Сақтандыру бойынша қызмет көрсететін сақтандырушылардың алған мамандықтарына байланысты бұзықтық жасау мүмкін. Сақтандырушылар жағынан мұны алынған даму тәуекелдіктерінен өтірік құжаттарды ұсыну және сақтандыру жағдайлары туралы толық емес ақпарат беру.
Сақтандырушылар жауаптылығы жоқ клиенттерімен күресуге тырысады. Бірақ оның персоналы толық мамандандырылмаған болғандықтан, сақтандырушылар арасындағы пайда болған келіспеушіліктері заңнаманың ережесі үшін тиімсіз. Мысалы, Алматы қаласында автомобильді сақтандыру бойынша үлкен көлемді бұзышылықтары байқалып, бұл операцияның жүргізілу тоқталып қалуда.
Сонымен бірге, шетел тұтынушыларымен пайда болған бұзышылық іске асырылады. Мысалы, Қазақстанда кейбір шетелдің сақтандыру компаниялары үшін шектеулік қойылса да, олар Қазақстанға өздерінің полистерін өткізуге тырысады және осы операцияларымен белгілі бір бұзушылықты жасайды. Мұндай сақтандыру компаниялары үшін Қазақстан Республикасы бірнеше қатаң шараларды қолдануда.
Келтірілген мысалдарымыз бойынша, біз мынаны көреміз, біздің еліміздегі сақтандыру жағдайы шетел елдердінің жағдайларымен ұқсас екендігін байқауға болады. Сондықтан, Қазақстан Республикасының заң органдары міндетті түрде шет елінің тәжірибесінен үлгі алып, олардың мамандықтарымен ақпарат алмасу қажет.
Компаниялардың үштен екі бөлігі банкротқа ұшырау мүмкін. Сондықтан, олар резервтерінің бір бөлігін мемлекеттік қағаздарда инвестицилауға мәжбүр болды. Өйткені олар бойынша төлемдері төленбегендіктен, клиенттер өз төлемдерін қайтарып ала алмауы мүмкін. Оның ішінде медициналық сақтандырудан қаржаландыратын полеклиникалар да болу мүмкін. Нәтижесінде, полеклиника өзінің персоналына ақшаны төлемей, ауыр адамдарға көмек көрсете алмайды.
Ең бірінші, ол қағаздарға қаражаттарын жұмсаған жағына әсер етеді. Ал олардың саны аз емес, бұл ірі компаниялардың қаржы менеджерлері болуы мүмкін. Сонымен қатар, мынаны ескеру керек: компаниялардың үлкен бөлігі өздерінің қызметтерін валютамен санағандықтан, жаңа курс бойынша олардың қызметтері теңгемен төленеді.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамтамасыздандыру мен әлеуметтік сақтандыруға үлкен көңіл бөлінеді. Яғни, республикамызда бүгінгі күні дамып келе жатқан сақтандыру түрлеріне және олардың даму жолдарына шамалы тоқталып өтейік.
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының ісәрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің — жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен — еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.
Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:
Ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде; жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін
қолданылды;
Әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азамат
тардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс
әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл
жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады.
Бұл қағидаттың ісәрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы
зейнетақы реформасының негізіне қойылған.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойылған екінші қағидаттың ісәрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады:
— зейнетақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
— зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан
төмен емес азаматтар үшін ең аз белгілінген күнкөріс миниму
мын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
— зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздан
дырудың басқа нысандарын межелеу;
— зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге
қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қатысуы;
— еңбек етуге қабілетті азаматтардың қартайғанда өзін зей
нетақымен қамсыздандыруы үшін жеке жауапкершілігі;
— инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ
ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға
азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
— қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азамат
тарға құқық беру;
— зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау,
бұл оның дамуына жәрдемдеседі.
Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған еді, бірақ жүйені басқару саласының төмендігінен және жұмылдырылған қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан болатын. Медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы — еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтікэкономикалық процестерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеуінің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген: қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс — әрекеттің орталықсыздандырылуы (бөлшектенуі), ұйымдастырудың міндетті нысаны бұлар барлық азаматтарға қажетті медициналық көмек берудің кепілдіктерін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға (атап айтқанда, Еуропалық Одақ стандарттарына) сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулысында жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiн дамыту туралы:
Мақсаты мен мiндетi
Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiн құрудың және жұмысының басты мақсаты — қатысушы банкке қатысты мәжбүрлеп тарату рәсiмдерi қолданылған жағдайда салымшылардың мүдделерiн қорғау. Болашақта халықаралық тәжiрибенің және стандарттардың жетiстiктерi ескерiле отырып, осы жүйе жұмысының тетiктерi жетiлдiру міндеті тұр.
