Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру. 1993 жылы «Сақтандыру туралы» заңның қабылдануымен біздің мемлекетіміздің сақтандыру заңнамасының негіздері қаланды, сақтандыру ұйымдарының саны 900-ге жетті. Əрине, олардың көбінің сақтандыру ісімен тек атауы ғана сəйкес келетін. Заң талаптарын тек 13 сақтандырушы ғана орындай алды. Осы жылы 38 компанияның бастамасымен Қазақстан Сақтандырушылар Одағы құрылды. Ал қазіргі кезде яғни 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 40 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 13 сақтандыру брокері жəне 70 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Есепті күнге 27 сақтандыру ұйымы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушылары болып табылды
Сақтандыру нарығындағы бəсекелестiкке əсер ететін бұл бəсекелестiк қарқынының негiзгi факторларына келесілерді жатқызуға болады:
• бəсекелес сақтандыру компанияларының сандық жəне сапалық сыйымдылығы;
• сақтандыру қызметтерiне жəне оның құрылымдық пен құн динамикасына сұраныс көлемiнiң өзгерiсi;
• (сақтандыру қызметтi лицензиялаудың ерекшелiгi) сақтандыру нарығына енудiң тосқауылдары;
• жапсарлас несие нарығындағы ахуал;
• сақтықшы-бəсекешiлердiң стратегиясындағы айырмашылықтар;
• сақтандыру нарығындағы бəсекелестiктегі ерекше себептер.
Сақтандыру компанияларының саны жəне олардың салыстырмалы сыйымдылығы бəсекелестiктiң деңгейлерiн анықтайды. Басқа тең жағдайда сақтандыру нарығында сақтандыру компанияларының түбегейлi саны бəсекелестiк қарқынына белдеседi. Бұл мəлiметтерді жинау үшiн арнайы əлеуметтік құжаттама құрастырылады. Алған нəтижелердiң негiзiнде бəсекелестiктiң деңгейi туралы қорытынды жасалады.
Сонымен қатар сақтандыру компаниялары бірнеше факторлар арқылы бəсекелестiкке ықпал ете алады. Олар ішкі жəне сыртқы факторлар.
Ішкі факторлар:· техникалық қызмет көрсету: сақтандыру келiсiмшарттар мен сақтандырушыларға қызмет көрсетулер деңгейі;
· сақтандыру компаниясының клиенттер мен жұмыс істеу сапасының деңгейi.
Сыртқы факторлар:
· ғылыми-техникалық прогресс;
· мемлекеттiк – саяси орта, (мемлекеттiк жəне əлеуметтiк саясаттың сақтандыру iсiнiң қолдауы);
· экономиканың күйi, (халық саны, ақша жүйесі, валюталық жағдай, өмiр деңгейi тағы сол сияқтылар);
· сақтандыру нарығының əлеуметтiк-əдеп ортасы, (сақтандыру мəдениетiнiң деңгейi, ұлттық дəстүрлер, этникалық құрам жəне тағы басқалар);
· дүниежүзілік сақтандыру нарығының конъюнктурасы.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр, экономикалық жəне құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру жəне азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысы төмен болып отырған деңгейіне байланысты.