Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік-саяси дамуы

20-жылдардың  соңында  жеңіске  жеткен  әміршіләкімшіл  жүйе  40-50-жылдарда  күшейіп  тұрған  еді. Қазақстан  тарихын  қоғамның  сол  кездегі  саяси  жүйесінсіз   кезге  елестету  мүмкін  емес. Оған  адамның  бостандығын  аяққа  басу, оның  құқын  елемеу,  еңбекщілерді  өндіріс  құралдарынаан  ажырату, оларды  саясат  пен  мемлекеттік  басқарудан  шеттету  сияқты  теріс  құбылыстар  толығымен  тән  еді.  Республикада,  бүкіл  елдегі  сияқты,  бір  адамның -И. В. Сталиннің  жеке  басына  табыну  үстемдік  құрды.  Қандай  табыс  болсын,  соның  басқару  қабілетіне  байланысты  дәріптеліп,  кемшіліктер  мен  өрескел  қателіктерге  көз  жұма  қаралды. Осының  бәрі  Қазақстаның  қоғамдық-саяси  дамуына  теріс  әсер  етті. Ал  мұның  аса  ауыр  зиянды  зардаптары  болды. Әр  түрлі  даңғаза  ұрандар  астында  саяси  айыптар  тағу, занды бұзу, билікті теріс пайдалану жаппай орын алды. Саяси жүйе өз негізінде дамуға қабілетсіздігін көрсетті. Бұл жүйенің жетекші күші болған Комунистік партия осы жүйенің барлық буындарының- Кенес мемлекетінің, кәсіподақтарының, косомолдың, кооперацианың және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметіне өткен билік жүргізді. Қалыптасқан дәстүр бойынша партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отыруы партианың жетекшілік рөлі деп қабылданды.

Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді тікелей шешу арқылы және халықшаруашылық әлеуметтік- мәдени міндеттерді шешуге қоғамдық ұйымдарды да барынша тарта отырып, партия олардың өз бетінше қызмет етуіне мемлекеттік бермеді.

Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кенес қоғамның соғыстан кейінгі  даму жоспары социализмнің сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық үлгісінің  құрамдас бөлігі еді. Алайдасоғыстың барлық тауқұметі мен қиыншылығынмайдан мен тылда бірдей көтерген  халықтың ой-санасы  соғыс қарсаңындағы  жылдармен салыстырғанда  айтарлықтай  өзгерген  еді. Дегенмен  бейбіт  құрылысқа  көшу  жағдайында  қоғамдық  өмірдің  көптегенмәселелерді басқаша бағаланатын  болды. Халық  әлеуметтік  бағдарламаға  бетбұрыс  жасау  қажеттігін  анық  түсіне  бастады.

Алайда  қоғамдық  саның  барлық  деңгейлерінде  сезіліп  отырған  жаңарудың  кешенді  бағдарламасын жасауға  орын  тепкен  әлеуметтік – саяси  құрылыс кедергі  жасады. Мұның  үстіне  аса  ауыр  соғыста  жеңіп  шығу  сол  кездегі  қоғамдық – саяси  жүйенің  тиімділігі  жоғары  деген  жалған  сезім  туғызды, ал  елді басқарып

отырғандардың  көпшілігі  билеудін  әкімшіл  әдістері  ең  тура  жол  деп  сенді.

40-50жылдардың  басында  сталинизом  идеологиясы  әбден  асқынды. 1946жылғы  наурызда өткен КСРО Жоғарғы  Кенесінің  сессиясында  Жоспарлау  Комитетінің  төрағасы    Н. А  Вознесенскийдің  төртінші  бесжылдық  жоспар  туралы  баяндамасында  осы  қағида  жетекші  партиялық  бағыт  деп  жариялады.  Көз  жетерлік  тарихи  кезенде  коммунизмді  орнату  болады  деген  қағида  кеңес басшылығы  тарапынан  жиі-жиі айтылатын  болды  және  ол  дайындалып  жатқан  коммунистік  партияның  үшінші  бағдарламасының  жоспарында  өз көрінісін  табуға  тиісті  деп  есептелді.

