Бүгінгі таңда сақтандыру нарығының даму проблемаларының негізгілері болып республикада өмірді және жеке басты сақтандырудың басқа түрлерінің, сақтандыру ұйымдарын корпоративті басқару жүйелерін енгізудің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметі туралы статистикалық және өзге де мәліметтер базасының қол жетерлігін қалыптастыру мен қамтамасыз етудің жеткілікті түрде дамымауы табылады.
Сақтандыру секторының проблемаларының ішінде келесілерді атап өткен жөн:
— ұзақ мерзімді және өмірді жинақтаушы сақтандыруды қосқанда, ерікті сақтандыру бойынша ұсынылатын қызметтердің шектеулігі;
— сақтандыру өнімдерінің (сақтандырудың міндетті түрлерінен басқа, бұнда ақы заңдылық негізінде бекітіледі) айтарлықтай қымбат тұруы және оларға сұраныстың төмендігі;
— нарықтағы бірқатар сақтандыру ұйымдарының жеткіліксіз белсенділігі;
— сақтанушылардың сақтандыруға, атап айтқанда өмірді сақтандыруға қызығушылығының төмендігі;
— сақтандыру ұйымдарының өздерінің тәуекелдерін дұрыс басқара алмауы (анықтау, бағалау, есеп беру);
— сақтандыру ұйымдарының жинақтаушы өмірді сақтандыру келісім-шарттары бойынша сақтанушыларға қарыз беру жүйесінің дамымауы;
— халықтың сақтандыру нарығына деген сенімділігінің төмендігі, сақтандыру ұйымдарындағы қызмет көрсету сапасының төмендігі;
— сақтандыру бизнесі облысындағы алдап-сулаушылық.
Сақтандыру нарығының құқықтық базасындағы едәуір өзгерістердің, сондай-ақ жоғарыда атп өткен проблемаларды шешу жолындағы шаралар ішінде Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамытудың 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын ерекше атап өткен жөн. Мақсаты – ұлттық сақтандыру индустриясын одан әрі реформалау. Бағдарламаның алдына қойған негізгі жұмыстары:
— жеке басты сақтандыруды, соның ішінде оның жинақтаушы және ұзақ мерзімді түрлерін дамыту;
— өзара сақтандыру жүйесін дамыту;
— халықтың сақтық мәдениетін жоғарылату;
— сақтандыру ісінің ақпараттық және автоматизация деңгейін жоғарылату;
— міндетті сақтандыру облысында мемлекеттік саясатты дайындау және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
— сақтандыру аясындағы мамандардың мамандану дәрежесін дайындау және жоғарылату;
— сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау стандарттарын жоғарылату;
— қайта сақтандыру және бірлесіп сақтандыру тетіктерін жетілдіру.
Осы бағдарламадан күтілетін нәтижелер:
— ұлттық сақтандыру индустриясының тұрақтылығы мен сенімділігін бекіту;
— жеке сақтандыруға деген сұранысты қалыптастыру;
— сақтандыру нарығының қазіргі заманға сәйкес инфрақұрылымын қалыптастыру;
— халықтың сақтық мәдениет деңгейін жоғарылату;
— міндетті сақтандырудың тиімді жүйесін құру;
— сақтандыру аясындағы кадрлық әлеуетті жақсарту;
— жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларын енгізу;
— сақтандыру қызметтеріның сапасын жақсарту;
— сақтандыру нарығының қатысушыларын қадағалау мен реттеудің тиімділігін жоғарылату.
Нарықтың негізгі көрсеткіштерін, соның ішінде нарық сыйымдылығын арттыру және шетелде қайта сақтандыру үлесін төмендетуді ынталандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандыру ұйымдарының капитализациялаудың үш жылдық жоспарын дайындады. Сонымен қатар, осы бағдарламаның мақсаты болып сақтандыру ұйымдарының жеткіліктілігінің негізгі көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру табылады. Бұл өз кезегінде ұйымдардың қаржылық жағдайын нығайтуға және сақтанушылардың тарапынан сенімділіктің жоғарылауына көмегін тигізеді. Жаһандану және интеграция жағдайларында эффективті сақтандыру секторы жалпы инвестициялық қызықтылығы жағынан да, жеке ірі жобаларды жүзеге асыру жағынан да тиімді. Кешенді түрде сапалы сақтандыру қор нарықтарындағы қаражаттардың шоғырлануына, арзандау несие ресурстарын тартуға және шетел компанияларымен келісім-шарт жасасуға көмегін тигізеді.