Көркемдік білім беру саласында қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын қолдану барысында оларды бірнеше тақырыптарға бөлуге болады. Соның ішінде қазақ бейнелеу өнеріндегі революция тақырыбына мына картиналар кіреді: Қ.Телжанов «Ұшқын», «Толқын», «Ән бастаушы», «Бастау», «Октябрь», М.Қалымов «Үкімет билігі советтерге», М.Шаяхметов «Интернационалды шырқаушылар», М.Кенбаев «Ә.Жангелдин отряды», Н.Нұрмұхамбетов «Даладағы өрт», «Фурманов Верный қаласында», Т. Тоғысбаев «Дала туралы баллада». Бұл картиналарда қазақ жеріндегі революция көріністері бейнеленген. Сонымен қатар революциядан кейінгі халық өмірі жан-жақты суреттелген. Суретші Қ.Телжановтың «Ұшқын» деп аталатын кар тинасында революция қайраткерлерінің шағын тобы, таңғы мезгіл, дала көріністері арқылы суретші революцияның басталу кезеңдерін көрсетеді. Осы суретшінің «Октябрь» деп аталатын шығармасы революция жеңісін көркем образдар арқылы бейнелеген.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше бір тақырып «Қазақ халқының реовлюцияға дейінгі өмірі мен тұрмысы» деп аталады. Бұл тақырыпқа суретшілер Ә. Қастеев, Н. Хлудов, С.Аманжолов өз қаламын тартты. Мысалы Ә.Қастеевтің «Шевченко қазақтар арасында», «Досмағамбет пен Жамбылдың айтысы», «Сатылған қалыңдық» картиналарында халықтар достығы мен мәдени дәстүр лайықты көрініс тапқан. Суретші С.Аманжоловтың «Ақтабан шұбырынды» деген картинасында, М. Қалымовтың «Исатай — Махамбет» деген картинасында қазақ тарихындағы ауыр күндер мен халық батырларының образдары жасанған.
Суретші Т.Шевченконың «Жетім балалар», «Киіз үйдегі қазақтар» В.Н. Фролованың «Құлмахамбет пен Жамбылдың айтысы» атты картиналары осы тақырыпқа кіреді. Қазақ бейнелеу өнерінің көптеген шығармалары тарихи кезеңдермен тығыз байланысты. Бұл шығармаларда халықтың ұлт-азаттық қозғалысы, қоғамдық қайраткерлер, батырлар образы ерекше көзге түседі. Осындай тақырыптардың бірі «Қазақ бейнелеу өміріндегі азамат соғысы көріністері». Мысалы: Н.Нұрмұхамбетовтың «Амангелді шабуылы», «Тоқаш Бокин отряды», М. Кенбаевтың «Жанкелдин отряды», Қастеевтың «А. Иманов портреті», Қ.Телжановтың «18 – жылғы Қазақстан», М. Қалымовтың «Қазақтың алғашқы атты-әскер полкы» деген картиналары азамат соғысының көріністерін білдіреді.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі көлемді тақырыптардың бірі «Ұлы Отан соғысы» деп аталады. Бұл тақырыпты қамтитын шығармалардан соғыс кезіндегі халық өмірін, майдан көріністерін, батырлар образын көруге болады. Мысалы, В.Крымовтың «Шахтерлерді майданға шығарып салу», Т.Әбуовтың «Барлығы майдан үшін», график И.Исабаевтың «Ленинградтықтар балам менің», О.Нұржұмаевтың «Әке естелігі» шығармаларында жауынгерлерді майданға шығарып салу, елдегі халықтың жеңіс үшін күресі суреттеледі. Сонымен қатар суретші Н.Насаткиннің «Қазақстаннан келген қонақтар Панфиловшылар арасында», С.Романовтың «Жеңіс туы», «Соғыс ізі», Ү.Әжиевтің «Ленингард 1941 Декабрь», К.Пономаренконың «Ерекше тапсырма» атты картиналары соғыс көріністерін шынайы бейнелермен ашып көрсетеді. Суретші В.Чуйковтың «Жамбыл өсиеті», А.Молдабековтың «Батыр Ә.Молдағұлова» портреті, Ә.Нақысбаевтың, «Р.Қошқарбаевтың портреті», Ю.Мингозидиновтың «М.Маметова портреті» арқылы қазақ халқының ержүрек ұл-қыздарының көркем образдары жасалған.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше бір тақырып–қоғам қайраткерлерінің образы. Бұл тақырыпқа көптеген суретшілер қалам тартты. Олардың ішінде Қ.Телжанов, В.Крылов, Х.Наурызбаев, С.Романовтарды атауға болады. Телжановтың «Көсем аманаты», Т.Тоғысбаевтың «Көсем мен Т.Рысқұловтың кездесуі», Х.Қалымбетовтың «С.Сейфуллин» деген картинада қоғам қайраткерлерінің образы берілген.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі еңбек тақырыбына көптеген суретшілер қалам тартты. Олардың қатарына Қ.Телжанов, Ә.Қастеев, Ә.Исмаилов, М.Кенбаев, Н.Нұрмұхамбетов, Е.Евсеев сияқты суретшілер кіреді. Еңбек тақырыбын алғаш бастаған суретші Ә.Қастеев «Турксиб», «Биік таудағы мұз айдыны», «Қапшағай ГЭС-і» сияқты картиналарын жазды. Телжановтың «Ата-баба жерінде» деген картинасы Қазақстандағы тың игеру кезеңін көрсетеді. Сонымен қатар Н.Раевтың «Тың жер», Г.Исмайловтың «Даладағы тоған» О. Тоғысбаевтың «Тың жерінде» деп аталатын картиналары да тың игеру көріністерін суреттейтін шығармалар.
