Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру туралы қазақша реферат
Қазақстан өнеркәсібі Кеңес Одағы кезінде шикізат өндіру бағытында, шикізат көзіне жақын аймақтарда ірі зауыттар мен комбинаттар салу кезінде дамыды. Қазақстан жері Кеңес Одағының ірі шикізат базасы болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ұлттық экономиканың шикізат бағыттылығын өзгертіп алу қиынға түсті, өйткені сол кездегі мемлекеттің негізгі міндеттері – жоспарлы экономиканы нарықтық экономикаға өткізу, экономикалық және әлеуметтік қайта құру сакясатын жүргізу, шаруашылық тіршілігін сақтап қалу болатын. Сол себепті осы жылдары, керісінше, экономиканың шикізат бағыттылығы одан әрі күшейе түсті.
Қазақстандағы жалпы трансформация, оның құрамындағы меншік қатынастарын қатйа құру процестері, ғаламдық интергацияның күшеюі және ұлттық экономиканың ашық болуы отандық кешен шеңберінде әртүрлі меншіктік формалары, оның ішінде шетелдің қатысуымен құрылған кәсіпорындарға жағдай жасалды.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарттарының бірі, оның қоғамдық ұйымдастыруының жетілдіру формалары – шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және орналастыру болып табылады.
1. Қазақстанда өндіністің шоғырлануы аса жоғары болып табылады. Республиканың ірі кәсіпорындарының қатарында жүзге жуық салыстырмалы ірі корпоративтік бірлестіктер құрылды. Олар бір-біріне көлемдері, кәсіпорын құрамы, меншік құрылымы, ұйымдық формасы және басқару жағдайы бойынша ерекшеленеді. Қазақстандағы корпоративтік сектордың жектілікті дәреэжеде дамымағандығына және аздығына қарамастан, мұнда қазірдің өзінде корпоративтік құрылымның 4 тұрақты типі айқын көрінуде. Корпорация типтеріне:
— ұлттық және мемлекттік компаниялар (15-ке жуық);
— акционерлік қоғамдар, мемлекетпен құрылған және жеке жобалар бойынша жекешелендірілген бірлестіктер;
— жеке корпорациялар, нарықтың өзін-өзі құру әдісімен құрылған бірлестіктер (10-ға жуық);
— ТҰК-лардың қазақстандық бөлімдері.
Компаниялардың салалық шоғырлануын талдау кезінде барлық инвестициялардың 80-90 %-ы өндіруші салаларға түсетіні көрінеді, ал ірі капитал салымдарын талап ететін тамақ, жеңіл, микроэлектроника, фармацевтика, табиғат қорғау технологиялар, тұрмыстық электротехника сияқты перспективалы салалардағы шетелдік секторының қатысуы мүлде жоқ немесе минималды деңгейде ғана болып отыр.
Сонымен жоғарыда атап сипаттағандай шоғырландыру барлық ірі саналатын кәсіпорындардың өндірісі бір жерге топтасу процесін көрсетеді. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынның көлемінің ұлғаюымен және саладағы жалпы өнімнің өндірудегі кәсіпорындардың үлесінің өсуімен анықталады. Өндірісті шоғырландыру, қоғамдық ұйымдастыру өндірістің басқа формаларымен тығыз байланыста болады. Жоғарғы деңгейдегі шоғырланудың міндетті шарты жаңа сапалы технологияларды қолдану, мамандандыруды, кооперациялауды, ұтымды форамларын іске асыру болып табылады.
Өндірісті шоғырландырудың мәні кәсіпорындардың көлемін нығайтуда – абсолютті шоғырландыруды және де жалпы өнеркәсіптік саладағы өндіріс көлемін әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар арасында бөлуде айқындалуын салыстырмалы шоғырлануды атайды.
Өндірістік шоғырландыру үш негізгі формада іске асады:
— әмбебап түрдегі кәсіпорындардағы әрқилы өндірісінің шоғырлануы;
— айрықша кәсіпорындардағы біртекті өнімдерді өндірудегі шоғырландыру;
— бір кәсіпорын ішіндегі өндірісінің өзара байланысын үйлестіру негізіндегі шоғырландыру.
