Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту туралы қазақша реферат
Мемлекеттің экономикалық стратегиясында маңызды орынды алыс және таяу шетелдермен сыртқы экономикалық қатынасты реттеуге және дамытуға, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуына бағытталған, экспортқа бағытталған саясат алады. Экспортқа бағытталған стратегияның негізгі мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық салаларды табу, экономикалық өсімнің жоғарғы қарқыны мен үнемі сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Тек қана экспорттық потенциалды дамыту ұлттық валютаның айналуы мен нығаюының экономикалық қиындықтарын түпкілікті шешеді және отандық экономика мен халықтың әл-ауқатының артуын қаржыландырудың сыртқы көздерін құрады.
Еліміздің экспортқа бағытталуы еліміздің басқа елдермен өнімдер мен өндірістің әлемдік рыногында өз орындарын жаулап алуға бағытталған экономикалық байланысының сипатын көрсетеді. Экспортқа бағытталудың процесс ретіндегі мәні мынадан бір жағынан экономиканың ашықтығы мен қолғалысынан, ал екінші жағынан осы қозғалыс кезінде еліміздің белгілі бір макроэкономикалық жүйелерін жақындастыру мен экономикалық қатынастарды қолдаудан тұрады.
Экспортқа бағытталған саясаттың мақсаты ретінде экономикалық өсімнің жоғары қарқынымен үнемі өсіп отырған сұранысқа ие немесе әлемдік рынокта тұрақты сұранысқа ие өнімнің түрін шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Бұған алдымен бір жағынан өндірістің тиімділігінің өсуінің көзімен факторлары дұрыс анықталған, екінші жағынан әлемдік рыноктағы бәсекелік таластағы ұлттық салыстырмалық артықшылықтарды таба білген жағдайда қол жеткізуге болады.
Экспортқа бағытталған өндіріс деп — өндірістік қызметті бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығарып, оны ішкі дамудың мәселелерін есепке ала отырып сыртқы рынокқа өткізуге, еліміздің экономикасын жандандыруға, отандық өндірістің өнімдеріне сұранысты кеңейтуге, экономикалык қатынастарды ұлттық, сонымен қатар халықаралық аспектілерде дамытуға бағытталған кәсіпорынды айтамыз. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту жүйесімен елдердің ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға ықпалдасуы арқылы өзара бірігіп әрекет етуге, өзара сіңісуге мүмкіндік алады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамытудың басымдықтары келтірілген.[29]
Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту ғылыми-техникалық алға басуды жеделдетудің, отандық өндірістің алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтарға, жаңа техникалық процесстерге, шикізат пен материалдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың мәселелерін шешуге, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіруге, басқару мен маркетингтің жаңа тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесі деп түсінеміз.
Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту еліміздің валюталық түсімдерін арттырады, сыртқы рыноктағы елімізге жағымсыз бәсеке шарттарын барынша жеңіл етуге және осыған байланысты басқа да өндірістердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту осыған жататын салалардың дамуына әкеледі.
Экспортқа бағытталған өндірісті көлемі бойынша ірі, орташа экспортқа бағытталған өндіріс және экспортқа бағытталуды қажет ететін өндіріс деп бөлуге болады.
Өндірістің қай топқа жататынын оның мынадай салыстырмалы артықшылықтарына: өндірістік потенциал, шығаратын өнімдерінің әртүрлілігі, өндіріс көлемі, қуатты пайдалануы, қызметкерлердің біліктілік деңгейі, кәсіпоррындағы жұмысшылардың саны, орташа айлық жалақысының деңгейі, қалыптасқан шаруашылық байланыстарының жемісі, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің деңгейі, инвестициялық қамтамасыз етілу дәрежесі, ғылыми-техникалық даму, өндірістегі экспорттың үлесі, импортқа тәуелділігі, валюталық түсімдеріне т.б. қарап анықтауға болады.
Экономикалық саясаттың ұзақ мерзімдік мәселесі еңбек пен капиталды қажет ететін өндірістен, технология мен ғылымды қажет ететін өндіріске көшу, импорт алмастыру саясатын белсенді жүргізу жолымен республиканың өңдеуші саланың өнімдерінің импортына тәуелділігін жоспарлы түрде төмендетуден тұрады.