Еңбек тақырыбына арналған картиналарда табиғат көріністерімен қатар адам бейнелері де көрініс табады. Мысалы, Қ.Телжановтың «Боз аралдың адамдары», Н.Нұрмұхамбетовтың «Папам келе жатыр» атты картиналары кіреді. Еңбек тақырыбына жазылған картиналардың бірі Ф.Евсеевтің «Шымкент фосфор заводы», В.Крыловтың «Өндірісті Қарағандының таңы» деп аталатын шығармалары индустриалды өндіріс орындарын бейнелейді.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі көлемді тақырыптардың бірі бейбітшілік тақырыбы. Бейбітшілік тақырыбына жазылған қазақ суретшілерінің шығармалары кескіндеме, графика, сәндік – қолданбалы өнер, салаларын қамтиды. Бұл шығармалар халықты бейбітшілікке, шыншылдыққа, бірлікке насихаттайды. Сонымен қатар, соғыстың сұрапыл көріністерімен жирендіріп, бейбіт өмірді көркем образдар арқылы суреттейді. Суретші Б.Табеевтің «Қайырлы таң», Т.Тоғысбаевтың «Бейбітшілік әні», К.Бисенбиновтың «Мәңгілік жарық», С.Трофимовтың «Бейбітшілік туралы сөз» атты туындылары бейбіт өмірдің еңбек адамдарының өмір тіршілігі суреттеледі. Суретші Аманжоловтың «Уақыт талабы», К.Молдашевтің «Қазақстан. Дала және уақыт» атты шығармасы. А.Ғалымбаеваның «Қостанай пирамидалары» қазақ жеріндегі бейбіт еңбектің көріністері. Н.Нұрмағамбетовтың «Хиросима» атты картинасы жапон соғыс құмарларының халық өміріне деген қастандық әрекеті екендігі көрсетілді.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі сүбелі тақырыптардың бірі–ана образы. Бұл салаға қалам тартпаған суретші жоқ десе де болады. Солардың ішінде А.Ғалымбаеваның, Қ.Телжановтың, С.Мамбеевтің, Е.Сидоркиннің, А.Жүнісовтың есімдерін ерекше атау қажет. Ана образына ерекше өз шығармашылығынан орын берген суретші А.Ғалымбаева. Оның «Махаббат туралы баллада», «Тоқымашы», «Автопрортрет», «Халық таланты», «Батыр ана», «Халық шебері Басенованың портреті» атты шығармалары бар. Сонымен қатар Қ.Телжановтың «Жамал», «Домбыра әуендері», С.Мәмбеевтің «Ақ киімді қыз», Е.Сидоркиннің «Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Құртқа» образдары және А.Жүсіповтың «Менің отанымның әйелдері» деп ақталатын картиналары қазақ аналарының образын жан-жақты көрсететін бейнелі туындылар.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі ерекше тақырыптың бірі халық ақыны Жамбылдың бейнесі. Бұл тақырыптағы шығармалар ақын өмірі мен шығармашылығын терең суреттейді.Бұлардың ішінде суретші К.Чеканиннің «Жамбыл мен Кенен», Ә.Қастеевтің «Жамбыл мен Досмағамбет», С.Мартованың «Құлмамбет пен Жамбылдың айтысы», Исмаиловтың «Жамбыл мен Тоқтағұл» сияқты картиналары халық ақыны мен айтыс ақындарының образдарын жасалған. Жамбыл ақынның образын жасауға көптеген орыс суретшілері қатысқан. Бұл орайда К.Чуиковтың «1916 жыл Жамбылдың жарлылар арасында болуы», К.Урманченің «Жамбылдың ұйықтар бөлмесі», С.Риттехтың «Жамбыл халық арасында», К.Суховтың «Жамбыл мен Фурмановтың кездесуі» сияқты шығармаларды айтуға болады. Жамбыл образын ерекше ашатын туынды М.Қалымовтың «Ленинградтық өрендерім» атты графикалық туындысы.
