Қазақтың ұлттық педагогикасының қалыптасу жолдары туралы қазақша реферат
Қазақ мәдениетін – ғасырлар бойы қалыптасќан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы- халықтың мәдени мұрасы.
Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі .
Тәрбиелеу- мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпелі және отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи -әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.
Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (ұлт педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық тәрбие жүйесін халықтық тәлім-тәрбие дейміз де, ол туралы тұжырымдалған ғылыми жүйені халық педагогикасы дейміз.
Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.
Ал, ұлттық салт-дәстүрлер игі әдебиеттердің әдет-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы), салттан салт-сана (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсететін жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады.
Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетедіде, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.
Халық педагогикасы- сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың (этностың) тәжірибесінсіз “педагог тажоқ, педагогика да жоқ “ (К.Д. Ушинский). “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз” (Аристотель). Сол халық тәжірибесі арқылы дамып қалыптасқан “Халық педагогикасы-империкалық білімдер жиынтығы”(Г.С. Виноградов) болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасы ұлттық тәрбие құралы ретінде оның этнгостық (ұлттық) ерекшеліктерін қалыптастырады.
Педагогика және этнопедагогиканың арақатынасына
(К.Ж. Қожахметова) төмендегідей талдау жасайды.
Ғылымның
компоненттері |
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ — үлкендер мен балаларды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым заңдылықтары |
Мақсаты мен міндеттері | 1.Тәрбие аймақтарының заңдылықтарын ашу, білім беру, оқыту, тәрбиелеу мен білімдендіру жүйесін басқару; 2. Практикалық тәжірибені кеңейту және үйрену; 3. Білім беру жүйесін болжау; 4. Практикада зерттеудің нәтижесін енгізу; 5. Негізгі инновациялық үрдісті әдістемелік, теориялық тұрғыда өңдеу, тәжірибе мен теорияның
|
Нысанасы
|
Педагогика нысаны – адамның өзгеруі мен өзіндік өзгеруі барлық жағынан құрылымы және оның қалыптасуы. |
Пәні | Пәні-оқу-тәрбие үрдісінің мақсаттылығы, бар мақсаттылығының қалыптасуы, оқыту, оқу, өзін-өзі білімдендіру мен өзін-өзі тәрбиелеу. Педагогика пәні- тәрбие, білім беру , оқытудағы адамның тұлғалық қалыптасуы мен дамуындағы бағыттар үрдісі. |
Қызметті | Адамдарға таным заңдылықтары тәрбие, білім беру, оқыту мен оның негіздерін көрсету және жақсы жолы педагогикалық тәжірибе мен қойылған мақсатқа жетудің тәсілін көрсету. |
Әдістері | Бақылау, тәжірибеден үйрену, басылымдар, мектеп құжаттарын талдау, педагогикалық шеберлікті үйрену, әңгімелесу, педагогикалық эксперимент, педагогикалық тестілеу, сауалнама, сандық әдістер. |
Принциптері | Тәрбиелеу: 1. құндылық қарым-қатынасқа бағытталу; 2. Субъективтілік; 3. “баланың бар екенін қабылдау”.
Оқыту: оқытудың дамытушылық, тәрбиелеушілік сипаты; ғылыми мазмұн мен оқу процесінің әдістері; ғылым жетістіктерін меңгерудегі жүйелілік пен бірізділік; саналылық; көрнекілік; оқытудың жеткіліктілігі; оқытудың өмірмен байланыстылығы; |
Категориялары | Тәрбиелеу,оқыту, білімдендіру, қалыптастыру, дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, педагогикалық процесс, әлеуметтік қалыптасу. |
Заңдары | Оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістерінің әлеуметпен ұштасу заңы; тәрбиелей және дамыта оқыту заңы; оқушылар іс-әрекетінің оқыту мен тәрбиелеуге бағыттылық заңы; педагогикалық процестің тұтастық заңы; оқытудағы теория мен практиканың байланыстылық заңы; оқу практикасын ұйымдастырудағы ұжым мен жеке адамдардың байланыстылық заңы. |
Заңдылықтары | Педагогикалық заңдылық — тәрбие құбылыстарының нақты шынайылықпен байланыстылығы.
1.Жеке адамның әлеуметтік-психологиялық қалыптасуы, баланың өзіндік белсенділігіне байланысты іске асырылады; 2. тәрбие процесінде баланың іс-әрекетінің мазмұны, өзекті қажеттіліктердің тууына байланысты өзгеріп отырады;
|
Теория | Тәрбие процесінің мәні. Тәрбие процесінің заңдылықтары. Жеке адамды қалыптастырудың біртұтас теориясы. Тәрбиеге комплекстік тұрғыдан келу теориясы. Оқушы тәрбиесін жүйелі талдау. Педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын қалыптастыру. Және басқа теориялар. |
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар, өзіндік ерекшеліктері бар құбылыс. Этнопедагогика — ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық — қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, — дейді (Қасымжанов А. Рухани тамырлар. “Қазақ”, 90-б.).
Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байланысты.
Қазақтың ұлттық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықтарын үйретуді көздейді.
Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) — ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі — ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет – тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің этикасы мен этникасын (әдебін) яғни мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп адамдығын қалыптастырады.
Жас ұрпақтың әдептілігін (мәдени болмысын) дамытып қалыптастыру үшін, қазақ халқы әдебиеттің әдептілікке үйрететін үрдістерін жан-жақты пайдалана білген.
Ең әуелі бір жастан бес жасқа дейінгі баланың адамдық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында, қазақ халқы тілашар дәстүрі сияқты ұлттың шығармашылық жемістерін барынша қолданып, оны тәрбие құралы етіп, пайдаланған.
Әсіресе, қазақ халқының мақал-мәтелдері ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеудің ең басты құралы болды.
“Туған жерге туың тік”, “Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол” сияқты мақалдар туған жерді сүю отанды ардақтау мәдениетін үйретуді көздейді.
“Кәсіп, кәсіптің түбі – нәсіп”, “Аз да болса, саз болсын” сияқты мақалдар кәсіпте мәдениет негізі екендігін меңзеп, “аз да болса, саз” еңбек мәдениетін үлгі етіп көрсетеді.
“Бірлік болмай, тірлік болмас”, “Ырыс алды ынтымақ” сияқты мақалдар ынтымақ пен бірлік ұлттық мәдениеттің өзекті бір түйіні екендігін түйсіндіреді де, “Бас басыңа би болсаң, Манар тауға симассың. Бір данаға жол берсең, жанған отқа күймессің” деп түйіндейді.
“Бөріктінің намысы бір”, “Ер мойнында қыл арқан шірімес” деп, халық ер азаматтардың намыстылығын және олардың елге қызмет ету мәдениеті әруақытта сақталады деп, олардың халық алдында парызын мойындатады.
Қазақ — ақын халық. Қайым айтыс, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, жұмбақ айтыс, хайуанаттар айтысы сөз көркемдігімен, тіл жатықтығымен тыңдаушының көркемдік сезімін оятумен қатар, жастарды өнерге баурап, оларға әдептілікті, инабаттылықты, мәдениеттілікті үйретеді. Мысалы: Орманқұл мен Тәбияның айтысында,
“Бос мойын, бота тірсек бозбала көп,
Киіздей шала басып, қарпылмаған”- деп,
Тәбия қазақ жігіттерінің мәдениеттілігі аз екенін бір ауыз өлеңмен түйіндейді.
Бұрынғы және қазіргі айтыс өнерінде айтыс барысында әдепті бұзған ақын әруақытта жеңіліп қалып отырады. Айтыс жанры өлең өрнектерінің көркем болуын талап етеді де, тыңдаушының, айтушының көркемдік (эстетикалық) сезімін оятады. Мәселен, Біржан Сал мен ақын Сараның айтысында сұлулықты көркемдікті, әсем мінезді қастерлей жырлау басым. Мысалы:
“Тамағым жас баланың білегіндей,
Иығым сандалеттің тірегіндей.
Бет алдым қоңыр қаздың кеудесіндей,
Талбойым жолбарыстың жүрегіндей”
деп, Ақын Сара өз бейнесін көркем суреттейді.
Қазақ халқының салт дәстүрлеріндегі мәдени негіздер.
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі — әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. “Әке — отбасының пірі”, “ана-әулеттің күні” деп халық от басындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінгі сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйренумен қатар, ұстаз бен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне ұстаз “сегіз қырлы, бір сырлы” өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарында әдепті болу, инабатты, иманжүзділік талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен ізеттілік белгісі ретінде “еке” деген сыйласымдық жұрнақ қосылып (Әдеке, Беке, Ардеке т.б.) айтылса, және “апашым”, “апатайым”, “ағатайым” деп атаса, кішілерге және балаларға сөз айтқанда “жаным”, “күнім”, “айым”, “ботам”, “құлыным” деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер қолданылады.
Қазақтың ұлттық: имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық дәстүрлеріндегі рәсімдері — ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады.
“Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй” деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті туған жерді қастерлеу, халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты сүюді парыз деп санайды, халық педагогикасының мәдени, рухани кредосы — әдептілік.
