Халықтың банктердегі жинақтарының өсуі олардың сауығуын, несиеге толық қабілеттілігін және өтімділігін танытатын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұлар өз кезегінде олардың дербестігіне, тұрақтылығына және сенімділігіне кепілдік береді. Мұнда халықтың жинақтарын кешенді әрі жүйелі түрде қорғау мәселесі заңдық, әкімшілік және реттеуші құралдарды қамтитын объективті қажеттілікке айналды.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банк салымшыларының мүддесін қорғауды көздейтін ҚР Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес акционерлік қоғам түрінде құрылған Жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қоры (ЖТСКК) орталық органы болып табылатын жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыратын жүйе жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге төменде келтірілген бағыттар бойынша нақты талаптарға сәйкес келетін коммерциялық банктер кіреді. Олар мынадай бағыттар:
o халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі
бағдарламаға енуі;
o банктің өзіндік капитал мөлшерінің белгіленген норма-
тивтерге сәйкестігі;
o пруденциялық нормативтердің қорға өтініш беретін
мерзімге дейінгі 3 тізбекті (қатар келетін) айдың ішінде
сақтауы. Бұл арада kl және к2 коэффициент мәндері
көрсетілген кезең ішінде кем дегенде 0,06-ны және
0,12-ні құрауы керек;
o Ұлттық банктің осы мәселе бойынша ұсынысының
болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады әрі қорға
тікелей бағытталады);
o банктің соңғы жылдардағы жылдық қаржылық есеп
беру тізбесін Ұлттық банк бекітетін халықаралық
аудиторлық ұйымдардың бірі растауы керек.
Банктің жеке тұлғаларының салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) қорына (ЖТСКК) кіру туралы өтініш берілгеннен кейін Қор банк берген құжаттарды ескере отырып, Ұлттық банктің ұсыныстары негізінде оны жүйеге енгізудің мүмкіндіктеріне талдау жүргізеді. Қор басқармасының шешімі өтініш берілген күннен бастап 1 ай мерзім ішінде қабылдануы тиіс.
Егер осы мәселе бойынша қор басқармасы дұрыс шешімді қабылдаған күннен бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде банк қорға алғашқы міндетті күнтізбелік жарнаны жеке тұлғалардын теңгедегі, АҚШ долларындағы және еуродағы мерзімді салымдардың сомасынан 0,375% мөлшерінде соңғы тоқсаннан кейін келетін айдың бірінші күнінде аударатын болса, онда ол жүйенің мүшесі болады.
Салымға кепілдік беретін жүйеге бүгін түспеген жағдайда, банк оған ең аз дегенде үш айдан кейін кіру туралы екінші мәрте өтініш беруге құқылы. Егер банк сақтандыру жүйесінің қатысушысы болса, банктің бас кеңсесі мен бөлімшелерінің кіру есіктеріне қордың логотипі орналастырылады.
Депозиттерді сақтандырудың міндетті ұжымдық түрдегі объектісіне жеке тұлғалардың салымдары, ұжымдық кепілдендіретін жүйеге қатысушы коммерциялық банктердегі мерзімді депозиттерге орналастырылған жеке тұлғалардың ақша қаражаттары жатады.
Депозиттерді сақтандырудың объектілері болып табылмайтындарға мыналар кіреді:
o ұсынушының салымы;
o банктің сенімді басқармасына берілген ақшасы;
o заңды тұлғаға тән білімі жоқ, егер осы қызметпен бай-
ланысты ашылған болса, осындай кәсіпкерлікпен
айналысатын тұлғалардың салымдары;
o осы банктің немесе үшінші тұлғаның алдындағы
міндеттеме бойынша кепілді-салымы;
o 5%-дан көп дауыс құқығы бар банк акциясына ие осы
банк қызметкерлерінің немесе акционерлерінің
салымдары;
o кепілдік беруді қарастырмайтын келісімшарт
бойынша басқадай салымдар.
Салымшыларға депозиттегі негізгі соманы ғана емес, сонымен бірге ол бойынша есептелген сыйақыны да сақтандыруға мүмкіндік беріледі. Бұл — есептелген сыйақы негізгі салымды көбейтуге (салым ақшаны жүзеге асыратын шарттарға сәйкес) бағытталған жағдайда ғана мүмкін болады. Басқа жағдайларда депозит бойынша сыйақы өтелмейді.
Ұлттық банк бекіткен ережеге сәйкес, қатысушы банктер міндетті күнтізбелік жарнаны енгізу жолымен қордың салымшыларының салымдарының өтеу төлеміне арналған резервін толықтырады.
Міндетті күнтізбелік жарнаның мөлшерлемесі қатысушы банктердің қаржылық жағдайына қарай жеке белгіленеді.
Қатысушы банктер жарнаны ұдайы төлей бермейді. Қор ең көп шамадағы жиынтық мөлшерді анықтайды. Қатысушы банктер осы мөлшерге қол жеткізгеннен кейін жарна төлеуді тоқтатады. Бұл арада күнтізбелік жарна банк шығындарының есебінен жүзеге асырылады.
Әр түрлі банктердегі салымдар жеке кепілдендірілетіндіктен, олардың қандай да біреуі таратылғанда өтеу сомасының есебі үшін тек осы банкте орналасқан барлық сақтандырылған депозиттердің сомасы қолданылады. Егер банк соттың оны мәжбүрлеп таратуға шешім шығарғанына қарамастан салым бойынша тиесілі соманы төлеп, салым женіндегі міндеттемені өзі орындайтын болса, онда қор өтеу төлемін жүзеге асырмайды.
Депозиттердің сақтандыру жүйесіне қатысушы банктер таратылғанда салымдардың сомасын өтеу бойынша есеп айырысуды жүзеге асырудың бастапқы сызбасы төменде келтірілген (3-кесте). Бүгінгі таңда жеке тұлғалардың салымдары бойынша сақтандырудың өтемақысы 400000 теңгеден аспайды.