Қазақ бейнелеу өнерінде 60 жылдардан бері ерекше дамып келе жатқан тақырып ғарыш тақырыбы. Бұл салада Қ.Степанов, Н.Гаев, К.Моллашев, Ғ.Ильевтар табысты шығармашылық еңбек етті. Ою-өнек шебері Г.Ильяев «Байқоңыр Космос» атты шығармасын ою-өрнек тілімен суреттейді. Бұл картинада қазақ жерінен аспан әлемі, табиғат көріністері ою-өрнектермен бейнеленген. А.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», «Гагарин», «Жер ұлдары» атты кескіндеме шығармалары космос тақырыбын ерекше ашқан туындылар.
Қазақ бейнелеу өнерінде балалар тақырыбына арналған шығармалар мол. Бұл тақырыпқа арнап А.Бортников, А.Степанов, Б.Янковский, Қ.Телжанов, Х.Наурызбаевтар туындылар жазды. Суретшілер А.Степановтың «Жамбылдың немересі», Б.Яновскийдің «Жамбыл балалар арасында», И.Остренконың «Жас бақташы – Жамбыл» шығармаларында өнер шеберлері ұлы ақынның балалық шағын суреттейді. Халық суретшісі Қ.Телжанов «Бірінші рет мектепке», «Әжесі мен немересі», «Күн сәулелі өлкеде», «Тыныштық» атты кескіндеме туындыларында қазақ балаларының бейбіт өмірі елдің салт-дәстүрі өнер тілінде көркем образдармен көрініс тапқан.
Табиғатты қорғау, республика көлемінде қолға алынатын мәселе бейнелеу өнері саласында да негізгі бір тәрбие тақырыбы болып табылады. Экология тақырыбына жазылған сәндік қолданбалы өнер графика туындыларымен қатар кескіндеме шығармалары қазақ бейнелеу өнерінің ерекше бір бөлігін құрайды. Бұл тақырыпқа қалам тартқан суретшілер В.Халатов, Е.Тулепбаев, Қ.Телжанов, В.Флорова, Х.Рахимов, М.Лизогуб, У.Әжиев. Суретші-график В.Халатовтың «Жер біздер үшін біреу ғана» деп аталатын плакатында оны сақтап, оның болашақ үшін қажеттігін көрсетеді. Суретшілер Е.Төлепбаевтың «Көкпар», В.Фролованың «Пішен шабу», Х.Рахимовтың «Самал жел», М.Лизогубтың «Күміс ыстық көл», Ү.Әжиевтің «Асы жайлауы», А.Черкасскийдің «Қарағаштар» , О.Таңсықбаевтың Іле өзені мен тауының жағасында картиналары қазақ даласының сипатын, сымбатын, әсем көріністерін нұрлы бояулармен суреттейді. Өнер шеберлері табиғатымыздың, планетамыздың тазалығын сақтауға шақырады.
Қазақ бейнелеу өнерінде тарихи жанрға жазылған шығармалар өте мол. Бұл жанр бойынша ерекше еңбектенген суретшілер А.Бортников, Қ.Телжанов, Ә.Қастеев, К.Шаяхметов, С.Романов, Н.Нурмухаммедов, В.Крылов, К.Баранов, А.Рахманов. Тарихи жанрға жазылған шығармалар еліміздегі азамат соғысы. Отан соғысы сияқты тарихи кезеңдер бейнесін көрсетеді. Суретші А.Бортников «Д.Фурмановтың Верный қаласындағы бүлікшілер алдындағы сөзі», К.Телженовтың «Ән бастаушы», «Октябрь» К.Шаяхметовтың «Интернационалды шырқаушылар» қазақ жеріндегі революция көріністерінің белгілерін білдіреді. Суретшілер С.Романовтың «Жер туралы декрет», Н.Нұрмахамбетовтың «Даладағы өрт», «Тоқаш Бокин отряды» шығармаларының арқауы да тарихи оқиғаларға құрылған. Қылқалам шеберлері В.Крыловтың «Шахтерларды майданға аттандыру», К.Барановтың «Жер үшін, бостандық үшін», А.Рахимовтың «Менің ұрпақтарымның анасы» картиналары Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел көріністері бейнеленеді.
