Оқушыларды сәулет өнерімен таныстыру

Мектеп оқушыларына  көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие берудің бір жолы оларды туған өлкедегі өнер және сәулет өнері туындыларымен таныстыру. Республика көлемінде танымдық, тәрбиелік маңызы бар сәулет өнерінің ертеден сақталған тарихи халықтық мұралары аз емес.

Олардың көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға талдап түсіндіру, құрылыстың салынуы туралы мәліметтер беру, өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін салыстыру баланын, таным қабілетін дамытуға ықпал етеді. Бірақ осы қолда бар мүмкіндіктерді  оқушыларға білім мен тәрбие беру  мақсатында пайдалануға қазіргі күнге дейін көп мән берілмей келеді.

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп  талаптарына сай оқушыға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруде, туған өлкенің сәулет өнері ескерткіштерімен таныстырудың  маңызы ерекше.

Осыған орай біз мектептің мұғалімідері іс-тәжірибесі негізінде жасалған сабақтың мазмұнын ұсынамыз. Сабақтың тақырыбы «Көне сәулет өнерімен танысу». Сабақтың мақсаты: сәулет өнерімен таныстырғанда оқушылардың пішін (форма) туралы түсініктерін қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.  Сабақта сәулет құрылыстарынын көркемдік ерекшеліктеріне сипаттама беріліп, жеке туындылар талданды. Сабақ әңгіме әдісімен өтті. Біздің өлке тарихы бай да қызықты. Оның дәлелі қазірге дейін сақталған көптеген көне сәулет өнері мен монументалдық өнер туындылары. Олардың ішінде, әсіресе, архитектуралық ескерткіштердің орны бөлек. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында 156 архитектуралық ескерткіш есепке алынған.  Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі Қазақстандағы тарихи архитектуралық құрылыстың інжу-маржаны ретінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.

Облыстағы архитектуралық ескерткіштер орта ғасырдың соңғы кезеңінде салынғанымен кебісінің әдепкі пішіні сол күйінде сақталған. Облыс көлемінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында салынған орыс архитектурасының үлгісіндегі құрылыстар да бар. Осынау тарихи сәулет құрылыстарынан көптеген ғасырлар бойғы халық сәулетшілерінің тәжірибесін, әсемдік туралы халық түсініктерінің жиынтық бейнесін көреміз.

Көне дәуір мен орта ғасырда өмір сүрген көшпелі халықтың өз мәде-ниеті, өнері болды. Халық басынан кешірген ауыр замана оқиғалары ежелгі өнер туындыларының қайталанбас үлгілерінін жойылып кетуіне себепші болды. Олардың бізге жеткен кейбір үлгілері, музейлерде қойылған, халықтық қолданбалы өңер туындылары бабаларымыздың әсемдік сезімдерінің, талғамдарының, көзқарастарының өте жоғары деңгейде болғандығын көрсетеді.

Халық  өнері қоғамның дамуы мен байланысты өсіп,  өркендейді. Ерте және орта ғасырларда сәндік қолдалбалы өнермен қатар сурет пен  кескіндеме үлгілері, де болуы мүмкін, бірақ — олар қатты материалдарда орындалмағандықтан, бізге жеткен жоқ.

Қазақстан территориясында ежелгі қалалардың пайда болуына байланысты керуен сарайы, мешіт, мавзолей, монша т.б. қатты матер-иалдармен орындалатын сәулет өнері құрылыстарының сол кездегі жаңа үлгілері пайда болды.

Архитектуралық құрылыстардың әсем болуы қажеттігінен, құрылыс-тың жаңа конструкциялары мен формаларының түрлері, интерьерлер мен экстерьлер көріністерін сәндік көркем безендірудің тәсілдері пайда болды. Көркемдеу элементтері халық өнері туындыларымен синтездік байланыста дамыды. Ою-өрнектер архитектуралық құрылыстық фасадын, ішкі бөлмелерін көркем безендіруге қолданылды. Ежелгі құрылыс күмбездері пішінінің киіз үй шаңырағымен ұқсастығы болды.

Сәулет өнерінде әр түрлі форманың пайда болуы сол кездегі өнді-рістің дамуы мен құрылыс материалдарыныц шығуына байланысты еді. Қазіргі кезде құрылыста темірбетон қолданылуына орай архитектураның сипаты өзгеріп, әр алуан формалары пайда болуда.

Мысалы, қорған, керуен сарайы, мавзолей, мазарлар пайдаланылу қажеттігіне қарай, олардың көлемдері мен ішкі-сыртқы нобайлары әр қилы.Архитектуралық құрылыстардың қарапайым бірнеше формалары бел-гілі бір композициялық жүйеге біріктіріліп, күрделі архитектуралық ансамбль құрайды.

Архитектурадағы фасад формасын композициядағы негізгі элемент деп қарасақ, ал қабырғалары, күмбездері ішкі бөлмелерінің түрліше формалары қосалқы элемент ретінде көрінеді.

Көне архитектуралық құрылыста симметриялық орналастыру заңы қатал сақталады. Бұл айтқанымызға минареттердің бұрыштарға, бөл-мелердің есіктер мен терезелердің өзінше орналасуының, сипаты мысал бола алады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Көне архитектуралық құрылыстардың кеңістіктегі орналасуы әр түрлі болып келеді. Олардың кейбірін биік төбе басына орналастыру арқылы алыстан керсетуге мән берілген. Кейбір құрылыстарға табиғат түстеріне сәйкес бояу түстерін таңдап алу арқылы қоршаған ортадан бөлектемей, тұтастай гармониялық үйлесім жасауға ерекше көңіл бөлінген.

