Марк Твеннен бақытсыздықты болжайтын балгерлерден қорқасыз ба деп сұрағанда, жазушы «өзіне сенімді екенін, өзінің өмірі сақтандырылғанын, әрі сақтандыру компаниялары маған . . . өлуге жол бермейді» деп жауап береді.
Бұл әрине, ұлы адамның әзілі. Бірақ та шындығында, қаржы нарығында заңды және жеке тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау бойынша азаматтық құқықтық қатынастар жүйесіне, олардың өмірі мен денсаулығына, ақша қорланымдарына жай ғана емес, аса стратегиялық рөл беріледі. Қазақстан дербестік алғаннан кейін бұл маңызды сегментті ақша қаржы кеңістігінде реформалауы табиғи нәрсе.
Ұлттық сақтандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын талдау арқылы, оның негізгі кезеңдерін анықтау керек. Нарық жағдайында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуекелдіктердің сан алуандығы және көптігі тән. Және де мүмкін болатын ысырап ықтималдығы артады, бірінші кезекте, жағымсыздықтарды ұлттық экономиканың түрлі сатылы деңгейлерінде, тәуекелдіктерді реттей отырып басқару арқылы, мейлінше азайту қажеттілігі туады. Алайда, мемлекеттік сақтандыру әлеуметтік, қоғамдық тәуекелдіктерді реттей отырып басқарумен, сақтандыру қатынастарының тәртібін, түрлерін және шарттары зандық негіз арқылы реттеумен шектеледі. Сондықтан тәуекелдіктерді басқару проблемасы шаруашылық жүргізетін субъектілердің бірінші кезектегі міндеттері. Мұндай жағдайда кәсіпқой сақтандырушьлар арқылы сақтандырудың мәні арта түседі. Нарықтық реформалардың бастапқы кезендерінде сақтандыру үдерісін анықтайтын ережелер болмады, бұл сақтандыру қызметінде тәжірибесі жоқ көптеген компаниялардың пайда болуына әкелді. Көптеген компаниялар сақтандыру қызметтің көп түрінің бірі ғана деп есептеді. 1994 жылдан 1998 ж. дейін олардың саны 22ден 71ге дейін өсті. Одан кейін бес жыл ішінде құлдырау жүрді. 2004 жылдың басында барлығы 34 компания жұмыс істеді. Сөйтіп, әлеуетті сақтандырушьшар тараптарынан мүдделілік танытқан кезде сақтандыру қызметтерінің нарығы Қазақстанда өзін өзі реттеді.
Ұлттық нарықтағы құрылымдық атқарымдық сақтандыру қызметтері әлеуметтік — экономикалық қатынастардың даму деңгейіне және нарықтағы өзара қатынасушыларға бейімделген зандық сақтандыру негізінің жағдайына тікелей байланысты. Сақтандыру нарығының ауқымдарына байланысты, оны қосалқы жүйе мен сегменттерге бөлуде қатысушылар қызметін реттеуде түрлі тәсілдер қолданылады. Нарықта сақтандыру қызметтері дамыған елдерде, әдеттегідей, әрбір қатысушының әрекетіне айқын анықтама беріледі. Сақтандыру жүйесі азырақ дамыған мемлекеттердің зандарында сақтандыру қызметтері нарығын кұру және негізгі қатысушылар әрекеті туралы түсіндірілулер беріледі. Бұл Қазақстанға да қатысты: «Сақтандыру қызметі туралы» заңда сақтандыру нарығы құрылымдықатқарымдық өзара байланыстары айқын көрсетіліп толық анықтамасы келтірілмейді. Тек қана сақтандыру қызметіне қатысты занды және жеке тұлғалардың құрылымдалмаған тізімі ұсынылады. 2003 жылғы 10-шілдедегі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 10 бабына сәйкес сақтандыру нарығына қатынасушыларға мыналар жатады:
• сақтандыру (қайтасақтандырушы) ұйымдары;
• сақтандыру қоры;
• сақтандыру агенті;
сақтанушы, сақтандырудан пайда алушы;
• актуарий (сақтандыру жарнасын есептеуші маман);
• уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор);
өзара сақтандыру қоғамы;
• сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы өзге жеке және заңды тұлғалар.