Тарихи жанрға ұқсас және онымен байланысты жанр – әскер ұрыс көріністерін тікелей бейнелейтін соғыс жанры. Бұл жанр бойынша да қазақ бейнелеу өнерінде көптеген шағармалар жазылған. Ә.Қастеевтің «Амангелді сарбаздары», «Амангелдінің шабуылы», Т.Говорованың «Жауға атылған оқ», А.Гурьевтің «Батырдың жебесі», К.Пономоренконың «Жау тылында» атты картиналары соғыс қимылдарын бейнелейді.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі аса ауқымды жанрдың бірі – тұрмыстық жанр. Бұл жанр бойынша суретші А.Толымбаеваның «Көңілді күн», М.Кенбаевтың «Шопан іні», С.Мамбеевтің «Киіз үй жанында», Қ.Телжановтың «Көкпар» картиналары ұлттық дәстүр мен дәстүрлі ойындарды көрсетеді. Осы сияқты суретшілер М.Лизогубтың «Ертегі», «Халық шебері», М.Кенбаевтың «Қашағанды қу», С.Айтбаевтың «Бақыт», И.Кенжебаевтың «Кешкі ән», «Жолдағы әңгіме» шығармалары қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен кең көлемде мәлімет беретін туындылар.
Суретші Н.Нурмухаммедовтың «Папам келе жатыр», Е.Сидоркиннің «Абай жолы», Ю.Мингазиддиновтың «Қалыңдықты сатып алу», Ә.Қастеевтің «Сатылған қалыңдық», Б.Табиевтің «Базар» шығармалары қазақ халқының бұрынғы өмірі мен қазіргі тұрмыс тіршілігін қатар суреттейді.
Қазақ бейнелеу өнері шығармаларының ауқымды бөлігін – натюрморт жанры алады. Бұл жанрда өнер шеберлері А.Черкасский, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Т.Абуов, А.Жунусов, В.Ткаченко, О.Кужеленко, Н.Стадничук, С.Романов, Н.Нурмухаммедов, Т.Тоғысбаев, Л.Леонтьевтер көптеген шығармалар жазды.
Суретшілер А.Ғалымбаеваның «Дастархан», Г.Ысмаилованың «Қымыз», «Көне қазақ керамикасы», Т.Абуовтың «Домбыра және басқа заттар», Ә.Жүнісовтың «Шыны аяқтары бар натюрморт», Т.Тоғысбаевтың «Қызылы бар натюрморт», «Құмыралы натюрморт» картиналары қазақ халқының дастарханын көрсетіп, қонақжайлық дәстүрінен хабар береді. Суретшілер А.Черкасскийдің «Терезе алдындағы натюрморт», А.Галымбаеваның «Кактус гүлдері», В.Ткаченконың «Гүлдер», О.Кужеленконың «Апельсині бар натюрморт» Т.Тоғысбаевтың «Ақын Кененнің мұрасы», «Дала кеңістігіндегі натюрморт», «Құмыралы натюрморт» туындылары тұрмыстағы қолданылатын бұйымдардың әсем формаларын, мәні мен мазмұнын көрсетуге арналады.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі тақырыптардың бірі–портрет. Қазақстан суретшілерінің ішінде портрет жанрына қалам тартпаған суретші кемде-кем. Олардың ішінде әсіресе Г.Исмаилова, С.Айтбаев, А.Қастеев, А.Бортников, Н.Крутильников, У.Әжиев, И.Исабаев, Е.Сидоркин, Ә.Жусупов, Л.Леонтьев, А.Черкасский, В.Антошенко-Оленов, М.Кисамединов, Н.Нурмухаммедов, Х.Наурызбаев, А.Рысбеков, Е.Мергенов, Т.Досмағамбетов сияқты өнер шеберлері портрет жанрына ерекше үлес қосты. Қазақ бейнелеу өнерінде портрет жанры Әбілхан Қастеевтен бастау алады. Ә.Қастеев бұрынғы және жаңа өмір атты портреттер жиынтығын жазып, бірнеше топтық портреттерін, өзінің автопортреттерін салды.
Суретшілер Г.Исмаилова «Халық әртістері» Шара Жиенқұлованың «Күләш Байсейітованың», Н.К.Крутильников «Ақын Жамбыл», А.Черкасский «Жамбыл мен Динаның», Л.Леонтьев «Қазақстан композиторларының» топтық портреттерін салды. С.Айтбаев «Жазушы Әнуар Әлімжановтың» И.Исабеков «Мұхтар Әуезовтың», Е.Сидоркин «Абайдың», А.Черкаский Сәбит Мұқановтың образдарын жасады.
