Елдің сақтандыру нарығын дамыту саласында сақтандырудың бірқатар міндетті түрлері енгізілді,сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, мемлекеттік аннуитеттік компаниясы, экспорт-импорт кредиттерін сақтандыру жөніндегі мемлекеттік корпорация құрылды, отандық сақтандыру нарығына шетелдің қатысу мүмкіндігі кеңейтілді.
Сақтандыру секторы: мақсаты мен міндетi. Орта мерзімді перспективада сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерімыналар болып табылады:
— азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің сақтандыруды қорғаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру жəне мемлекет экономикасын дамыту үшін ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстарды шоғырландыру жөніндегі шараларды əзірлеу жəне іске асыру;
— халықты əлеуметтік қорғаудың құралы ретінде өмірді сақтандыруды дамыту міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру;
— халықтың сақтандыру ұйымдарына сенімін жəне сақтандыру қатынастары барлық субъектілерінің сақтандыру мəдениетін арттыру;
— үздік халықаралық практика негізінде сақтандыру қадағалауын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты 2007 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы 11 сəуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы əзірленген болатын, оның негізгі мақсаттары көлік-коммуникациялық кешенін одан əрі дамыту, сондай-ақ Қазақстанның көлік жүйесін дүниежүзілік көлік жүйесімен ықпалдастыру болып табылады.
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін одан əрі кеңейту мақсатында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне сақтандырудың басқа міндетті түрлерін, сондай-ақ өмірді сақтандыруды кезең- кезеңмен енгізуге бағытталған шараларды қабылдау қажет, өйткені осы сəтте оның барлығынан да артық жоғары əлеуметтік мəнге ие болуына байланысты осындай кепілдіктерге мұқтаж. Кепілдік беру резерві сомасының сақталуы мен көбеюін қамтамасыз ету үшін оларды инвестициялауға рұқсат етілген.
5-8 жыл бойы сақтандыру нарығының іс жүзінде өмір сүруі жəне дамуы кезінде сақтандыру нарығында сақтандыру ұйымдарының банкроттық мысалдары іс жүзінде жоқ. Ішінара бұл уəкілетті органның сақтандыру ұйымын капиталдандыру деңгейіне қоятын талаптарының тұрақты артымен шартталған, оны барлық сақтандыру ұйымдары уақтылы қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты, мəжбүрлеп таратудың себебі жеке меншік капиталдың жеткіліктігі бөлігінде пруденциалдық нормативтерді орындамау, болып табылады. Бұған бірнеше себептер ықпал етеді: акционерлердің мөлшерінің аздығына байланысты капиталдың талап етілетін мөлшерін төлей алмауы (мəжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымдарының көп бөлігі шағын акционерлері бар үлкен емес болып табылады), сондай-ақ жеке меншік капиталдың жеткілікті жоғары өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін барабар емес тарифтік саясаты, жылдам пайда алу үшін ашылған бірқатар сақтандыру ұйымдарының алыпсатарлық бағыттылығы жəне өзге объективті жəне субъективті факторлар.
Бүгінде сақтанушылар неғұрлым алданғандар болып барады жəне кез келген уақытта сақтандыру қызметтерін беруді талап етеді. Мұның шешімі Интернет-сақтандыру бола алады, ол тұтастай алғанда, əсіресе ерекше консультацияларды талап етпейтін қарапайым сақтандыру өнімдерін тікелей сату мəнін арттырады.
Кейбір деректер бойынша жыл сайынғы дүниежүзілік сақтандыру нарығының интернет-айналымы 250 млн. долларға жетеді, ол Интернет-сатудың жалпы көлемінің 2-2,5%-ын құрайды. Қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдары кірістерінің 2 %-ы электрондық коммерцияға келіп отыр. Сондықтан, Қазақстанда Интернет-сақтандыруды дамыту мəселелері əзірленетін болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сақтандыруды барлық елдер үшін маңызды институт деп және нарықтық экономиканың тұрақты дамуының факторы деп тану экономикалық аксиома болды. Сақтандыру кез-келген елдің тұрақты және тепе-теңдік дамуына себебін тигізетін ұлттық экономиканың құрамдас бөлігі. Біздің республикамызда соңғы жылдары сақтандырудың пайда болуы мен дамуы өтуде. Сақтандырудың қалыптасуы мен дамуы бірқатар проблемалармен ұштасуда.
Жоғарыдағы талдау негізінде төмендегідей қорытындыға келдім:
- Нарықтық экономика сақтандыру нарығының дамыған инфрақұрылымын көздейді. Оның құрамына мыналар кіреді:
— сақтандыру операцияларын реттеудің құқықтық тетігі;
— сақтанушыларға қызмет ететін субъектілер, заңды тұлғалар;
— банктік ұйымдар,
— кеңес беруші фирмалар, кадрлар дайындау бойынша мекемелер, ақпарат, баспа, жарнама, т.б. органдары.
- Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу екі фактімен анықталады: тұтынушы қорғанысымен және үкіметтің жүргізетін экономикалық саясатымен.
- Инвестициялық қызметті жетілдіру үшін, оның ақырғы нәтижелерін жақсарту үшін сақтандыру компанияларына қаржылық ресурстарды басқаратын бөлім құру керек. Бұл бөлім уақытша бос ақша қаражаттарын
инвестициялаудың нарықтық жағдайларын зерттейді, көптеген инвестициялық жобалардың ішінен тиімдісін таңдаумен айналысады.
- Банктік тәжірибені зерттеу көрсеткендей, қаржы нарығының дамуымен банктік және сақтандыру институттарының жақындасуы байқалды. Дәл осы банк және сақтандыру қызметтерінің ұштасуында соңғы он жылы революциялық өзгерістер болды. Бұл “ банктік сақтандыру” идеясымен байланысты. Банктік сақтандыру – халық пен корпоративті клиенттерге сақтандыру және банк қызметтерін бірге ұсыну.
- Сақтандыру компанияларының тиімді жұмыс істеуінде олардың сақтандыру нарығындағы алатын орны маңызды рөл алады. Бұл көрсеткіш екі өзара байланысты компоненттерге байланысты: қаржылық және қоғамдық. Рейтингті анықтау зерттеулердің түрлі тәсілдерімен анықталады.
Қаржылық-экономикалық дағдарыс және экономикалық тұрақсыздық жағдайында сақтандыру нарығы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын экономикалық тетіктердің бірі болып саналады. Ол халық қаражаттарын ел экономикасына тарту арқылы экономиканың өсуіне алғышарт жасайды, сондай-ақ, азаматтар мен ұйымдарды сақтандыру арқылы оларға сенім ұялатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- Қазақстан Республикасының “Сақтандыру қызметі туралы” 2002 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы
- Міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2003ж. 25сәуірдегі №405-ІІ заңы
- Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. “Қаржы”, Алматы 2005ж
- «Страховое дело» журналы, 2007 ж. №2
- ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің статистикалық мәліметтері, 2009,2010,2011жж.
- Баяхметов Т. «Қазақстандағы сақтандырудың маңызы мен болашақта дамыту тенденциялары» — Алматы, Қаржы-қаражат, №2, 2008ж,24-28бет