Сталиннің  еңбегінде  келешекте  қала  мен  ауыл  арасында  тарау-ақша  қатынастарын  тікелей  өнімдер  айырбасы  алмастырады  деген  тезіс  коммунизмге  өтудің  негізгі  шартарының  бірі  түсіндірілді  және  оны  Б.К. (б) П сезі  қалады.  И. В Сталиннің  осы  данышпандық  еңбегінің  идеяларын  жаппай  насихаттаушылар  социялистік  қоғамның (шексіз мүмкіншіліктері) туралы қалыптасқан сенімге сүйенді. КСРО-да жеңіп шыққан социалистік қоғам тез қарқынмен коммунизмге жетуді қамтамасыз етеді деген ұғым қалыптасты. Сонымен, коммунизмге өту проблемасы ғылымға жат, тұрпайы пікірлермен алмастырылып, онын негізіне өнеркәсіптің кейбір салаланында белгілі сандық көрсеткіштерге қол жеткізу алынды. Соғыстан кейінгі онжылдықта қол жеткен табыстар КСРО-да 20-30-40 жылдарда орын алған өмірге деген қарабайыр қөзқарастын жалғасы ғана болатын.

Жаңа қоғамдық-экономикалық формацияны күштеу әдістері арқылы жасауға талпыну республиканың табиғи даму жолын бұзды. Насихат құралдары көз жетерлік тарихи кезенде коммунизм орнату мүмкіндігі туралы пікірді жаппай уағыздаумен айналысты.

Өзгерген өмірдің жаңа талаптарына қарамастан, соғыстан кейінгі кезенде де ауыр өнеркәсіпті бұрынғыдай тез қарқынмен дамыту экономикалық саясаттың басты принцпы болып қала берді. Ал халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі, соғысқа  дейінгі  кезеңдегідей, екінші  кезектегі  мәселе  болып саналды. Осындай жағдайда насихат аппараты, күнделікті ақпарат құралдары небары  20 жылдық мерзімде кенес халқы коммунизмнің көкжиегін көреді деген өтірікті күн-түн демей адамдардың санасына сінірумен айналысты. Осы “тамаша келешекке” жету жолында еңбекшілер төзімді болуға, аянбай еңбек етуге, қандай азапты қиыншылықтар болса да, ешбір наразылықсыз көтеруге шақырды.

Ал мұндай жағдайда көнбегендер насихат апаратының өтірігіне сенбегендер социализм ісіне қарсы шыққандар ретінде айыпталды. Оларға социализмді “қаралаушылар”, идеологиялық “диверсия жасаушылар ”ұлы табыстарға күйе жағушылар деген саяси айыптар тағылды. Келеңсіз құбылыстардың себептерін іздеу “кім айыпты ?” деген сұрақпен алмастырылды да, қоғамдағы кемшіліктердің жекелеген “айыпкерлерді” іздестірілді. Социализм нығайып, дами түскен сайын ел ішінде де, халықаралық қарым-қатынаста да тап күресі күшейе түседі деген сталиндік қағида идеологиялық шиеленістерді асқындыру түсуге негіз болды. “Халық жаулары” мен “социализм жауларына” қарсы күрес науқандары үздіксіз жүргізілді. 20-30 жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейін де жалғастырылды. Саяси қуғын-сүргінің қатігез шеңгеліне соғыс кезінде әр түрлі себептермен жау қолына тұтқынға түскен сан мындаған солдаттар мен Кеңес Армиясының афицерлері де ілікті. Көптеген “әшкереленген”  істердің қатарында қолдан жасалған “ленинград ісі”, “Дәрігерлер ісі”. Тіпті, кейбір жұмысшылардың кәсіби мамандығының төмендігінен өндірісте орын алған үлкенді-кішілі апаттар “халық жауларының” әрекеттері деп бағдарлады. Жазықсыз жазаланғандарды қасіретті тағдыры туралы Шыңғыс Айтматов “Ғасырдан да” ұзақ күн романында нанымды, жақсы суреттеп берді. Қазақстан — лагерьлер өлкесі. 30-шы жылдардың өзінде ақ жазықсыз жазаланған, саяси қудалаудың құрбаны болғандарды қоғамнан бөліп ұстау үшін Қазақстан лагерьлер өлкесіне айналдырылған еді. Олардың ең үлкені Қарағанды лагерьлері жүйесі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдары Қазақстанға көптеген халықтар күшпен көшіріліп келгені белгілі. Олардың қатарында кәрістер, немістер, поляктар, қалмақтар, қарашайлар, балқарлар,литвандар болды. Қазақстанда арнайы жер аударылғандардың ішінде орыстар да аз болған жоқ.
Қазақ халқы сталиндік зорлық-зомбылықтың құрбаны болған халықтарға қорынан келген көмегін аяған жоқ. Оларға өздерінің отбасынан орын беріп, бір үзым нанын бөлісіп жеді, жаңа жағыдай, бөтен ортаға тез үйренісіп кетулеріне жәрдемдесті. Сол арқылы қазақ халқы өзінің ұлтты, адамгершілік, интернационалистік қасиеттерін іс жүзінде танытты.