Бұл институттардың өзара іс-қимыл нысандары сақтандыру нарығы қосалқы жүйесінің ауқымын, мазмұнын және негізгі міндеттерін баламалы түрде көрсетуі тиіс: сақтандыру саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарды, сақтанушылар мен сақтандырушыларды, сақтандыру қызметтері инфрақұрылым нарығының объектілерін, бірақ өкінішке қарай, бұлар заңда жоқ. Біздің пікірімізше, сақтандыру ісінде мемлекеттің қатысуы мемлекеттік сақтандыруды дамыту мен сақтандыру бизнесін реттеу сияқты бағыттарда көрінуі тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сақтандыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы заңын қабылдауға байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» 1993 жылғы қайта құру заңында қазір ешқандай да ерекше мемлекеттік сақтандырудың жоқ екендігі ескертілген. Ол барлық жағдайларда кәсіпқойлық қызмет түрі ретінде қарастырылуы керек делінген. Айтылған занды пайдалану тәжірибесі, бұл жақсы шешім болмағанын көрсетті және 1995 ж. 30 қазандағы (және келесілерінде) «Сақтандыру туралы» заңында сақтандыру қызметіндегі мемлекет рөліне қатысты баптар қарастырылды. Мемлекеттік сақтандыруды қадағалау мекемесі құрылып, оның құдықтары мен міндеттері анықталды, лицензиялау тәртібі нақтыланды. Яғни ішкі нарықты мемлекеттік бақылау мен біркелкі протекционистік (тамыртаныстық) қорғау кезінде сақтандыру қатынасында өркениетті реттеудің жаңаруы басталды.
Мемлекеттің қатысуы оның орындайтын міндеттерінен айқындалады: қазыналық, экономикалық, кепілдік, бақылау мониторингілік және т.б. Бірте-бірте бұл міндеттердің мәні өзгереді. Қоғамдықэкономикалық міңдетті іске асыру үшін, мемлекет бюджет қорын қалыптастыруы тиіс. Оған, ең алдымен қаржы ресурстарын толықтыру үшін қазынашылық міндет тән. Мемлекет, өзара ережелерін заңда белгілеп, сақтандыру үдерісінің тәртібін реттей отырып, сақтандыру қатынастарына жанама түрде араласады. Ол мемлекеттік бюджетке, өзінің сақтандыру қорлары мен резервтеріне аударымдарды белгілейді. Яғни, сақтандыру саясатын жүргізу, сақтандыру жүйесін кұру және сақтандыру қызметін біртұтас нормативтіәдістемелікпен қамтамасыз ету, сақтандыру зандарының орындалуына бақылау, қазынашылықпен тығыз байланысты басқа да міндеттерді және белгілі бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізудегі реттеулер мемлекет құзырына жатады. Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған каражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Оның әлеуметтік қорғанысын арттыру мақсатында міндетті сақтандыру тізбесіне әлеуметтік және медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Жарналар әлеуметтік салыққа енетін түсім бөлігінің есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттің міндетті ісі кепілділік. Сақтандандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылардың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға (сақтандырылған) мәжбүр болған кепілдікгі төлемдер Қор арқылы тек, сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Жеке сақтандырудың мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудан айырмашылығы — жеке адамның сақтандыру қорын өз жарналары ссебінен оның материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған әрі ол ерікті сипатта болады. Сақтанушы тәуекелдікгі тандауға да, сақтандыру компаниясын тандауға да ерікті.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың міндеттілігі — әлеуметтік сақтандыру жүйесіне енгізілген адамдарды сақтандыру арқылы қорғауын күшейту; кепілдік; сақтандыру жарналарын жинау және қорларды қалыптастыру есебінен әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін ресурстарды шоғырландыруға бағдарланған экономикалық; инвестициялық уақытша еркін ақша қаражаттарын мемлекеттік қағаздар, кәсіпорындар акцияларына, банкінің бағалы қағаздарына және басқа қаржы құралдарына жұмсаудан пайда алу есебінен сақтандыру қорларыи арттыруға бағыттау; реттеу — сақтандыру тәуекелдіктерін бөлу міндеттерін орындау қажеттілігінен туындаған. .[3, 36 б]
Бүгінгі күні сақтандыру компаниялардың дамуы шетел сақтандыру компаниялармен бірдей бәсекелестікте болмайды. Біздің шағын дамыған сақтық нарығымыз шетелдің сақтандыру компаниялардың үлкен көлемін сиғыздыра алады. Өнеркәсіп өнім көлемінің қысқаруына және ЖІӨ төмедеуіне байланысты Қазақстан Республикасында сақтық нарығы даму жолында жатыр. Сақтандыру төлемдерінің өсу қарқыны 1992 жылдан басталады. Мысалы, 1996 жылы ол 130% құраса, 1997жылы 129% құрайды. Бірақ осы берілгендерді инфляция қарқынымен салыстырсақ, сақтандыру сыйақылары 1997 жылдан бастап дамыды (117%), өйткені, ең бірінші рет өсу қарқынының инфляция деңгейінен өсуі байқалды. Нақты сақтандыру сыйақылардың көлемі 93% деңгейінде орналасты, яғни 1995 жылмен салыстырғанда 7% төмендеді. Міндетті түрде мынаны белгілейміз ЖІӨ ге сақтандыру сыйақылардың салыстырмалы өлшемі соңғы жылдар 1% құрап, өзгеріссіз қалды.
1997 жылы сақтандыру төлемдері төмендеді, негізінен ол өзін сақтандыру, жауапкершлігін сақтандыру және мемлекеттік емес міндетті сақтандыру есебімен байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық нарығы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық нарығын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.