Бірінші шоғырландыру формасы машина жасауда сипатталса, екінші барлық өндіруші өнеркәсіп салаларына, құрылыс материал өнеркәсібіне де, кейбір тамақ өнеркәсібіне тән. Үшінші – металлургия, химия және тамақ өнеркәсібінде көрінеді.
Айрықша бағыттағы ірі кәсіпорын және комбинат – бұл екі прогрессивті шоғырландыру формасы, жоғарғы өндіріс тиімділігін қамтасыз етеді.
Өнеркәсіпті нығайту процесіндегі негізгі бағыт шоғырландыру мен орталықтандыру формасы ретінде көрінеді. Шоғырлану өндірістік қорлану есебінен өнеркәсіптің дамуын көрсетеді. Ол жаңа ірі кәсіпорындардың құрылуы және қайта қалыптасуы, кеңейтуі арқылы іске асады. Өте тиімді өнеркәсіптің шоғырлану формасы орталықтандыру болып табылады. Бұл жеке тәуелсіздігін жоғалтпауына байланысты өз бетінше жеке кәсіпорындардың бірігуінен ірі шаруашылық есептегі өндірістік кешеннің құрылуын білдіреді. Әрекеттегі кәсіпорындар базасының төңірегіндегі өндірістік бірліктің құрылуы — өндірістік шоғырлануды күшейтудегі ең қарқынды, тез апаратын жолы. Бұнда жаңа қажетті құрылысты, жаңа қуаттылықты енгізудегі ірі капитал салымдарын қажет етпейді.
Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Агрегаттық шоғырландыруда ҒТП тікелей бейнеленеді, өнеркәсіптің барлық салалрында іске асады және тек интенсивті жолмен дамиды. Ал, технологиялық шоғырландыру цехтарды нығайтуда, кәсіпорын құрамын өзгертуде, техниканың сапасын жетілдіру есебі ретінде қол жеткізеді және де бір типті жабдықтардың санын көбейту жолымен айқындалады. Келесі, ұйымдастырушылық – шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынныңи бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.
Өнеркәсіптегі өндірістің шоғырлану тиімділігі – кәсіпорын мен өндірістің көлемінің ұлғаюы нәтижесіндегі өнімді даярлаудағы техника экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруын қамтиды. Ірі өндірістік қуаттылықтың, материалдар мен еңбек ресурстарының бір ортаға жинақталуы, құрал-жабдықтарды, шикізат пен материалдарды және жұмысшы күшін қамтитын барлық негізгі өндіріс элементтерін үнемді және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осының негізінде еңбек өнімділігін арттыруға және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негіз болады.
- Маманданудың экономикалық тиімділігі – бұл өндірістің техникалық
деңгейі мен ұйымдастырушылық жоспарлы шаралардың нәтижесі. Ұйымдастырушылық – жоспарлы шаралардың тиімділігі еңбек өнімділігінің өсімі мен өнім бірлігіне келетін шартты жоспарлы шығындарды азайту арқылы жүзеге асырылады. Маманданудың экономикалық нәтижесінің негізіг үлесі өндірістің техникалық деңгейі мен өнім сапасын жоғарылатуға келеді. Тиімділікті жоғарылатудың бұл екі бағыты бір уақытта әрекет етеді.
Мамандану – қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылатуыш маңызды фактор болып табылады, өйткені ол жаңа жоғары өнімді техниканы кең түрде қолдануға және өндірісті механизациялау мен автоматизациялауға жол ашады, оның жаппай өндірісте қолданылуын экономикалық негіздейді, себебі, бұл еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын күрт жоғарылатады.
Яғни, мамандану ғылыми-техникалық процесті дамытады.
Маманданудың рационалды даму қоғамдық өндірісті жетілдірудің барлық жақтары мен оның тиімділігін жоғарылатуға үлкен әсерін тигізеді. Маманданудың экономикалық тиімділігін анықтау үшін үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
- Өнім өндіруге ағымдағы шығындар мен оны тұтынушыларға жеткізудің тасымалдау шығындарын үнемдеу;
- Капитал салымдарын үнемдеу және оның қайтарылу мерзімі;
- Өнім өндірудің мамандануынан жылдық экономикалық әсер.