Импорт алмастыру өндірісін дамыту еліміздің экономикасын көтерудің келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан аймақтарында импорт алмастыру бағдарламасын дамыту саласында және кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін жандандыруда белсенді жұмыстар атқарылуда. Импорт алмастыру бағдарламасын қолдау және дамыту мақсаты бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті бюджет қаржылары есебінен биліктің жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылады.[39]
Бірақ та қаржылық шектеу жағдайында шаруашылық қызметті ынталандыру үшін үнемі қосымша қаржы көздерін іздестіруге тура келеді. Әрі қарай нысаны мен бағыты әртүрлі болып келетін жергілікті билік органдары тарапынан кәсіпорындарға берілетін экономикалық көмек, шаруашылық субъектілерінің жағдайын жақсартуға себін тигізеді.
Импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру отандық өндірістің құрыла бастауына, жағымды нәтижелерге қол жеткізуге әкеп соқты. Қазіргі кездегі республиканың экономикасы импорт алмастыру өндірісін дамыту кезеңіне өтумен сипатталатын дамудың сапалы, жаңа кезеңіне аяқ басты.
2002 жылы нақты жалпы ішкі өнім 2001 жылы салыстырғанда 9,5% өсті. Бұл өндірістің тұрақтануы мен экономикалық өсудің болғанын білдіреді. Соңғы үш жылдағы экономикадағы алға жылжушылықтар экспорттың көлемінің артуымен, өнеркәсіптік өндірістің инвестицияның жоғары қарқынды өсуімен байланысты.
2002 жылы жалпы ішкі өнімнің 9,5% өсу кезінде негізгі капиталдағы инвестиция 19,1% өскен. Жалпы ішкі өнімнің құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 2002 жылы 34,1% құрады, ал бұл көрсеткіш 1991 жылы 27,1% құраған. Сонымен бірге осы жылдардағы ауылшаруашылығының үлесі 3,6% есеге, ал құрылыс 1,8% есеге қысқарған. Соңғы бес жылдағы жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы жалпы өндірістік тауарлардың үлес салмағы 52,8 %-дан, 46,2% төмендеген(5-кестені қараңыз).[13]
Сонымен қатар жалпы ішкі өнімдегі қызметтің үлесі 1991 жылы бастап бірте-бірте өсіп, 1997 жылы өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, 57,5% құраған. Қызметті өндіретін салалардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің артуы біріншіден, тауарға деген бағадан қызметке деген бағаның асып түсуімен, екіншіден, нарықтық экономикаға тән қаржылық және басқа да делдалдық қызметтің тез дамуымен түсіндіріледі.
2002 жылы әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың негізгі капиталдарына 1193 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылған немесе 2001 жылы деңгейіне қарағанда 119,1% артық. Заманға сай экспортқа бағытталған өндіріске инвестициялық салымдардың үнемі өсіп отыруы тән құбылыс.
Кесте 5.
Негізгі капиталдарға салынған шет ел инвестициялары.
Көрсеткіштер |
1994 |
1995 |
1997 |
1998 |
1999 |
2000 |
2002 |
ІЖӨ |
82,2 |
91,1 |
101,7 |
98,1 |
102,7 |
109,8 |
109,5 |
Өнеркәсіп өнімдері |
71,9 |
91,8 |
104,0 |
97,6 |
102,6 |
115,5 |
109,8 |
Негізгі капиталға деген инвестиция |
84,9 |
57,5 |
111,6 |
141,9 |
133,1 |
148,5 |
119,1 |
Тікелей шетел инвестициялары (млн.долл.) |
653 |
948 |
1147 |
1236 |
1850 |
2751 |
|
Өткен жылға % түрінде |
134,2 |
145,2 |
115,0 |
107,7 |
149,6 |
148,7 |
|
Экспортқа бағытталған стратегияның мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық саланы анықтап, өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалануды іздеп, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді интенсификациялау болып табылады.
Қазіргі кездегі экономиканың жаңа салаларын құру, жаңа технологиялық қайта бөлісті ұзақ мерзімдік жүйелік инвестициялау арқылы жүзеге асырылатын экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттыру жолымен шешілетін сапалы және жедел дамудың мәселелері, экономиканың дамуына ұзақ мерзімдік қаржыларды салуды қажет етеді. Нарықтық жүйенің қалыптасуының бүгіндегі шарттары мынандай, тұрақты экономикалық өсім алдымен ішкі инвестициялық потенциалды тиімді пайдалануына байланысты болып келеді.