Соғыстан кейінгі он жылдан астам уақыт бойы қазақтың кең сахарасының айтарлықтай бөлігі лагерьлер өлкесі болып қала берді. Соғыстан кейінгі жылдарда республика эканомикасын қайта құру. Кеңес Одағының эканомикасы соғыстан айтарлықтай әлсіреп шықты. Соғыс жылдарында 1710 қала және 70 мыңдай ауыл қирады. Тек қана Беларусьте 300 мың отбасы, ал бүкіл ел бойынша 2 мил.  32 мыңнан астам өнеркәсіп орындары мен 100 мыңнан астам ауылшаруашылық кәсіпорындары орасан зиян шекті, олардың бір бөлігі түгелдей жойылды. Соғыс жылдарында Кеңес Одағы өзінің 27 мил-ға жуық азаматтарыннан айырылғаны белгілі. Өндірістегі жұмыс қолынаң жетіспеуін толтыру мақсатында КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан сан мыңдаған адамдарды босатты. Армия қатарынан бірінші кезекте жасы ұлғайған жауынгерлер және халық шаруашылығы мен мәдениетті қалпына келтіруге аса қажет инженер, мұғалім, ограном, механизатор сияқты мамандық иелері босатылды. 1945-1948 жылдарда армия 8,5 мил. адамға қысқарды. Соғыс қажеттерін өтеп келген Қазақстанның көптеген зауыттарды енді бейбіт тұрмыс өнімдерін шаруаға көшті.

Соғыс зардаптары Қазақстан үшін де жеңіл болған жоқ. Зауоттар мен фабрикаларда, сол сияқты ауыл шаруашылығында жұмыс қолдады жетіспеді. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы демакратиялық жағыдайға 30-жылдардың басында күштеп ұжымдастыруға байланысты қазақ шаруашылардың жаппай аштықтан ққырылуы мен ата-мекендерін тастап, басқа елдерге ауа көшуінің салдары қатты әсер етті. 1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946-1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениеті дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамытуына, жаңа темір жол желісін салуға,ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға айтарлықтай қаржы бөлінді.

Соғыстан кейінгі жаппай бейбіт құрылысқа көшу, тұрмыстың жақсаруына деген сенім төртінші бдесжылдық орындау барысында республика тұрғындарының еңбек өрлеуін туғызу.

Қазақстан өнеркәсібінің дамуы көлік жүйесінің кеңейе түсуіне ықпал етті. 1950 жылы ұзындығы 483 км Мойынты-Шу темір жол төсемін салу аяқталды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Трансқазақстан магистралінің төсемін салу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл- Шолақтар темір жолымен пойыздар жүре бастады.