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек — ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәденитәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, сауап, үнем сияқты ұғымдарға қайшы келетін кесір, обал, ысырап сөздерінің мәнін халық жас ұрпаққа жастайынан түсіндіріп, ұрпағын салауаттылыққа, үнемшілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат-жұратты сыйлау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, жолдас, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. “Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын”, “Құдаңды құдайдай сыйла”, “Шын дос болу – бақыт” деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Ер намысы, қыз абыройы — қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. “Жақсы жігіт он бесінде баспын” дейді, “жаман жігіт отыз бесінде жаспын” дейді деп, халық жеке тұлғаның мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті) етіп тәрбиелеу — ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік-мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні — ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Мәдени – рухани сәулет
Әдепке айналған игі іс-әрекеттің әлеуметтік қалпы дәстүр болып, ұлттық дәстүрдің берік қалыптасып, өмір заңдылығына салтқа айналуы, оның халық санасына сіңіп, ұлттық заң ретінде қолданылуы – салт-сана деп аталды. Халықтың салт-санасына сіңген “Кісілік” дәстүрінің мәдени рәсімдерін төмендегіше саралап талдауға болады: Ұлы ғұлама әл Фараби “Тәрбиелеу жеке адамның кісілігін қалыптастыру”, — дейді. Кісілік – жеке тұлғаның мәдениетті іс-әрекетінің көрінісі. Кісі (кәмелетке жеткен адам) ұлттық дәстүрге байланысты қалыптасқан мәдени нұсқаларды өз бойына сіңіріп, іс-әрекетінде сол мәдениеттілікті көрсете білуге тиіс.
“Адам болар баланың кісімен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар” деп, халық кісілік – мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер — ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері. “Мың шыж-быждан бір сіз-біз артық” деп халық сыйласым — ұлттық мәдениеттің негізгі тірегі екендігін уағыздайды.
Кісілік – жеке тұлғаның кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған іс-әрекетінің көрінісі. Кісі нағыз адам болған тұлға. Оның нағыз адамдығы игі іс-әрекетінен (адамгершілігінен) көрінеді. Ал адамгершілік жеке тұлғаның мәдени деңгейін көрсетеді.
Кісілік: имандылық, салауаттылық, қайырымдылық, перзенттік парызды өтеу, әдептілік өнерпаздық, сыйласымдық, ата текті қастерлеу, бірлікшілдік рәсімдерінен қонақжайлылық, ар-намыстылық дәстүрлерінің рәсімдерінен айқын көрінеді.
Жеке тұлғаның таза жүруі, есірткіден аулақ болуы, ар-ұятын сақтай білуі, оғаш қылық көрсетпеуі, желікпеуі, не сөйлеседе салмақты, сабырлы, қисынды сөйлеуі оның салауаттылық мәдениетін көрсетеді.
Жеке тұлғаның тек қана жақсылық ойлап, адам баласына ізеттілік, инабаттылық, сыйласым көрсетіп, жақсылыққа, әділеттілікке, ақиқатқа сенуі оның имандылық мәдениетін көрсетеді.
Жеке тұлғаның адам баласына, табиғатқа, жан-жануарларға жақсылық жасауы, басқаға көмек көрсетуі, адам баласына, барлық тіршілікке мейірімді болуы, оның қайырымдылық мәдениетін көрсетеді.
Отанға, ата-анаға қызмет ету, перзенттік борыштар мен міндеттерді өтеу, Отанды, ата-ананы сүйіп, ардақтай білу – перзенттік парызды өтеу – мәдениеттіліктің ең зор белгісі.
Әдепті іс-әрекет, әдеппен сөйлеу, басқа адамдардың алдында ізетті, инабатты болу, қайырымдылықпен, мейірімділікпен қамқорлық көрсету белгілері, әдеп сақтау — әдептілік мәдениеттіліктің белгісі.
Жеке тұлғаның (кісінің) өнерді сүйе білуі, өнерпаздарды қадірлей білуі, өнерлі болуы — өнерпаздық мәдениеттілікті көрсетеді.
Жеке тұлғаның ата текті қастерлеуі ұлтын және адамзатты ардақтауы, ата дәстүрлерін жалғастыруы, ата-бабаның адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруі – тектілік мәдениеттіліктің бір белгісі.
Дос, жолдас, туыс, ұжым бірлігін сақтау, рулық, ұлттық, халықаралық бірлікті сақтау – біршілдік-кісіліктің (мәдениеттіліктің) белгісі.
Кез келген адам баласын сыйлап, оған жағдай жасау, сыбаға беру, қонақкәде т.б. рәсімдерді орындау, аш-арыққа көмек көрсету — қазақи қонақжайлылықтың, яғни ұлттық мәдениеттің бір белгісі.
Жеке тұлғаның “Жаным арымның садағасы” деп өз арын, ұлттық, адами намысты қорғай білуі, әрқашан алға талпынуы, алға қойған мақсаттарын орындамай тынбауы – ар-намыстылық кісілік мәдениеттің айқын белгісі.