Суретші А. Бортников «Шопан», В.Антошенко-Оленов «Күрішші Ыбырай Жақаевтың», Н.Нұрмухаммедов «Еңбек ері Жансұлтан Демеевтің», А.Дужнев «Академик Каныш Сатпаевтың» портреттерін шығарды. Бұлармен қатар мүсін саласында өнер шеберлері Х.Наурызбаев, Д.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Р.Ахметов, Е.Серкебаев көптеген өнер адамдары мен қоғам қайраткерлерінің образдары жасалды.
Пейзаж жанры – қазақ бейнелеу өнеріндегі салалы жанрдың бірі. Табиғат көріністері қазақ суретшілері А.Қастеев, А.Ғалымбаева, С.Мамбеев, Ж.Шарденов, О.Тансықбаев, А.Черкаский, С.Романов шығармашылықтарынан орын алады. Олардың бір қатары республикаға белгілі өзен — көлдерді, дала мен тауларды өз шығармаларына арқау етсе, бірқатары жыл мезгілдерін, табиғаттың әсем ортасын өз шығармаларының өзекті буыны етіп алған.
Суретші Ә.Қастеевтың «Шыжын өзені бойында», О.Таңсықбаеевтың «Іле өзені жағасында», Е.Говорованың «Кіші Алматы өзені бойындағы қайыңдар», С.Романовтың «Аяқ-Қалқандағы ағаштар» атты картиналары қазақ жерінің әсем көріністерін бейнелі образға айналдырады.
Суретші В.Валикановтың «Кешіккен көктем», М. Темиргалиевтің «Кешқұрым», В.Назыровтың «Алма ағашы гүлдеді», А.Черкаскийдің «Гүлденген май», С.Мамбеевтың «Көктем» картиналары табиғаттың сұлу көріністерін өнер тілінде суреттейді. А.Ғалымбаеваның «Жол», А.Черкаскийдің «Алыстан да алыс жер», С.Мамбеевтың «Жайлауда» шығармалары қазақ жері табиғатының кеңдігін, тау мен дала көріністерінің айырмашылығын суреттейді. Қазақ бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрының бірі саласы өндірістік пейзаж. Бұл бағытта суретшілер Л.Леоньтев, С.Романов, Ж,Шарденов, Ю.Евсеев, В.Ткаченко, А.Қастеев, А.Исмайлов, С.Саносян, А.Дячкин, А.Ғалымбаева, А.Горовых, Д.Калачев, В.Крылов көптеген туындылар әкелді.
Суретші Ә.Қастеевтің «Сакалов-Сарыбай кен орны», А.Дячкиннің «Манғыстау», А.Горовыхтың «Ертіс жағасындағы кен орын», Д.Калачевтің «Қапшағай ГЭС-і», А.Қастеевтің «Қапшағай ГЭС-і» картиналары қазақ даласының байлығын, өндіріс орындарын бейнелейді. Өнер шеберлері Л.Леонтьеевтің «Щорс атындағы астық совхозы», Ә.Исмайловтың «Бетпақ даладағы тоған», А.Ғалымбаеваның «Қостанай перамидалары» туындыларының өзекті желісі қазақ жерінде байлықтың бірі астық өнімін дайындау сәттері сәтті көрініс табады. Суретшілер С.Романовтың «Қаратау кен байыту комбинаты», Ж.Шарденовтың «Кезек», С.Саносянның «Теміртау шахтасы», Ю.Евсеевтің «Шымкент фосфор зауыты», В.Крыловтың «Өндірісті Қарағандының таңы» картиналарында ауыр өндіріс пен табиғат көріністерін көрсетеді.
Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының бір саласы әдебиет шығармаларына иллюстрациялар жасау, театр қойылымдарына эскиз дайындау, кинофильмдерді көркемдеу бағытын қамтиды. Өнер шеберлері Е.Сидоркин, К.Ходжықов, И.Исабеков, П.Зальцман, С.Романов, А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, А.Хайдаровтардың осы салада өнімді шығармашылық еңбектерді дүниеге әкелді. Суретші Е.Сидоркин Қазақ эпосы мен жазушы М.Әуезовтың «Абай» романына , К.Хожықов Абай өлеңдеріне, график суретші И.Исабеков Абай шығармаларының мотивіне арнап, П.Зальцман «Таулардың көрегендігі» деп аталатын О.Сүлейменовтың өлеңдеріне иллюстрациялар жасады. Суретші Г.Исмайлованың «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» балетіне безендіру эскиздерін салды. Сонымен қатар суретші С.Романов «Ән қанатында», А.Ғалымбаева «Дала қызы», А.Хайдаров «Ләйлі мен Мәжнүн» кинофильмдеріне арнап көркемдік дәрежесі жоғары эскиздер жасады.