Ағымдағы жағдай
Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi қалыпты жұмыс iстеуде. Қазiргi уақытта 21 екiншi деңгейдегi банк жүйенiң қатысушысы болып табылады.
Осы кезеңде салымдарды қорғау жүйесi депозиттердi сақтандырудың барлық халықаралық негiзгi стандарттарына, атап айтқанда ХВә және Қаржылық тұрақтылық форумы ұсынғандарға сай келмейдi.
Негiзгi шаралар
Қазақстан депозиттерiнiң сақтандыру жүйесiн халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келтiру мақсатында мынадай негiзгi шараларды жүзеге асыру қажет:
— «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттерiне) кепiлдiк беру (сақтандыру) қоры» акционерлiк қоғамының халықаралық стандарттарға көшуi және оның қатысушы банктердi тарату барысын қадағалау бөлiгiндегi өкілеттiгiн кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
— кепілдiк беру объектiлерiн айқындау рәсiмдерiн жетілдiру, кепiлдiк беру объектiлерiн бiртiндеп кеңейту (атап айтқанда, карт-шоттардағы теңгемен көрсетiлген ақшаны және жеке тұлғалардың теңгемен, АәШ долларымен және еуромен көрсетiлген шартты салымдарын кепілдiк беру объектiсiне енгiзу);
— 2004 жылдан бастап халықтың депозиттерiн қабылдау құқығын жеке тұлғалардың салымдарына кепiлдiк беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктерге ғана беру;
— халықтың кепiлдiк беру жүйесiнiң объектiлерi болып табылатын депозиттерi бойынша өндiрiп алу мөлшерiн бiртiндеп арттыру;
— салымдар бойынша өндiрiп алу резервiн салымшылардың банк жүйесiне сенiмiн сақтау үшiн жеткіліктi деңгейге дейiн жеткiзу мақсатында банктердiң салымдарға кепілдiк беру жүйесiн қаржыландыру тәртiбiн жетiлдiру.
Сақтандыру рыногын дамыту туралы:
Мақсаты мен мiндетi
Сақтандыру рыногын дамытудың негiзгі мiндетi — қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясын қалыптастыру, сақтандыруды шаруашылық субъектілерiнiң мүдделерiн және халықты әртүрлі тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі және ұзақ мерзiмдi iшкi инвестициялар ретiнде белсендi пайдалану.
Ағымдағы жағдай
Республика экономикасының соңғы жылдардағы тұрақты өсуi және ұлттық сақтандыру индустриясын реформалау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар осы саланы жеделдетiп дамытуға мүмкiндiк жасады.
Сақтандыру рыногының негiзгi көрсеткіштерінің динамикасы бiрнеше жыл iшiнде оң түрде сипатталады
2000 жылы қабылданған «Сақтандыру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сақтандыруды қадағалау деңгейiн осы саладағы тиiстi халықаралық стандарттарға дейін көтеруге мүмкiндiк бередi. Ұлттық сақтандыру рыногының қазiргi заманғы инфрақұрылымы белсендi түрде қалыптасуда, актуарийлік есеп айырысу жүйесi енгiзiлуде, Қазақстан актуарий орталығы құрылды.
Үстiмiздегi кезеңде қазақстандық сақтандыру рыногын халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру рыноктарына интеграциялаудың ықтимал шаралары қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылы Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығына (IAIS) кiрдi.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 491 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысында сақтандырудың жинақталып қалған көптеген, оның iшiнде әлеуметтiк саладағы проблемалары шешілдi
Халықтың сақтандыру секторына деген сенiмi белгiлi бiр деңгейде өстi, сақтанушылардың заңды мүдделерiн қорғау деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде. Бұған қазiргi кезде құқықтық және экономикалық шарттары әзiрленіп жатқан міндетті сақтандырудың көпшiлiк түрлерi бойынша Сақтандыру төлемдерiне кепiлдік беру қорының рынокта пайда болуы да тиiстi заң қабылданғаннан кейiн ықпал ететiн болады.