“Ұлттық намыс — қазақ халқының қозғаушы күші” (Ш.Уәлиханов). Ол ардан туады. Ар мәдениеттің тұтқасы. Халық арды бәрінен де биік қояды, оны қорғайды. Ар – жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі. Қазақ халқы “малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы” деп, арды жаннан да қымбат адамгершілік қасиет деп есептейді. Ар ұяттан туады да бірте-бірте берік қалыптасады.
Жеке тұлғаны жеңіске, табысқа жеткізетін қуатты құбылыс – намыс. “Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді” деп, халық “бөрік кигеннің намысы бір” деп, әрбір адамның намысты болуы оның адамгершілік (мәдениеттілік) сапасын көрсететін уағыздайды.
Ұлттық намыс – жеке тұлғалардың намысын оятып, отансүйгіштікке тәрбиелеу арқылы қалыптасады. “Біз қазақ ертеден еркіндік аңсаған” деп ұрандап ұрпағын Отандық ар-намысты қорғай білуге тәрбиелеген халық — намысты халық. Қазақ халқы ешқашанда намысты қолдан берген емес. “Итің ұры десе намыстанатын халық” – намысты халық. Кең жерді, кемелді елді “мың өліп, мың тірілген” намыс иелері қорғап қала білді.
1937-38 жылдардағы ұлт намысшылдарын жаппай ату, асудан қаймықпаған ерлердің ерліктері 1986 жылғы “Желтоқсан дауылпаздарының” ұлттық намыс үшін өлімнен қорықпай өрттей қаулап шеруге шығуы — ұлттық намыстың тасқынды күш, таудай қамал екендігін көрсетеді.
Ұлттық намыс – жалпы ұлттың мәдениеттілік кредосы болып табылады.
Қазақ халқының ұлы ғұламалары мен ойшылдары тәрбиені жеке тұлғаны мәдениетҚілікке үйретудің құралы деп тұжырымдады да, ол туралы өздерінің өнегелі пікірлерін келешек ұрпаққа қасиеттеп қалдырды.
Ұлттық мәдениеттің алтын арқауы болып табылатын әдеби мұралар мен күйлерді қалдырған Қорқыт ата (VІІ-VІІІғ) “өлмейтін өмір кілті өнерде” деп өнерді халық мәдениетінің қасиетті белгісі деп таныған болатын. Сөйтіп әулие бабамыз “Арыстан баб”, “Ұстаз”, “Аққу”, “Ұшардың ұшуы”, “Кілем жайған”, “Әуіпбай”, “Башпай”, “Желмая”, “Елім-ай”, “Тарғыл тана”, т.б. “Қорқыт ата күйлерін” қалдырды, оның 12 жырдан тұратын поэзиялық кітабының қолжазба көшірмелерінен Қорқыт ата өмір сүріп өткен ғасырлардағы ұлттық мәдениеттің көріністерін байқаймыз.
Қорқыт ата Ұлттық мәдениеттің мәнді болуы отбасынан басталатынын, ал отбасының құты әйел адам екенін айта келіп, отбасының мәдениетін ұстанатын әйелдерді төрт түрге бөледі: 1. Әйелдің бірі үйдің тіреуі “Ол алыс қырдан, жапан түзден” үйге бір жолаушы келсе, ері болмаса да, ішкізіп жегізіп, сыйлы жандарын үйден шығарып салар. 2. Әйелдің бірі кепкен ағаш секілді. “Таңертең жатқан жерінен тұрып, беті қолын жумастан тоғыз тоқашты бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша асап жейді”. Бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйірін таянып алып, әлгі әйел былай дейді:
“Қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгеннен бері қарным бір тоймады, аяғымнан жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді. Ерім өлсе, басқа біреуге тисем қандай жақсы болар еді”.
Әйелдің бірі үрген қарын секілді. Ол “жұлқылап оятқанша орнынан тұрмайды, беті қолын жумайды”. Үйінің ол жағынан бұл жағына бір, бұл жағынан ол жағына бір шығып бұрқыратып жатады. Өсек айтып есік тесіктен сығалай тыңдап, түске дейін ауыл қыдырады. Түстен кейін үйіне оралады. Келсе, үйге ит кіргенін, тайынша – бұзау жүргенін көреді. Тауық пен сиыр қораның да ұйқы тұйқысы шыққан. Сонда да көршілеріне келіп былайша айқайлайды:
— “Ау, Зылиха, Зүбайда, Ұрубейде, Чанқыз, Чанпаша, Айна, Мелек, Құтты Мелек, қайдасыңдар? Мен-ақ өлейін, көзімді құртайын да кетейін. Төсек орнымның да быт-шыты шығып жатыр…. Көрші хақы, Тәңір хақына менің үйімді қарай салсаңдар нелерің кетер еді?! – деп көпіреді.