Маманданудың экономикалық тиімділігі бірқатар факторлармен
анықталады:
— Мамандану өнім өндірісі үрдісін ұсақ операцияларға бөлу үшін жағдай жасайды, олардың әрқайсысы технологиялық үрдіс жолы бойынша орналасқан жұмыс орындарында бекітіледі;
— Мамандану өндірістік үрдісті бөлу арқылы өндірісті кешенді механизациялау мен автоматизациялауға тиімді құралдар енгізуге жағыпмды жағдай жасайды;
— Мамандану қызмет ететін құралдарды толық пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әрбір жоғары технологиялық машина ең үлкен қуатты жұмыс істеуі үшін, оның унификациясы, типизациясы мен стандартизациялаудың негізінде құрылымдық және технологиялық біркелкі өнім шығаруы тиіс.
Машина өнімділігі жоғары болған сайын, ол өндіруге маманданған өнім өндіру жаппай бола түсу қажет;
— Мамандандырылған кәсіпорындарда өндірістің техникалық деңгейі әмбебап өндіріске қарағанда анағұрлым жоғары;
— Мамандану кәсіпорынның өндірістік құрылымын, яғни негізгі, қосалқы және қызмет етуші цехтар мен шаруашылықтар санын, барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Технологиялық біркелкі өнімнің номенклатурасы тар болған сайын (яғни өндіріс неғұрлым терең мамандандырылған сайын), соғұрлым құрамына аз құрылымдық бөлімшелер кіретін болады;
— Маманданудың әсерінен тұтынушылар және жабдықтаушылармен тұрақты байланыс пайда болады, яғни материалды-техникалық қамсыздандыру мен өткізу жеңілдей түседі. Мамандандырылған кәсіпорын үшін кооперация бойынша жеткізілетін шикізаттың, материалдардың және қосымша өнімдердің шектелген номенклатурасы қажет болады;
— Өндірістің мамандануы шағын бизнестің дамуы мен тұрақтануына жағдай жасайды.
Маманданудың дамуы тек жағымды әсер ғана емес, кері әсерін де тигізеді. Мамандандырылған өндірістің барлық артықшылықтарына (жетілген
техника мен технологияларды қолдану, өндірістік циклдың азаюы, өзіндік құнның төмендеуі, еңбек өнімділігінің артуы, кадрлар квалификациясының жоғарылауы, стандарттау мен унификациялаудың дамуы, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, яғни кәсіпорынның бәсекелестігін арттыру) қарамастан, ол нарық жағдайына шамадан тыс тәуелді болады. Тар мамандандырылған кәсіпорын шығаратын өнімге сұраныс ауытқыған кезде, оның тұрақтылығы мамандандырылмаған кәсіпорынға қарағанда төмен болып келеді. Сұраныс өзгеруі мен бағаның төмендеуінен болатын шығындар тәуекелін төмендетуге деген өндірушілердің талпынысы өндірістің диверсификациясы тенденциясына әкелді.
Мамандану мен кооперациялаудың кемшіліктеріне келесілерді жатқызу
керек:
— кооперациялау радиусының артуына байланысты өнім бірлігіне тасымалдау шығынының артуы;
— жұмыстағы монотондық, сондықтан осы жағдайдың жұмысшыға кері әсерін азайту шараларын қолдану керек.
Жоғарыда келтірілген жағымды және кері әсерлерді мамандануды жоспарлау және дамыту кезінде, ең тиімдінұсқаны табу мақсатымен ескеру керек.
Маманданудың дамуы — өнеркәсіптің қарқынды түрде өсуі мен жетілдірудің маңызды шарты болып табылады. Ірі сериялы және жаппай бірегей өнім шығаратын, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жоғары өнімді мамандандырылған жабдықтар мен технологияларды қолданатын маманданған кәсіпорындардың экономикалық артықшылығы – материалды ресурстар мен еңбек құралдарын қолдану тиімділігі, жұмысшылардың еңбегінің өнімділігі мен квалификациясының артуы, өзіндік құнның төмендеуі мен пайдалылықтың өсуі, капитал салымдарының артуы.
