Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…3

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ — АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы….7
1.2 Рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу өлшемі, деңгейлері…29
1.3 Рухани-адамгершілік құндылықтардың негізгі шарттары…..32

2 ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.1 Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру жолдары….37
2.2 Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру әдістемелері…39
2.3 Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар нәтижелері және оларды талдау……55

ҚОРЫТЫНДЫ ……57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …..59

Кіріспе

Зертеудің көкейкестілігі. Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі  күн тәртібінде тұрған  маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі ел президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында жан-жақты негізделген. [1,23].

Қай  заманда болмасын, сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеудің бірден-бір жолы адамның рухани байлығын арттыру болмақ. Қазіргі уақытта қала жастары ғана емес, берекелі ауыл мен ақ көңіл, жайдары, ойлары таза, рухани құндылығы мен адамгершілігі жоғары, тәрбиелі ауыл адамдары да өзгерген. Мысалы, адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюі, адамгершілік қасиеттеріміздің жүдеу тартуы, кісі өлтіру, үй тонау, маскүнемдік пен нашақорлық, жезөкшелік сияқты жат қылықтармен қатар мейірімсіз, қатігез жастар ауылдан да орын алады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар қазақта. Ендеше, жас ұрпақтың осындай күйге түспеуіне, олардың рухани бай, адамгершілігі мықты, бір-бірімен достық қарым-қатынаста өмір сүруіне жағдай жасау кезек күттірмейтін мәселе екені анық. Мұнда, әсіресе, оқушылар тәрбиесіне мектептегі дұрыс ұйымдастырылған тәрбие іс-шараларының ықпалы зор болары сөзсіз.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Ал Қазақстан Республикасының жалпы білім беру «тұжырымдамасында» жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, рухани-адамгершілікті қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау міндеті ерекше аталуы біз көтерген мәселенің қоғам талабынан туындап отырғандығын, тақырыбымыздың өзектілігін дәлелдейді.

Оның үстіне қоғамдағы рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеулердің адамгершілік пен руханилық  мәселерімен тікелей байланысты қарастырылып, осы кезге дейін күн тәртібінен түспеуі біздің тақырыбымыздың өзектілігін онан сайын арттыра түседі. Өйткені, оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселері көптеген ғылыми зерттеулерге арқау болған.

«Адамгершілік» ұғымының педагогикалық термині ретінде ғылыми тұрғыда қалыптасқан өзіндік мағынасы бар. Ал «руханилық» ұғымының мәні әртүрлі салаларды қамтитыны белгілі. Бірақ, бұл ұғым педагогика ұғымында категориялық деңгейдегі анықтамаға ие бола қойған жоқ. Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның барлық сатысында зерттеу объектісі болып отырғаны баршаға белгілі.

Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ ғұламалары, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтар ой-пікірлері мен көзқарастары бар (Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа-Ахмет-Иассауи, Абай Құнанбаев, Ш. Құнанбаев т.б).

Сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтар жайында А.Қ.Каплиева, Р.К. Төлеубекова, Р.С. Омарованың т.б еңбектеріне сүйене отырып зерттедік.

Қарастырған жұмыстар бүгінгі таңда жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселері біркелкі зерттелгендігін айқындайды.

Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін айқындап отыр. Сондықтан да дипломдық жұмыстың тақырыбын «Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу пәні: жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: білім беруде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ғұламалар мен ағартушылар, қоғам қайраткерлері, бүгінгі заман ғалымдарының еңбектеріндегі рухани-адамгершілік құндылықтары жүйеге келтіріліп, тағылымдылық мүмкіндіктеріне қарай жіктеліп, мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп, рухани- адамгершілік  құндылықтарды қалыптастыру мақсатына пайдаланса, онда рухани- адамгершілік құндылықтарды бағалай білетін, ұлттық сана-сезімі жоғары, инабатты, адамгершілігі мол, рухани жан-дүниесі бай, рухы биік жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туындайды. Себебі мектептің оқу-тәрбие үрдісі, тәрбиелік шаралар, мектептен тыс тәрбиелік жұмыс мазмұны рухани-адамгершілік негізінде құрылады және сол арқылы бүкіл мектептің тыныс-тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

Зерттеудің міндеттері:

— Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;

— «Рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәні мен мазмұнын анықтау;

— Оқушылардың рухани-адамгершілігі құндылықтарын қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;

— Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттеу.

Жетекші идея: рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушыларға  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылыққа негізделген тәрбие кеңістігін құру арқылы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырып, өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философиялық, танымдық ілімі, жеке тұлғаның даму теориясы, құндылықтар теориясы, қазіргі жетекші философиялық қағидалар, ізгіліктілік, демократиялық, кешендік. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар жөніндегі ұлттық тәлім-тәрбие теориясы.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы  бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері ресми материалдармен құжаттар (Қ.Р. Конституциясы, «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясы «Этномәдени білім беру» тұжырымдамасы, т.б), оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен озат педагогтардың іс-тәжірбиелері.

Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге  байланысты филосорфиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге  талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; теориялық жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін экперимент  арқылы тексеру, алынған нәтежелерді статистикалық тұрғыдан өңдеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезең: зерттеу  проблемасы бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді, мектеп құжаттары зерделенді, рухани-адамгершілік құндылықтар тәрбиесіне байланысты педагогикалық, психологиялық тәжірибелер жинақталып, сараланды.

Екінші кезең:  оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқу пәндері және әдістемелік әдебиеттер талданып, рухани–адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға арналған  оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың тиімді түрлері айқындалды, қажетті дидактикалық тапсырмалар, әдістемелік нұсқаулар жасалды.

Үшінші кезең: рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға байланысты экперимент жұмыстары бойынша педагогикалық ой-пікірлер жүйеге келтірілді, әдістеменің тиімділігі тексеріліп, нәтижелері дипломдық жұмыстың мазмұнына енгізілді және тұжырымдар жасалынып, қорытындыланды.

Зерттеу базасы: Эксперимент Ақтөбе қаласындағы №33 мектепке өткізілді. Экспериментке 56 оқушы, оның ішінде 28 эксперимент тобында, 28 бақылау тобында өтті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық пәні:

  1. Білім беру үрдісінде рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындадық.
  2. «Рухани-адамгершілік құндылықтар», ұғымдарының мәні мен мазмұны анықталды.
  3. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық моделі жасалды.
  4. Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибе жүзінде зерттедік.

Зерттеудің практикалық мәні:

— Жоғары класс  оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру тиімділігі тәжірибие-эксперимент жұмысында сынақтан өтті.

— «Өмір тәжірибесі туралы ойлау» тесті алынды;

— «Мақал-мәтел» тест әдістемесі өткізілді;

— Зерттеу нәтежелерін жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, ғылыми әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің  көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы қарастырылады.

«Оқушылылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары класс оқушыларының «рухани-адамгершілік құндылық» ұғымдарының мәнін теориялық тұрғыдан негіздеп, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру үрдісінің теориялық негіздері айқындалды.

«Оқушыларға рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған тәжірбиелік-эксперимент нәтежелері» атты екінші тарауда оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың мүмкіндіктері қарастырылып, әдістемелер жүргізілді. Жоғары класс оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың динамикасы анықталып, жұмыс нәтижелерінің эксперименттік қорытындылары шығарылды.

Рухани-адамгершілік құндылықтар мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі таралуы қарастырылды.

 Дипломдық жұмыс / 60 бет