Қанша айтсаң да бәз баяғысындай мелшиген қырсық әйел. “Алыс қырдан, жапан түзден” бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса, былай дейді:
Бұл қараң қалғыр үйде ұн жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді. Не әкелсе де, берерім жоқ, — деп, теріс айналып қожасына қос саусағын көрсетеді”, деп кейбір әйелдердің мәдениетсіздігін қатты сынайды.
“Тәкаппарлықты Тәңірі сүймейді”, “Көңілі пасық елде дәулет болмас” т.б. мақалдары арқылы Қорқыт ата жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінезінен көрінетіндігін дәлелдейді.
Елді кемелдендіру (мәдениеттендіру) үшін бірлік пен татулық керек екенін Қорқыт ата “Дірсе хан ұлы Бұқаш хан әңгімесінің баяны”, “Қазан Бекұлы Ораз-Бектің тұтқңн болған әңгімесінің баяны” деген жырларында кеңінен баяндайды.
Ғаламның Екінші ұстазы Әл Фараби (870-950) ұлтты мәдениеттендіріп оны кемелдендіру үшін, халыққа білім беруді уағыздайды. Ал, тәрбиесіз жалаң білім мәдениеттіліктің негізі бола алмайды деп көрсетеді ұлы ғұлама. “Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауына айналады” деп көрсеткен ғалым, тәрбие әдісіндегі “орташа” тәсілді қолдануды ұсынады.
“Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет”. Ал, арлылық — мәдениеттіліктің белгісі. “Тәрбиелеу жеке адамның кісілігін қалыптастыру…Ал, кісілік – жеке адамның әдептілігі, мәдениеттілігі болып табылады” – деп көрсетеді ұстаз. “Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық (әдептілік) игіліктер мен өнерлерді дарыту” деген сөз деп ұлы дана тәрбиені халықты мәдениеттендірудің қуатты құралы ретінде жоғары бағалады.
Адамның мәдениеттілігі оның мінез мәдениетінен көрінетінін ғалым: “адамның адал, шыншыл болуы өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады”, — деп, дәлелдеді.
Поэзия және музыка жеке тұлғаны,халықты мәдениеттілікке баулудың басты құралы екендігін ғалым: “Поэзия… адам санасының арайлы сәулелерін (мәдениеттілікті) молайта түседі” деп көрсетеді. “Музыканың негізгі мақсаты адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру”, яғни оның рухын мәдениеттендіру екенін ұлы ұстаз “Музыканың ұлы кітабы” деген атақты еңбегінде жан-жақты баяндап берді.
“Қайырымдылық, әдептілік мемлекет қайраткерінің басты қасиеті болу керек”, деп, ұлы ұстаз мемлекет басшысының мәдениетті болуын талап етеді. Ұстаз ғалым қанағат та мәдейиеттіліктің негізгі бір белгісі екендігін: “Рахатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдылық жасау арқылы келеді: ішіп-жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рахатқа шектен тыс берілу тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы рахатшылық сезімнің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты қасиеттер”, — деп, нәпсіге ұстамдылық пен қанағат та әдептіліктің (мәдениеттіліктің) бір негізі екенін көрсетеді. “Жаман мінез-құлық рухани кесел”. Ол кеселді жеңу үшін, әдептілікті (мәдениеттілікті) үйрену керек дейді. (“Әлеуметтік этикалық трактаттар” А, 1975ж. 12-27 б)
Жеке тұлғаның санасына мәдениет рухын ұялату үшін, ғалым “нәрлендіру, түсіндіру елестету, ұмтылту және ақыл-парасат” әрекеттері болу керек екенін баян етеді. (Бұл да сонда 190-193 б)
Жеке тұлғаның мәдениеттілігінің бір белгісі — қайырымдылық “Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және интеллектуальдық. Интеллектуальдық — [жанның] ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық — [жанның] ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік”, — дейді. (Бұл да сонда 199-200 б)
Түркі тілдес халықтардың ХІ ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл шығыс елдеріне мәлім болған данышпан ойшыл, шежіреші ғалым (“қас қажып”), белгілі қоғам қайраткері Жүсіп Баласағұн ХІ ғасырдағы ұлтты кемелдендіру (яғни мәдениеттендіру) үшін ең әуелі отбасындағы әдептілік қарым-қатнасты қалыптастыру керек дейді. “Әкені сыйламаған ұлдан без, ананы сыйламаған қыздан без” дейді. Әдеп отбасындағы тәрбиенің алтын арқауы екенін айта келіп: “Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат, ұлық болсаң кішік бол”, — деп түйіндейді.