Қазақ бейнелеу өнерінің бір түрі мүсін. Мүсін саласында Х.Наурызбаев, Б.Төлеков, Н.Журавлев, Т.Досмаганбетов, Е.Мергенов, Р.Ахметов, В.Рахманов, О.Прокопьева, П.Усачев, Ю.Гумель, Е.Серкебаев, А.Исаев, А.Динашев өнімді шығармашылық жұмыстар берген мүсіншілер. Мүсіншілер Х.Наурызбаев С.Сейфуллиннің, А.Исаев «Буденовшы» сияқты қоғам қайраткерлерінің мүсіндерін сомдады.
Мүсінші Б.Тулеков Еңбек ері Ж.Қуанышбаевтың, Н.Журавлев «Құрылысшы», Ю.Гумель «Батыр ана» мүсіндерін жасап, еңбек пен қадірлі аналар образын шыңдады. Мүсіншілер Т.Досмағамбетов «Амангелді Иманов», Е.Мергенов «Әке портреттерінде» көлемді мүсіндер арқылы еңбек пен ерлік үлгісін жоғары азаматтық адамгершілік деңгейіне көтерді. Өнер шебері Х.Наурызбаев «Мариям Хамкимжановнаның» портретін, В.Рахманов «Ой» шығармасында , П.Усачев «Табиғат сыйлығы» туындысы лирикалық ой иірімдеріне жасалған образдар. Мүсіншілердің арасында ұлттық колоритімен, орындаулы әдістерімен ерекшеленетін шебер – Рысбек Ахметов. Мүсінші ақындар Ә.Тәжібаевтың, О.Сүлейменовтың, Әнші Е.Серкебаевтың, режиссер А.Әшімовтың, күйші С.Тұрысбековтың портреттерін жасап, «Желтоқсан», «Отыз екінші жалғы ашаршылық», «Балалық шақ», «Түйелі керуен», «Үш жүз» деп аталатын тарихи кезеңдерді, ұлттық салт-дәстүрді бейнелейтін туындыларды шығарды.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бір ерекше саласы – көлемді бейнелеу өнері (монументтік өнер). Бұлар ескерткіштерге, мемориалдық комплекстерге, көлемді гобелен, роспись, страфито, роспись рельеф түрлеріне бөлінеді. Мүсіншілер Х.Наурызбаев Абай Құнанбаевтың, Е.Сергебаев М.Әуезовтың, Е.Әбішов Т.Бокиннің, Т.Досмағамбетов Ә.Жангелдиннің ескерткіштерін жасап, қазақ мүсін өнерінің тарихынан сүбелі орын алды.
Мүсіншілер В.Андрющенко мен А.Е.Артемовичтің Алматыдағы 28 Панфиловшылар атындағы парктегі Даңқ мемориалы, Ж.Молдабеков Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған Қарағандыдағы монументі, П.Әйнеков пен А.Андрющенконың Шымкенттегі жауынгерлік пен еңбек даңқы ескерткіші қазақ мүсін өнерінің ерекше бір саласы. Ю.Попов пен В.Поповтың орындаған Көкшетаудағы аэропорт ғимаратындағы росписьті рельеф, А.Рахманов жасаған Тараздағы химиктердің мәдениет сарайындағы рельеф, Д.Алденов пен Н.Рустемов орындаған Шымкент «Фосфор» бірлестігі Мәдениет сарайындағы рельефтер қазақ монумент өнерінің бір тобына кіреді.
Суретшілер В.Зверев пен Л.Звереваның Қостанай қаласындағы Қостанай кинотетрының ғимаратындағы «Тың жер» деп аталатын страфито техникасы бойынша салынған көлемді сурет өнер шебері И.Нимецтің Алматы облысы, Шелек ауданы Бортоғай совхозының мәдениет үйінде жасаған «Нан» атты көлемді роспись, суретшілер Б.Анисимов, Г.Завизотский, Ю.Функоренко жасаған Қазақстан Ұлттық Академиясының ғылымдар үйіндегі Аль-Фараби, Абай, М.Әуезов, Ы.Алтынсариннің мозайкалық бейнелері қазақ бейнелеу өнеріне қосылған қомақты үлес болып табылады.
