Қазіргі кездегі жастар мен әлеуметтік жұмысының барысы

Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың спецификалық (өзгеше) проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.

Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.

Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.

         15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны – 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.

1-кесте. 2001-ші жылмен 2004-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі,% (15-29)

Жылдар

2001

2002

2003

2004

Халықтың жалпы саны,%-бен

100%

100%

100%

100%

Жастар үлесі

24,7

25,0

25,4

25,7

 *Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2003г.

         Сонымен, жоғарыда көрсетілген кестеден халық құрылымында жастар санының ұлғайғаны көрінеді. Дегенмен, жастар санының өсуі регрессивті сипатты процестер есебінен болып отыр.

2- Кесте.   Жастық топ бойынша жас халықтар саны (мың адам)

 

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

2004ж-2001ж %-бен

15-29

1431,4

1418,0

1418,7

1374,3

96,01

20-24

1288,2

1307,6

1293,6

1251,0

97,11

25-29

1153,9

1150,4

1152,7

1162,4

100,73

          Жоғарыда көрсетілген 2-Кестебойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140,4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.

         25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін көре аламыз.

Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары;  өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда  болуына,  олардың  тұрақсыздығына  алып  келеді.

Республика экономикасында 1205,8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі – 50,5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 49,5%.  Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17,1% -ды құрайды, орта мамандар – 27,1%-ды және  жалпы орта білімді жас азаматтар – 44,3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356,8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29,6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста – 189,5 мың (15,7%), ал қызмет көрсету саласында – 659,1 мың (54,7%) жастар жұмыспен қамтылған.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер — әлеуметтік қамсыздандыру,  білім,  жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған

3-Кесте.  Халықтың  жас ерекшелігі мен саны пайызбен

  Халықтың орташа республикалық санының пайыздық көрсеткіші

2000ж

2001ж

2002ж

2003ж

2004ж

Барлық халық

100

100

100

100

100

Соның ішінде жас еркшілігі бойынша,жыл:

1 жасқа дейін

 

 

1,6

 

 

1,5

 

 

1,5

 

 

1,4

 

 

1,4

1-4 7,3 1,5 6,5 6,1 5,8
5-9 10,6 6,9 10,0 9,7 9,3
10-14 10,3 10,5 10,7 10,8 10,7
15-19 9,2 9,3 9,4 9,6 9,8
20-24 8,4 8,5 8,6 8,7 8,8
25-29 7,4 7,6 7,7 7,8 7,9
30-34 7,7 7,4 7,2 7,1 7,1
35-39 8,0 8,1 8,0 7,9 7,6
40-44 6,5 6,7 6,9 7,1 7,4
45-49 5,4 5,6 5,7 5,8 6,0
50-54 2,8 3,0 3,5 4,1 4,7
55-59 4,8 4,4 3,7 3,1 2,6
60-64 3,1 3,4 3,8 4,1 4,2
65-69 2,9 2,7 2,4 2,2 2,2
70-тен жоғары 4,0 4,0 4,4 4,5 4,5

2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі халық саны  1,5%-ға,  1-4 жас аралығындағы халық саны 3,4%-ға, 5-9 жас аралығындағы халық саны 1,3%-ға, 30-34 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 35-39 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 55-59 жас аралығындағы халық саны 2,2%-ға, 65-69 жас аралығындағы халық саны 0,7% -ға кеміді.

Ал, 10-14 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 15-19 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға,  20-24 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 40-44 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға, 45-49 жас аралығындағы халық саны 1,6%-ға, 50-54 жас аралығындағы халық саны 2,1%-ға, 60-64 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға  және 70 жастан жоғары жастағы халық саны 0,5%-ға 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Және де осы кестеден көріп отырғандай халықтар арасындағы  ең үлкен өсім 10-14 жас аралығында байқалады.

Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістірді. Көптеген отбастарында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты – репродуктивті, экзизтенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді. Алаңдатушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы. Аборттан кейінгі өлім – ана өлімінің жоғарғы коэффициентіне қатысты негізгі себептердің бірі.

Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасында да жас айырмашылығына байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі байқалады. 2003 ж. мәліметтері бойынша қазақ әйелдерінің бала туу жасының мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін ақталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады. (барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі).

Қазіргі кезде қазақстандық әйелдері көпшілік жағдайда, бір екі бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала туу барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.

2001 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 2004 жылы неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың неке-6,4, ажырасу-2,4 болған. Яғни, 4 жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасудар саны қарқынды өсуде.

Некеге тұрушылар санының қысқаруы байқалады. 2000 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 2002 жылы 9,8 неке қиылған, яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.

Әрине, әлеуметтік қызметкер жеке отбасы мен оның мүшелерінің барлық мәселесін шешпейді, ол әлеуметтік топқа туындаған қиыншылықтарды өз бетінше жеке білуге көмектесу мақсатында, иек ынталандырып немесе оңтайландырады. Бұл жағдайда отбасы мәселелерін шешуде отбасы мүшелерінің шын мүдделілігі, сол сияқты әлеуметтік қызметкер ықпал етуге қабілетті өз бетінше шешім қабылдауға дайындығы орасан зор роль атқарады.

Қазақстанда Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.

Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:

—         психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;

—         өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;

—         жас отбасыларына әлеуметтік көмек;

—         еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;

—         мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;

—         құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

—         жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.

Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:

1)     заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;

2)     мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;

3)     жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;

4)     құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;

5)     Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.