Ғұлама ақын ұлтты мәдениеттендіру үшін, ел басқарған әкімдер әдепті болу керек дейді. Ел-жұртты басқарып кемелдендіретін адам – ақыл-парасатты, ниеті түзу, сөзі қисынды, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын иманды да, инабатты, әдепті де әділетті болу керек деген ойын ол өзінің “Құтты білік” (“Құтты билік”) деген дастанында даналық дарынмен жеткізген.
“Қас қажып” (нағыз ғалым) Жүсіп Баласағұн ұлттық мәдениетті өркендететін адам білімді, ақылды болу керек дейді:
“Ақыл — шырақ қара түнді ашатын,
Білім – жарық, нұрын саған шашатын”
“Ақылды, білімді адам қылмыс ісіне (мәдениетсіздікке) бармайды” деп, ұлы ұстаз тәрбие мен білімнің біртұтастығы жеке тұлғаның әдептілігін (әдебін) қалыптастыратынын баса айтады.
Ақын надан адам әдептілікті (мәдениетті) қор етеді деген ойын:
“Наданға төрден орын тисе, қор етеді,
Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді,”
деп жетелі сөзбен жеткізеді.
Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас, — деп,
ұлы ғалым, философиялық ой түйінінде білімді адамның мәдениетті қасиеттерін жоғары бағалайды.
Ақын жеке тұлғаның мәдениеттілігі оның мінез құлқынан, іс-әрекетінен, әсіресе тілінен айқын көрініп тұратынын айта келіп:
“Тіл – арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды”…
“Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады”, — деп
Тіл мәдениетін сақтай білмеген адамның қайғылы қасірітке ұшырайтынын ескертеді.
ХІІ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, есімі Қарахани мемлекетіне мәжһүр болған ақын, ғұлама ғалым Ахмет Иүгінеки “Ақиқат сыйы” (“Хибатул – хакайық”) деген дастанында, “мәдениеттілік – білімділікке байланысты” деген философиялық ой жүйесін жырмен жеткізеді:
Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей достым, білімдіге ынтызар бол
Ашылар білімменен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт толы, -дейді.
ғалым ақын мінез мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің жеке тұлғадағы бір көрінісі екендігін:
“Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі,
Біліп қой жомарттық — сараңның айнасы”
деп дәлелдейді.
ХІ –ХІІ ғасырда өмір сүрген, есімі ислам әлеміне мәлім болған ойшыл қайраткер Ахмет Яссауи (ХІІ–ХІІІғ) мәдениеттіліктің тірегі — әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, рухани өмірдің таза болуы, жан тазалығы мен тән тазалығы деп көрсетеді.
“Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,
Ақиқатты ары таза сүйе біл”, — деп
Ел сыйлау, ақиқатты сүю, ардың таза болуы – мәдениеттілікті (әдепті) көрсететін қасиет екенін тәлім нұсқасы ретінде ұсынады.
Ахмет Яссауи ұлтты мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы – дін деп көрсетеді, “имандылық мәдениеттілік екенін дәлелдеп, бір Алланы сүю шынайы махаббат”
Ахмет Яссауи ислам мәдениетімен әдет-ғұрыптарының негіздерін (“шариғат”), сопылықты (тақуалықты) насихаттау (“тарихат”), дін жолын танып, оқып білу (мағрифат), құдайға құлшылық ете білу (“хақиқат”) — ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу, “иман нұры”, “хақиқат дариясы” арқылы адамның жан тазалығы қалыптасатынын өнегелік өлең өрнектерімен уағыздайды.
Әулие ақын жеке тұлғаның шыншыл, қамқоршы, мейірман болуы оның мәдениеттілігін (имандылығын) көрсетеді деп, даналық өсиеттері арқылы ол ұрпақты имандылыққа (адамгершілікке) тәрбиелейді.
Ұлы тәлімгер Мухамед Хайдар Дулати (1499-1551)
«Тарих и Рашидиң, «Жаһаннамаң атты тарихи және көркем шығармасында ұлттық мәдениеттің негіздерін ел басшысы қатерлеп, елге өзі үлгі көрсетуі керек деп түсіндіреді. Ел басшысы қарапайым, қамқоршы, жаны мен тәні таза, кішіпейіл, көреген, көпшіл, адал, шыншыл, талап қойғыш, аңғарымпаз болукерек дейді.
Ұлттық әдеп жеке тұлғанның әдептілігінің қалыптасуына байланысты, сондықтан әрбір адам: алладан қорықпайтын (кінәлі, күнәлі, қылмысты), бұтқа табыну, жалақорлық, ұрлық жасау; ішкілікке, есірткіге әуестену, отанды қорғаудан бас тарту, ата-ананы сыйламау сияқты қылмыстардан аулақ болу керек деп кқрсетеді. Сөйтіп ұлттық әдепттің (мәдениеттің) тәлім-тәрбиелік мәнін жоғарғы бағалайды.