Сәндік қолданбалы өнердің шеберлері В.Хмелов пен И.Хмелова жасаған Семей қаласындағы «Турист» қонақ үйіндегі «Достықтың бұтағы» атты гобелен, сонымен қатар, өнер шеберлері Қ.Тыныбеков, Е.Николаев, Б.Заурыбекова, И.Ярималар тоқымаған Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің вестибюліндегі «Күн сәулелі Қазақстан» атты гобелен қазақ сәндік өнерінің салмақты бір туындысы.
Қазақ бейнелеу өнерінің бір саласын сәндік қолтаңбалы өнердің профессионал суретшілерінің жұмыстары құрайды. Бұл салада Г.Ильяевтің, Б.Зауырбекованың, Қ.Тынышбаевтың, Д.Шоқпаровтың, Г.Жарылғаповтың, С.Бөлтіріковтың, М.Әлімбаевтың С.Ильяевтің, С.Төленбаевтың, Қ.Қарабдаловтың, О.Нәлібаевтың шығармашылық еңбектерін атауға болады.
Г.Ильяев қазақтың сәндік қолтаңбалы өнері шеберлерінің ішінде өзіндік қолтаңбасымен танылған ерекше тұлға. Оның шығармалары ою-өрнектерді безендіру функциясының жоғары дәрежеге көтеріліп, сюжеттік картина дәрежесіне дейін жеткен. Г.Ильяевьтің «Бау», «Сәлем», «Байқоңыр», «Айтыс», «Қыз қуу», «Космос», «Түйеші», «Алғашқы қар», «Көктем», «Күз» деп аталатын шығармаларында өмірдегі құбылыстарды ою-өрнек формасына айналдыра отырып, көркем образ жасаудың үлгісін көрсетті.
Қазақстың профессионал сәндік қолданбалы өнері саласындағы танымал шебері –Д. Шоқпаров шығармашылығы ерекше құбылыс. Д.Шоқпаров қазақтың ұлттық көркем бұйымдарын жасайды. Ол алғаш, темір, тері сияқты материалдарды өңдеу арқылы, тегене, ожау, ер, қымыз құятын ыдыстар, торсық, ат әбзелдері сияқты заттарды жасаумен қатар, қол-өнердің практикалық жағы мен теориялық мәселелерін жетік меңгерген маман. Суретші қолөнердің ескі нұсқаларын тауып, оны жаңа мазмұнда жасаған, жоғалып бара жатқандарын жазып жарыққа шығарып, қолөнерді зерттеуші, этнограф дәрежесіне дейін көтерілген суретші. Халық шебері Д.Шоқпаровтың Қазақстанда тұңғыш рет жекеменшік этнографиялық музейі өнер мектебі ашылды.
Сәндік қолтаңбалы өнер саласындағы гобелен (тоқыма сурет) тоқуды меңгерген суретші Қ.Тыныбеков. Суретші «Дала балладасы», «Тау мекн дала аңызы», «Жанұя» атты гобелендері арқылы қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік өрнектерімен келді. Гобелен саласындағы белгілі суретші – Б.Зауырбековтың «Көктем», И.Яреманың «Натюрморт» атты туындылары көпшілікке танымал шығармалар. Сонымен қатар, суретші шеберлер С.Бөлтірікованың «Қымыз ыдыстары», С.Ильевтің «Бақыт» атты батигі, Г.Жалмұхановтың керамикалық ыдыстар сериясы зергер, М.Әлімбаевтың «Әйелдердің безендіру заттары», С.Төленбаевтың ою-өрнектері, Қ.Қарабдаловтың керамикалық ұлттық бұйымдары қазақтың профессионал сәндік қолтаңбалы өнерінің дамуына қосылған қомақты үлес.
Қазақ бейнелеу өнерінің мазмұнын байыта түсетін мүмкіндік маман суретшілермен қатар, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын халық шеберлерінің шығармашылық еңбектерінің жүйесі. Халық шеберлері мата мен жүн, ағаш пен сүйек, қыш пен табиғат материалдарын өңдеу арқылы ұлттық көркем бұйымдар жасаумен айналысады. Тоқу өнері саласында Оңтүстік Қазақстан облысынан Н.Тайманова, А.Жүсіпова, К.Әбдірайымова, С.Зулпухарова, Қызылорда облысынан Б.Шанзарова, И.Алдамомынова, К.Нұржанова, Д.Құрманбааева, К.Еділбаева, Жамбыл облысынан Ш.Нұртазаева, Б.Нақбергенова, С.Батаева, К.Таптыбаева, Р.Омарова, Алматы облысынан С.Әзірбаева, К.Құрбанова, Д.Рузбаевалар текемет, сырмақ, түскиіз, құрақ көрпе, тақыр кілем, масаты кілем, тақыр алаша, терме алаша, орам алаша, ақ кілем, ішік, шекпен, шапан, орамал, бау, басқұр бұйымдарын жасайды.
