректердің беті ашыла бастады. Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасы тектік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан қалыптасьш, дамыды. Публицистиканың өз алдына дербес теориясы да жасадды. Осы өзгерістерге орыс публицистикасы-ның теориясы мен төжірибесі орасан зор ықпал етті. Егер алғашқы газет «Туркістан уалаятаның газеті» бетінде акпараттык жанрлардағы публиііистика қалыптаскан болса, «Дала уалаятының газеті», «Ай-қап», «Қазақстан», «Қазақ», «Үран», «Алаш», «Сарыарқа», «Абай», «Ақжол», «Шолпан», «Таң» басылымдарының бетінде талдамалы жанрлардағы публицистика қалыптасты. Ал кеңестік дәуірде публицистиканың бай жанрлық палитрасы көрініс тауып, өркендеді.
Қазақ публицистикасының кеңестік дәуірдегі даму жолындағы негізгі бағыттарды біз талдап-таразылаған жарияланымдардың мазмұндық және турлік жағынан біртұтас бірлікте қарастыра отырып айқывдауға тырыстык,. Олар: қогамдық-саяси багыт, көркемдік багыт, сыншыідық-сатиралык, баеыт, поэтикалық-философиялык, багыт, улттык, психологиялық-көркемдік багыт, проблемалық-аналитикалық багыт, зерттеушілік, тарихи-танымдық багыт болып табылады. Бұл мерзімдегі публицистика ерекшеліктері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бүлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, Қ.Найманбаев, Т.Жанүзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары арқылы ашылды.
1917-1990 жылдардағы публицистикалық шығармаларды талдап, таразылай келе, кеңестік дәуірдегі казақ публицистикасын тегіне, туріне қарап бөлу жөніндегі мынадай тұжырымдарға келдік:
1. Публицистиканың тектік түрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге болады: а) Ақпараттық-оқигаІШ публицистика; ә)Талдамалы публицистика; б) Көркем публицистика.
2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типологиясы: а) қогамдық-саяси публицистика; ә) экономикалык, публицистика; б) мо-рсьіьдық-этикалық публицистика; в) әдеби публицистика; г) сыни пуб-лицистика; г) гылыми-танымдық публицистика; д) әскери публицистика.
3. Жанрлык тұрғыдан алғанда, акпараттық-окиғалы публицистика тобына: заметка, есеп, репортаж, сухбат; талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, баспасөзге шолу, хат (эпистолярлық жанр ретінде), тусіндірме (комментарий); көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, фелъетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
4. Публицистикалық шығармаларды стильдік түрғыдан: а) полеми-кишқ (қақпайіы) публицистика; ә) угітшыік публіщистика; б) насихат-шььшқ публицистика; в) сатираііык, публицистика; г) эпистолярлык, публицистика; г) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік публицистика, — деп жіктей аламыз.
5. Бүқаралық ақпарат қүралдарында көрініс табуына орай: а) газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә) радиопублицис-
тика; б) телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицис-тика, — болып жіктеледі.
6. Сондай-ақ кеңестік дәуірдегі қазақ публицистикасы агартушы-лық, угітшілік, насихатшылық, уйымдастырушылык,, әшкерелеушшк, анықтамшіық, жарнамалық, танымдық функцияларды атқарды.
Біз қарастырған кенестік дәуір кезендерінде қазак публицистика-сының әр жанры әр түрлі деңгейде баспасөзден орын алып отырды. 20, 30-шы жылдары заметка, хат, мақаланың проблемалық түрі, фельетон сияқты публицистика жанрлары көбірек көрініс тапты. 40-шы жылдары публицистикалық мақала, памфлет, үндеу, рух көтеруге бағытталған хаттар түріндегі публицистика ерекше дамыды. 50, 60, 70-ші жылдары очерк өз дамуының биігіне жетті. Очерктің физиологиялық, социологиялық, экономикалық, проблемалық-анали-тикалық, портреттік, сапарнама, психологиялық, лирикалық, т.б. түр-лері бірінен соң бірі жарқырап көрінді. Осы жылдары публицистика-лық мақаланың «өлеңмен жазылған қарасөз» түрлері ерекше ынта-ықылас туғызды. Фельетон жанры қайта өрлеу жолына түсті. 80-ші жылдары сүхбат жанры мен репортаж кең қолданылды. Сүхбаттың диалог түріне қоса, сүхбат-монолог, сүхбат-хабар, сұхбат-суреттеме, сүхбат-пікір, сүхбаттың анкета түрі, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы сияқты бірнеше жаңа түрлері қолданысқа енді. Кеңестік дәуірдің барлық кезендерінде де заметка, корреспонден-ция, есеп, бас мақала, рецензия, шолу, баспасөзге шолу, мақала жанрлары баспасөз бетінен түскен жоқ. Мүның бәрі де дәуір мазмүны — сол дәуірдің өзіне тән түрді қажетсінетіндігінің айқын көрінісі.
4.2 Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындагы Іакырыпгык. проблемалык ізденістер
атты бөлімшеде тәуелсіздік кезеңінің алғашкы жылдарындағы публицистикалық шығармалар сараланды.
Демократия мен жариялылықтың нәтижесінде тарихтағы көптеген актандақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, үлттық сананың калыптасуы, мемлекетгіктің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жүрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті. Бүл әсіресе 90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінен, овда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты.
Дөл осы кезенде қазак публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол — азат ойдық, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді кетергенде ғана, оның әсер-ықпалы зор болатындығы белгілі. Сондықтан біз 90-шы жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан публицистикалық шығармаларға назар аудардық.