Өңдеуші өндірістің бәсеке қабілеттілігінің әлсіреуі, экономикалық өсімнің қарқынының теңселуі экспортталатын өнімнің құрылымында шикізат экспортының тым көп болуынан туындауы мүмкін.
Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту мыналарға бағытталған:
─ отандық өндірістің өнімдеріне сұранысты кеңейту, ал бұл өз кезегінде өндірушілерді ынталандырады және еңбек нарығындағы жағдайды жақсартады.
─ әлемдік рыноктағы экономиканы дамытудың жаңа сапасы, яғни бәсеке күресіндегі ұлттық өндірістің өміршеңдігін айқындау.
Әлемдік рыноктағы өзге де бәсекелік позицияларды жаулап алу өнімнің сапасын жақсарту, өндірумен сатуды кеңейту, жаңа рыноктарды игеру бойынша шараларды жасауды қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде халықаралық ИСО стандарттарына жетуге мүмкіндік береді.
Экспорттық өндірісті дамыту мен кеңейту экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер мен экономиканың экспорттық секторын дамытуға ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелерді беру арқылы ынталандырылады. Экспорттық баждан түсетін кірістер мен экспорттық өндірісті қаржыландырудың көзі ретіндегі шетел несиелерін бөлудің сәйкес механизмдерін және сыртқы экономикалық қызметтің заманға сай өндірістік және экономикалық инфрақұрылымын құруға арналған мемлекеттік инвестицияларды пайдалану жолымен экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға болады.
Мемлекеттің экспортқа бағытталған стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі ретінде ұлттық өндірістің озаттарын тауып, оларды сыртқы әлемдік рыноктың озатына айналдыру болып табылады.[40]
Ішкі рынок пен әлемдік экономикалық ахуалдарды, мемлекеттің ағымдағы және стратегиялық міндеттерін бақылай отырып, үкімет мемлекеттің экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын экспортқа бағытталған саясатты жасайды.
Экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық саясат мемлекеттің қаржы-бюджеттік, валюталық, құрылымды-инвестициялық, ақша-несиелік, бағалық, аймақтық саясаттарымен бірге жасалуы тиіс.
Мемлекеттің құрылымдық саясатының басымдықтары, отандық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарымен сәйкес келуї міндетті және жаңа технологиялық әдет-ғұрыптың таралуы негізіндегі ғаламдық техника-экономикалық дамудың объективті бағыттарына ілесуі керек. Экономика мен ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды осы басымдықтарды жүзеге асыруға және сәйкес мақсатты бағдарламаларды орындауға шоғырландыру қажет.
Кәсіпорынның табысты қызмет етуі, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру, өндірістік қуатты ұлғайту, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізу және рыноктағы орнын нығайту капиталдық салымдарды қажет етеді. Сондықтан да мұқият инвестициялық стратегияны жасау қажет және оны нақты мақсаттарға жету үшін, үнемі жетілдіріп отыру қажет. Фирмалар мен атқарушы билік органдарының инвестициялық қызметі белгілі бір қызмет саласында капиталды көбейтуге бағытталуы тиіс.
Инвестициялық салымдардың тиімділігі былай сипатталады: халық пен бюджеттің кірістерінің өсуі, жұмыспен қамтылудың өсуі және басқа да факторлар. Инвестициялардың серпіні тұтынуға жұғымды, әлемдік рыноктағы жоғарғы сұраныстың нәтижесі ретіндегі белгілі бір ресурстардың экспортының өсуі инвестициялардың соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың өсуіне әкеліп соғады.
Мемлекеттің құрылымдық саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыру жеке инвестициялық белсенділікті алғышартының жиналуына және келешегі зор жаңа технологияларды меңгеру базасында экономикалық өрлеуге кепілдік беру қажет. Қолда бар ресурстарды келешегі зор бағыттарға шоғырландыру, өндірісті жаңарту арқылы ішкі және әлемдік рыноктағы қатал бәсеке күресі жағдайында жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ету өте маңызды.
Осы мәселелерді шешудегі қажетті іс-шаралар, бағдарламалар, мемлекеттік тапсырыс, бюджет қаржылары секілді тікелей мемлекеттік әсер етумен шектеліп қалуы тиіс емес.