Ұлттық тарихшы тарихи тұлғалар туралы мәлімет бергенде олардың имандылықтары мен әдептіліктер туралы кеңінен сипаттап, мәдени өнегелерді ұрпаққа тәлім-тәрбиелік нұсқа ретінде пайдаланады.
Ұлы тәлімгер мәдениеттіліктің шыңы парасаттылық деп көрсетеді: «Парасаттылық қылыш пен жебеден әлдеқайда асып түседі. Ақылдың алдында ашу мен түрлі қырсық атаулы бас иеді. Парасат жүрген жерде бейбітшілік орнайды, жақсылыққа қолжетедің-дейді.
Қазіргі таңдағы елімізді адамгершілік тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін, жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана білуге көңіл аударуымыз қажет. Өйткені, жастар бойындағы зерігушіліктің, әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын, мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол халқының әдет-ғұрпындағы салт-дәстүріндегі әдептіліктік таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын шешен өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-сапалық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру басты міндеттеріміздің бірі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың сипаттары мен ұлттық ерекшеліктерінің көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын педагогикалық категория бойынша жіктеді. Оны төмендегідей тұрғыда қарастырамыз.
Жалпы тұрғыда:
а) бойға дарыту б) машықтандыру жолдары
ә) ойға қондыру в) жаттығу әдістері
Ұлттық тұрғыда:
а) Халыққа тән болмыстың сипатын ашу
б) Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері
в) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы- әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген .
Қазақтар “Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”- дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр”деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себебті ұлтымыз:”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса — қуан” — деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі — қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатынын бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі- ана. Ал қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек, өйткені қыз бала ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, Отанның мықты болуы мүмкін емес. Яғни, Қазақстанның әлем мойындайтын мемлекет болуы әрбір отбасына, оның мүшесіне әсіресе әйел затына көбірек байланысты. Себебі қашанда отбасының ұйытқысы — “Әйел” деген даналық сөз бабалардан болашаққа жалғасып келеді. Баяғының білімпазы Ризаудин Ибн Фахруддин: “Әйелдері тәрбиелі болған халық -тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық-тәрбиесіз”. Әйелдері үнемшіл,пысық, жігерлі, талантты болса- халық бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса, халық тақыр кедей болады,-деп бекер айтпаса керек. Тіпті, қыз бала анасына тартады деп қортынды жасаған халықта ақылды әжелер, инабатты аналары бар ауылдың бойжеткеніне көрмей-ақ құда түсу салты да бар. Қызды тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу,-деген сөз. “Халықты тану үшін қызын көр”- дейді. “Кәріге құрмет, үлкенге міндет” демекші үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлері әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез- құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қасиеттеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел “Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды”, “Кәрі, кәрінің сөзі- дәрі”, “Кәрісі бардың ырысы бар”, “Атасыз үй батасыз, анасыз үй панасыз”, деген ұлағатты сөздеріміз, мақал- мәтелдеріміз бекер айтылмаған болу керек. “Бала- артта қалған із, бақыт- ұзатылған қыз”, “Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың” — дейді халық. Сондықтан да адалдық құндылықтарды, халықтық ұранын зор ниетпен бағалай біліп, оларды адамзат мүддесіне жарату, салт-тәрбие көрсетілген). “Қыз өссе, елдің көркі”, “Жоғалтпа салт-дәстүріңді”, “Ұлттық тәрбиеміздің ерекшеліктері” т.б. тақырыптарда пікірталас, әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың ұлттық тәрбиеге деген танымдық қызығушылықтарын оятуға міндеттіміз[53,14].
Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер оқушыны жауапкершілікке тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болу мен қатар, сол оқушының ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ. Тәрбие саласында мақсатқа жетудің негізгі принципі — көзделген істің мазмұны, оны жүргізу әдістемесі мен тәсілі және түрі екендігін үнемі ескертуге тиістіміз. Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі саналы өміріне қажетті қызығулардың, түрткілерінің, дағдылардың қалануының негізі болғандықтан, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі саналы оқу әрекетін қалыптастыру болып есептеледі. Олай болса, оқу үрдісі баланың әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші әрекетінің сәйкестендіріп, қоршаған дүниені тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін меңгеруге, бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылдыру қажеттіліктерін туғызады.
ХХ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазіргі кездегі саясат экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда. Осыған байланысты адами-құндылық қасиеттері мен кәсіби біліктілігі жоғары бағытта жұмыс істей алатын мамандар даярлау мәселелерінің қажеттілігі артуда.