Жоғарыда қарастырылған салаларда мамандану айқын көрініс тапқан. Қазақстанда маманданған салалар бір-бірінен өте алыс орналасқан. Алайда дайын өнімнің жаппай және ірі сериялық өнділуі оның өндіру шығындарын төмендетуі соншалықты, бұл кооперацияланған байланыстар мен тұтынушыларға алыс тасмалдауларды ақтайды. Зауыттардың терең мамандануы тиімді емес тасымалдауларды жүзеге асыруға әкеледі. Бұл тасымалдаулар қазіргі машина жасау өнеркәсібінің ұйымдасу жағдайында қажет болып келеді. Ал машина жасау саласының түпкілікті өнімін шығару машина жасаудың өзіндік салаларының, халық шаруашылығының, барлық экспорттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Бұл өнімді тұтынушылар мемлекеттің түпкірлерінде орналасқан, сондықтан осы өнімді тұтынушыларына жақын орналастыру экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады. Соңғы жылдары машина жасау кәсіпорындардың санының өсу тенденциясы байқалады, бұл машина және жабдықтар саласындағы шағын кәсіпкерліктің дамуымен байланысты болады.
Республикадағы ең ірі машина жасау бағыты – тракторлық және ауыл шаруашылық машиналарын жасау. Осы саладағы дағдарыстан шығу үшін бірлескен кәсіпорындар құру мақсатында шет елдік кәсіпорындармен байланыстар жасау, басты өндірушілермен біріге отыра, ауыл шаруашылық нарық франчайзингін ұйымдастыру керек. Отандық компанияларды бірлескен технологиялық процеске біріктіру арқылы шығындарды азайту, республиканың машина жасау және жөндеу кәсіпорындарында кооперациялық байланыстарды кеңейту. өйткені өндірістік бірлестіктерді құру мамандануды дамыту және жетілдіруге өз үлесін қосады.
Мұнай-газ жабдықтарын жасау өнеркәсібінің мақсаты – жағымды жағдайларды жасау, өнімнің бәсекелес жағдайын арттыру. Ол үшін протекционизм мен отандық ең тиімді проектілерге инвестициялық және несиелік көмек көрсету.
Қорытындылай келе, мамандану және оның салдары ретіндегі кооперациялау экономикаға тиімді әсерін тигізетіндігін айтуымыз керек, сондықтан маманданған кәсіпорындар санын экономикалық тиімділікке сәйкес арттыру саясатын қолдауымыз керек.
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі шарты, қоғамдық ұйымдастырудың жетілдіру нышанының бірі орналастыру болып табылады. Өнеркәсіптік орналастыру – бұл өнеркәсіптік кәсіпорынның кеңістіктегі бөлінуі және аумақтық экономикалық аудандардағы еңбек бөлінісінің бір формасы. Өнеркәсіптік өндірісті орналастыру үдерісі тек экономикалық қана емес әлеуметтік-саяси міндеттер шешімді – қала мен ауылдың арасындағы теңсіздігін жою, елдің артта қалып қойған аудандарын экономикалық даму деңгейіне көтеру, жоғарғы маман кадрларды өсіру болып табылады.
Өнеркәсіптегі орналастырудың басты қағидасы өнеркәсіптік өндірісті шикізат көздеріне жақындату, тұтыну аудандарына қажетті өнімдерінің өндірісінде қоғамдық еңбек шығынын төмендету болып табылады. Әрбір аумақтық шикізат факторын есептеуде қорларды, шикізат пайдалануының экономикасы мен сапасын, отын және энергетикалық ресурстарын терең зерттеуді талап етеді.
Өндірістің тиімділігіне сайып келгенде орналастыру мәселесінде табиғи-экономикалық, ээкономикалық-саяси факторлары міндетті түрде басты себепшісі болады. Еңбек ресурстарын, техникалық-экономикалық факторына ҒТП әсерін атауға болады.