Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1970 жылдар) туралы қазақша реферат
1 ХХ ғасырдың 50-60 жылдарындағы қазақстанның саяси-экономикалық дамуының ерекшеліктері: жеке басқа табынудың жалғастырылуы, КОКП ХХ сьезі, қорғаныс кешендерінің салынуы, мақсаты;
2 Тың және тыңайған жерлерді игеру. Қазіргі күнгі баға;
3 Қазақстан мәдениеті, көтерген тақырыбы, білім мен ғылымның дамуындағы ерекшеліктер
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік – саяси және экономикалық дамуының ерекшеліктері. Қазақстанның азат етілген аудандарды қамқорлыққа алуы.Қазақстан шефтік көмекке алған республика, облыс, аудандар. Қазақстан жаңа кәсіпорындарының КСРО – ның қорғаныс жабдықтарын шығаруға ауысуы. Аталған мақсаттағы жаңа кәсіпорындары, құпия қалалардың пайда болуы. Семей ядролық, т. б. сынақ алаңдарының ашылуы. Байқоңыр космодромының іске қосылуы. Отын – энергетикалық базаның дамуы. Жаңа ірі комбинаттар, шикізат орындарының ашылуы.(Ертіс химия – металлургия зауыты, Екібастұз көмір кенінің бірінші разьезі, Соколов – Сарыбай кен байыту комбинаты, т. б.). Су, автомобиль, әуе жолдарының дамуы. Ұлттық ғы-лыми – техникалық мамандар, маманданған жұмысшы кадрлерінің өсуі. Елдегі карточкалық жүйенің жойылуы. Қазақстан халық шаруашылы-ғының шикізаттық негізде дамуының сақталуы. Ауылшаруашылығындағы қиыншылықтардың орын алуы.Елдегі тоталитарлық, әміршілдік жүйенің одан ары күшеюі. Оның қоғамның барлық саласына енуі. Репрессия, т. б. жазалау шараларының жалғасуы. Қазақстандағы “Бекмахановтің ісі.” Республикадағы белгілі ақын – жазушылар, ғалымдарды қудалаудың жалғасуы.
Сталиннің қайтыс болуы. Елдегі жаңа партиялық – мемлекеттік басшылық. Оның жүргізген саясаты. Н. С. Хрущевтің саяси билік басына келуі. КОКП 20 сьезі. Оның шешімдері. Сталиндік жеке басқа табынуды айыптау.
Елдегі өндірісті дамытудағы атқарылған шаралар. Партиялық биліктің жаңа түрлерін енгізу. Шаруашылықты басқарудың шексіз орталықтандырылуын шектеу шаралары. Одақтас республикалардың хұқықтары мен мүмкіншіліктері, дербестіктерін арттырудағы басталған істер.
КОКП – ның 1954 жылғы ақпан – наурыз Пленумы, оның шешімдері. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы. Оның мақсаты, барысы. Қорытындысы. Қазіргі күнгі баға.
40 – 50 жылдардағы елдегі мәдени – ағарту шаралары. Жаңа жоғары оқу орындарының ашылуы. Республика Ғылым Академиясының құрылуы. Қазақстан ғалымдарының ашқан жаңалықтары. Қазақстан жазушыларының жаңа шығармалары. Олардың көтерген тақырыптары.
КОКП – ның 1964 жылғы қазан Пленумы. Партия мен мемлекет басшылығының ауысуы. Л. .И. Брежневтің саяси билікке келуі. Басқарудағы субьективистік және волюнтаристік әдістің сыналуы. Экономиканы реформалау шараларының орындалмауының себептерін айқындау.
1965 жылғы шаруашылық реформалар. Экономика мен қоғамдық өмірдегі қайта құрулар мен қарама – қайшылықтар. Шаруашылық есеп және оның жартыкештігі. 1966 – 70 жылдардағы халық шаруашылығын өркендетудің 8 бесжылдық жоспары. Оның нәтижесі. Аталған кезеңдегі Қазақстандағы өнеркәсіптегі жалпы өнім өндірудің артуы. Еңбектің тиімділігін арттыру шаралары. Қазақстандағы жаңа өнеркәсіп орындарының салынуы. Теміржол байланысының жаңа жүйелерінің іске қосылуы. Республика экономикасының шикізаттық бағытының одан ары жалғасуы. .Қазақстан өнеркәсіп орындарының қорғаныстық маңы-зының артуы. Республиканың экологиялық жағдайының нашарлауы.
Ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуы. Қазақстанның елдің ірі астық өндіру аймағы болып қалыптасуы. Экономиканы дамытудың экстенсивті жолының сақталуы, оның Қазақстандағы көрінісі.
Аталған кезеңдегі халыққа білім беру, денсаулық сақтау, ғылымдағы, спорт пен мәдениеттегі жетістіктер және оның қарама – қайшылығы.