Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);
2) мемлекеттік бюджеттердің қаражаттары;
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;
4) басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1) жәрдемақылар төлеуге;
2) санаторийлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға;
3) кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1) міндетті зейнетақы жарналары;
2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;
3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;
4) жоғары органдардың қаражаттары;
5) ерікті зейнетақы жарналары;
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары: заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу; балаға қарау жөніндегі жәрдемқыларды төлеу; материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары; Зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар; қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға ғылыми- техникалық базаны дамытуға және тағы басқа резервтерді орналастыру.
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
басқару;
атқарушы органдар;
тексеріс комиссиясы;
қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды: біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.