Қазақтың халық зергерлерінің ішінен Алматы қаласындағы М.Әлімбаевты, А.Қарасаевты, В.Савченконы, Е.Христовты ерекше атауға болады. Ағаш пен сүйек өңдеу саласынан Алматылық К.Мәлиев, О.Нәлібаев, Жамбылдың Т.Бегімбетов, И.Иргилбеков, Р.Сауқымбаев, Ж.Масанов, Оңтүстіктегі Т.Сырбенов, Ш.Шайменов, Ш.Матеев, Қызылордалық Т.Сәрменов, У.,Мырзабеков, Семейлік Ж.Нұрғалиевтар тостаған, тегене, ожау, табақ, келі, келсап, ер, бесік, шаңырақ, уық, күбі, есік, кереге, кебеже, сандық, домбыра, қобыз сияқты ұлттық көркем бұйымдар жасайды.
¦лттыќ керамика µнері саласында А.Оѓызбаев, Ф.Резнюк, М.Єбеков, (Алматы) Ќ.Ќарабдалов, Д.Кемешов (Шымкент) ќ±мыра, кесе, табаќ, сазсырнай, уілдек жєне майда сыйлыќ заттарын шыѓарады.
Ою-µрнек шеберлері Г.Ильяев (Шымкент) С.Тµленбаев (Жамбыл), Ж.Барымбетов (Талдыќорѓан) сќазаќтыњ ±лттыќ ою-µрнектерін жања мазм±н мен кµркемдік сипатта дамытуға көп еңбек сіңірген.
Ќазаќстан бейнелеу µнерініњ сєндік ќолданбалы µнер саласын толыќтыратын кµркем б±йымдар Ќазаќстанныњ кµркем кєсіпорнында жасалады. Олардыњ ќатарында Алматыныњ «Т‰скиіз», «¦лттыќ сувенир фабрикасы, керамикалыќ заводы, кілем фабрикасы бейнелеу µнері µнімдерін шыѓаратын «¤нер» комбинаты «Мирас» атты кµркем б±йымдар жасау бірлестігі бар. Олармен ќатар ¤скеменніњ «Оютас», Тараздыњ «¤нерпаз», Шымкенттіњ тері µњдеу фабрикасы, Ќапшаѓай мен Аќмола Форфор заводтары, «Ќызылту» фирмасы, Отырар ѓылыми ќайта ќалпына келтіру цехы ±лттыќ сипаттаѓы кµркем б±йымдар ендіреді.
Ќазаќ бейнелеу µнерініњ озыќ туындылары Є.Ќастеев атындаѓы Мемлекеттік µнер музейінде Ќазаќстанныњ кµркемсурет дирекциясыныњ ќорында, єрбір облыстаѓы кµркемсурет ќорында, Қазаќтыњ Мемлекеттік орталыќ тарихи музейінде О.Тањсыќбаев атындаѓы Алматы кµркемсурет училищесініњ Ќазаќтыњ кµркемсурет академиясыныњ ќорларында саќтаулы.
Тањдаулы µнер шеберлерініњ шыѓармаларын Мєскеудегі В.Третьяков галереясында жєне Шыѓыс ќазаќтары µнерініњ музейінде сонымен ќатар, Ташкенттегі µнер музейінен табуға болады.
Сєндік ќолданбалы µнердіњ кµне ‰лгілері Республика облыстарындаѓы тарихи µлкетану музейлерінде, Т‰ркістан ќаласындаѓы А.Ясауи комплексіндегі музейде, Алматыдаѓы Ќазаќ музыка аспаптарыныњ музейінде, Панфилов ќаласындаѓы кµркемдік-архитектуралыќ музейде, кµркем кєсіпорындар жанындаѓы музейлерде, Алматыдаѓы суретші Д.Шоќпаровтыњ жеке этнографиялыќ музейінде, суретшілердіњ жеке ќорларында Оњт‰стік Қаласындаѓы Тµле би ауданы, Блинковка селосындаѓы кµркемсурет галереясы сияќты орындарда саќталуда.Қорыта айтқанда қазақ бейнелеу өнерінің оқушыларға көркемдік білім берумен қатар эстетиалық тәрбие берудегі шексіз мүмкіндіктер екендігі көрсетеді.