Сондай-ақ ертедегі сәулет өнері шеберлері архитектуралық кұры лыстарды жасағанда жарық пен көленкенің үйлесімділігіне көп мән берген. Халықтық сәулет өнері туындыларының бәріне ортақ көркемді ерекшеліктер – оқушылардың әсемдік сезімдерін, талғамдары мен көз-қарастарын дамытуға негіз болатын ерекше мүмкіндіктер.

Сәулет өнерінің туындыларын оқу шыларға таныстырудың ұтымды жолы – балаларды экскурсияға апару, сол кезде ғимараттарды суретке  түсіріп немесе слайдаға айналдырып сабақ кезінде көрсету. Экскурсия немесе сабақта архитектуралық ескерткіштерді таныстыру мына бағытта жүргізілгені жөн: ескерткіштің аты, көлемі, салынған уақыты туралы мәліметтер беру; құрылыстың нобайына талдау жасау (қандай табиғат заттарын ұқсастығы бар, қандай геометрниялық дене жиынтығына ұқсас); көркемдеу элементтері қандай.

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі – 1389-1395 жылдары салынған тарихн материалдық алып құрылыс. Құрылыстың бөліктері мен күмбезі өрнекті керамикалық плиталармен қапталған. Сәулет өнер туындысы күмбез, минарет, арқа сияқты конпознциялық көлемді элементтердің жүйесінен тұрады. Мавзолей күмбезді порталдық құрылыстар қатарына жатады. Ішкі бөлмелеріндегі сәндік безендіру элементтері сол кездегі көркемдік талғамның озық үлгісін көрсетеді. Сәулет өнерінің ертеден келе жатқан бұл озық туындысында Орта Азия мен Қазақстандағы көне ескерткіштердегі форма жасау дәстүрі сақталғанын арқаларының күмбездері мен безендіру элементтерінің ұқсастықтары дәлелдейді.

Республикадағы архитектуралық көне ескерткіштерге бай орын – Сайрам селосы. Мұндағы кеңістіктегі көлемді компознцнялық форма ретінде ерекше назар аударатын Қарашаш-Ана мавзолейі. Жалпы көлемі 7х6,5х

х 9,3 (метр). Алыстан қарағанда төбесінде орналасқан жарты шар бей-несіндегі кумбез құрылыстың басқа да жеке бөліктерімен үйлесім тауып тұр. Күн сәулесі түскенде құрылыстағы жеке-дара пішіндер айқындала түсіп, өзара унлесім табады.

Сайрамдағы Ыбырайым ата мавзолейі де кеңістіктегі композициялық құрылысы жағынан Қарашаш-Ана мавзолейіне ұқсас, екі порталдан тұрады. Бірақ кейінгі жөндеу жұмыстарында күмбездің темір қаңылтырмен қапталуы құрылыстың әделкі пішінің өзгертіп жіберді.

Селодағы өзіндік ерекшелігі бар архитектуралық құрылыстардын, бірі – Абдель Азиз-баба мавзолейі. Құрылыс негізінен төрт бұрыш пен жарты шар формаларының жиынтығын еске түсіреді. Сәулет өнерінің бұл туындысы кеңістіктегі көлемді формалар композициясының үйлесімді орналасу үлгісін көрсетеді.

Селоның орталық бөлігінде орналасқан кеңістіктегі бейнесімен қор-шаған ортаға ерекше сәң беріп тұрған архитектуралық көне құрылыс— Хызар мұнарасы. Құрылыс күйген кірпіштен салынған. Пішіні цилиндрге ұқсас, төменнен жоғары қарай цилиндр шеңберінің диаметрі кішірейе түседі, бірақ жақыннан айқын байқала бермейді. Биіктігі 6 метр. Мұнаранық жоғары бөлігін – айналдыра екі қатар кірпіштерді орналастыра қалау арқылы өрнектер жүргізілген. Қазір минареттің үштен екі бөлігінен де аз көлемі сақталған.

Оңтүстіктің Отырар ауданы, территориясында Арыстан-баба архитектуралық құрылысы орналасқан. Құрылыстың жалпы көлемі 30×13 (метр). Ол ежелгі Отырар қаласына жақын жерде салынған. Архитектуралық құрылысқа фасадынан қарағанда көлденені созылыңқы орналасқан.

Алдыңғы екі бұрышындағы мұнара басқа қабырғаларын жалғастыру міндетін атқарумен қатар көркем-дік бөлік ретінде кеқістіктегі көлемді композицияға сән береді. Құрылыстағы басқа формалармен қатар төбеде орналасқан күмбез архитектуралық бөліктердің басқа түрінен өзгеше. Архитектуралык, ескерткіштің қабырғалары – тор бұрыш, бұрыштағы мұнаралары – цилиндр, күмбезі – жарты шар формасын елестетеді. Ғимараттың жеке бөліктері қарапайым геометриялық формалардық жиынтығына ұқсас, сондай-ақ олардың кеңістіктегі көлемдік композицнялық орналасумен өзара байланысы көрініс байлығын арттыра түседі.

Осы көрсетілген талдау үлгілерімен сабақ барысында оқушыларғы Тұрбат аулындағы Қошқар-ата, Ысмайыл-ата, Ысқақ-ата мавзолейлері, Созақ аулындағы Қара-бура мавзолейі және Қасқасу, Бірінші мамыр ауылындағы орыс сәулет өнері үлгісінде салынған құрылыстардың формалары таныстырылды.

Көрсетілген үлгіде өткізілген сабақтардың нәтижесінде оқушылары форманың жасалуы, күрделі формалардың бірнеше жеке формалардың жиынтығынан тұратындығы туралы тусініктер алды. Сәулет өнеріне қатысты күмбез, мұнара, фасад, симметрия сөздерінің мағынасынан түсінуге жәрдемдесті. Мұндай сабақтардың нәтижесінде оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиені ұштастыра берудің ұтымды жолдары айқындалды.