Олай болса, университет студенттері терең және жан-жақты білімділігімен, ізденімпаздығы және шығармашылық мүмкіндігінің кеңдігімен, рухани бай дүние танымымен, өзіндік адами-тұлғалық биік қасиеттерін бойға жинаған нағыз маман ретінде қалыптасуына оқытушылар ықпал етеуі керек. Студенттердің адами-құндылық қасиеттерін қалыптастыруға этнопедагогика ғылымынын жоғары оқу орындарындағы барлық факультеттерде оқытылғаны жөн.
Этнопедагогика — ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері. Белгілі ғалым А.Қасымжанов: “Мәдени эмпирикалық деректер мен айғақтарға талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық уақыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық уақыт) ғылыми түрде, айқындап көрсетеді. Ағартушылық — қазақ халқының ХІХ ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады”, — дейді (Қасымжанов А. Рухани тамырлар. “Қазақ”, 90-б.).
Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байланысты.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі — ұлттық тәрбиенің жемісі. Этнопедагогика- адамды мәдениеттілікке тәрбиелеудің басты құралы болып табылады. Кез келген әдеби шығармалар, ұлттық салт-дәстүр кез-келген адамға эстетикалық, көркемдік мәдениетін қалыптастыруға себін тигізеді. Мысалы келтірер болсақ, аталы сөз – бата, өнеге, тілек — ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері. Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақта мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат тұтқан.
Этнопедагогика пәні — ұлттық мәдениеттің бет-бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Этнопедагогиканың негізгі бір саласы — ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына (әдет-ғұрыпқа, әдепке) айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени іргенегізі — әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол – салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке (зањдылыќќа) айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем — әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктерімен сараланады. Қазақ келіні сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. “Әке — отбасының пірі”, “ана-әулеттің күні” деп халық от басындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңлі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Жалпы алғанда руханилық — тек адамдарға тән маңызды қасиет, бірақ руханилық білімділікпен шектелмейді. Адам өзін және басқаны тану барысында руханилық қасиеттерді дамытады және өз күшіне сеніп, өз ақылына жүгінгенде ғана өзіндік үйлесімділікте өмір сүре алады. Қазіргі білім беру мен тәрбиелеудің мақсатының бірі де адамдарды осы өзіндік үйлесімдендірілуі болып табылады.
Әрбір халықтың, адамзаттың тарихи даму процесі, олардың тіршілігіндегі, өміріндегі педагогикалық тәжірибелері, болашақ ұрпақ, бала тәрбиесіне көзқарасы, сонымен қатар халық мәдениеті, рухани мәдениеті, сан ғасырлық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің этнопедагогика ғылымында алатын орны бар.
Көне наным-сенімдердің, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың шығу тегі, идеялық мәні аса күрделі. Олардың тамырын тарихи-этникалық тұрғыдан қарастырғанда танып-білүге болады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының негізінде қалыптасқан имандылық ұғымын адам бойындағы құндылық дүниесінің негізі деп қарастыруға болады.
Жоғары оқу орындарының оқу тәрбие жүйесінде халықтық педагогика материалддары және ерте кездегі жазба мұралары, орта ғасырлық ғұламалардың және Шоқан, Ыбырай, Абай, Шәкәрім сынды ағартушылардың мұралары арқылы студенттің жан дүниесін
байыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрге, ғұрыпқа сүйіспеншілікпен қарауға баулу, жеке адамның имандылығын, иманжүзділігін қалыптастыруға болады. Жоғары мектеп оқытушысының алдында тұрған мақсат, жалпы адам қоғамы жинақтаған имандылық, адамгершілік, мораль нормаларын, қарым-қатынас мәдениетін, тәрбиелілікті (қарапайымдылық, өзара түсінушілік, кеңпейілділік, келешекке сенушілік, төзімділік, т.б.) студенттердің бойына сіңіру.
Тәуелсіз еліміздің, алдыңғы қатарлы, өркениетті елдермен терезесі тең болу үшін, қазақ елінің мәдениетін, тілін, әдебиетін, экономикасын, ғылымын көтеретін тұлғаны қалыптастыру қазіргі Қазақстан педагогика ғылымының басты мақсаты. Осы орайда, келтірілген деректер студентті жауапкершілікке, білімділік пен қатар рухани-дүниетанымдық, адами-құндылық қасиеттерінің жоғары деңгейде тәрбиелеуден туындайтындығын толық дәлелдейді. Ал қойылған талап сол шәкірттерді өзіне тән мінез, ұғым қабылдау ерекшеліктеріне байланысты жүзеге асыру шешуші мәнге ие болу мен қатар, сол студенттің ар-ұждан, намыс, ұлттық сезімдерін терең түсініп, адамгершілік ынтасын көтере түсетіндігі айғақ.
Олай болса, этнопедагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесімізді қосу, ары қарай өз деңгейінде дамыту баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпауымыз керек.