Ең бастысы жаңа техникалық тәртіптегі өндірісті меңгерудегі жеке бастамаларды, тиімді қолдау тиісті бағыттағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру болып табылады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай шетелдік жеке инвестициялар жоғары құнды өнімді шығаратын бәсеке қабілетті өндірісті құруға жұмсалмайды.
Шетелдік капиталға өзінің өндірісіне бәсеке өндірісті құрудың ешқандай мағынасы жоқ. Шетелдік капитал экономиканың нақты секторын ірі масштабты ұзақ мерзімді инвестициялармен қамтамасыз етпейді. Нәтижесінде өндірістік сектордан қаржылық капиталдың бөлінуі жүреді, бұл республиканың ұлттық мүдделеріне қауіп тудырады.[14]
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының жүзеге асыру механизмі республикалық және басқарудың жергілікті деңгейінде негізделген нақты және жан-жақты қабылданған шешімдерге сүйенеді.
Дамудың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу процессі кезіндегі басқару органдары тарапынан болатын нақты іс-әрекеттер мен шараларға мыналарды жатқызамыз:
дамудың экспортқа бағытталған жобаларына инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайларды туғызу;
қайта құру бағдарламаларының орындалуын бақылау және қалыптастыру;
аймақтық өзін-өзі басқарудың деңгейін көтеру;
өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалану бойынша бағдарламаны қабылдау және жүзеге асыру;
тауар, қаржы және еңбек ресурстары мен қаржылардың еркін қозғалуы мақсатында еңбек рыноктарындағы аймақтық және аймақаралық бәсеке деңгейінің өсуіне көмектесу.
Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы техника мен технологияны, сонымен қатар басқару тәжірибесін игеру жоғарғы жалпы кірістен маңыздырақ болып келеді.
Экспорттық өндірістің дамуының басталуымен қатар, ғылымды қажет ететін импорттық өнімдердің бірқатарын шектеу керек. Шетелдік фирмаларға осындай өнімдерді біздің елде шығаруына жол ашуымыз қажет. Бірақ шығарылатын заттың бір бөлігі отандық заттардан құралуы қажет. Осылайша отандық өндірістің үлесін көбейте отырып, ғылымды қажет ететін өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік туады.
Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту стратегиясында маңызды орынды технологияның дамуын және олардың артынан ілесіп келе жатқан технологиялық жаруды болжай алады. Өйткені технологияларды жасау мен меңгеру күрделі процесс болып табылады.
Технологияларға инвестиция салу туралы шешім әдетте технологиялық шарықтаудың немесе оның көмегімен коммерциялық табысқа жетудің уақытына дейін 5-10 жыл бұрын қабылданады. Бұл жерде маңызды орынды экономиканың құрылымды дамуының негізгі қағидалары алады:
─ құрылымды дамудың нысанының жалпы ұдайы өндірістің типіне тәуелділігі қағидасы;
─ дамудың циклділігі қағидасы.
Өнеркәсіп өндірісіндегі нақты өзгерістерді есепке ала отырып, бәсекелік артықшылықтарды жүзеге асыру стратегиясы мен Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарына ықпалдасуы мынандай бірқатар бағыттарды қосады:
─ дәстүрлі машина техника экспортын, соның ішінде техникалық көмек беру объектілері үшін мемлекеттің қолдауы негізіндегі құрастырушы жеткізілімдерді тұрақтандыру;
─ жұмыс күші, өндірістік қор, технологиялық білім, материалдық ресурстар секілді өндірістің негізгі факторларының арзаншылдығына байланысты бәсекелік артықшылықтарға әсер ету.
Осылайша елдер мен мемлекеттер арасындағы экспорттық қатынастар экспортқа бағытталған өндірісті дамыту нәтижесінде дами бастайды. Бұлардың дамуы халықаралық қатынастарды кеңейтеді, ғылыми-техникалық үдеуді жеделдетеді, отандық өндірістің озық құрал-жабдыққа деген қажеттілігін өтейді, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіреді.
Экспортқа бағытталған өндірістің қызметінің табысты дамуы, көп жағдайда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасына, жекелеген бәсекеге қабілетті өндрістер бойынша инновациялық даму негізінде нақты іс-шараларды жүргізуге байланысты болып келеді.