Соған қарамастан, елде өмiрдi сақтандыру мен жинақтаушы және ұзақ мерзiмдi сақтандырудың өзге де түрлерінің рыногы жеткiлiксiз дамыған. Сақтандыру ұйымдарын капиталдандырудың төмен болуы орын алып отыр, олар жинаған сақтандыру сыйлықақыларының едәуiр бөлiгi (70%-ға дейiн) қайта сақтандыру арналары арқылы шетелге жiберiлуде.
Негiзгi шаралар
Болашақта мынадай негiзгi шаралар жүзеге асырылатын болады:
1) мiндеттi сақтандыру саласында:
— мiндеттi сақтандыру түрлерiн, оның iшiнде мiндеттi медициналық сақтандыруды, кезең-кезеңiмен ендiру (осы мәселелер бойынша тиiстi заң актілерiн қабылдау) және халықтың едәуiр бөлiгiнiң әлеуметтік қорғалу деңгейiн көтеру үшiн олардың тиiмдi қолданылуын қамтамасыз ету;
— экологиялық сақтандыру (мiндеттi және сол сияқты ерiктi) саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты айқындау және төтенше сипаттағы тәуекелдерден қорғауға байланысты сақтандырудың өзге де түрлерiн дамыту;
— ауыл шаруашылығында міндеттi сақтандыруды мемлекеттік қолдау жүйесiн құру;
— сақтандыру жүйесінің әлуетiн республика өнеркәсiбiнің тұрақты даму тетiктерінің бiрi ретiнде жан-жақты пайдалану;
2) өмiрдi сақтандыруды, аннуитеттер жүйесiн және сақтандырудың өзге де әлеуметтiк мәнi бар түрлерiн жедел дамыту;
3) толыққанды сақтандыру статистикасын қалыптастыру, сондай-ақ мониторинг бойынша және сақтандыруда (әcipece экологиялық сақтандыру, ауылдық өндiрiстегi сақтандыру саласында және т.б.) пайдалану үшiн әртүрлi қауіптi өндiрiстiк тәуекелдердi бағалау бойынша салалық инфрақұрылым құру;
4) сақтандыру рыногында сақтандыру қызметi тарифтерiн төмендеуiне, сақтандыру өнiмдерінің сапасын арттыруға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметінде айқындылық пен сенімділіктi қамтамасыз етуге негiзделіп кездесетiн адал бәсекелестiктi дамыту үшiн оңтайлы жағдайлар құру. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдерiн, оның iшiнде мемлекеттің нақты экономикалық міндеттерін жүзеге асыруға ықпал ететіндерiн құруды ынталандыру;
5) көлемi жыл сайын ұлғайып отыратын тәуекелдердi қабылдау бойынша ұлттық сақтандыру және қайта сақтандыру рыноктарының шектелген әлуетiн ескере отырып (экономиканың өндiрушi салаларының жедел дамуына да байланысты), қайта сақтандыру проблемаларын кезең-кезеңiмен шешу;
6) сақтандыру рыногына шетелдiк сақтандырушылардың сақтандырудың ерiктi түрлерi бойынша қызметтiң жаңа тұтынушыларын тарту арқылы рыноктың ұдайы өндiрiстiң базасын дамыту үшiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн шетелдiк қатысуды кезең-кезеңімен кеңейту;
7) сақтандыру ұйымдарын шоғырландыруды және олардың кәсiби деңгейін одан әрi арттыру, сондай-ақ медициналық, жинақ және өмiрдi ұзақ мерзiмге сақтандыру, туристiк салада сақтандыру, жылжымайтын мүлiктi, банктiк және кәсіпкерлiк тәуекелдердi сақтандыру сияқты осындай перспективалық бағыттағы ролiн арттыруды ескере отырып, нақты мамандандырылған сақтандыру ұйымдарын рынокта орнату және т.б.
8) сақтанушыларға және сақтандыру ұйымдарының салық салу режимiн жұмсарту жөнiнде қосымша шаралар қабылдау (өзiнің қызметкерiн республиканың аумағында оқытуға бағытталған сақтандыру ұйымдарының қаражатын салықтан босатуды қоса алғанда);
9) сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабiлеттiлiгiн арттыруды қоса алғанда, сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеу және оны қадағалау жүйесiн одан әрi жетiлдiру, олардың негiзгi және инвестициялық қызметінің нәтижелерi бақылаудың неғұрлым тиiмдi әдiстерiн пайдалану, сақтандыру резервтерiн орналастыруға және сақтандыру ұйымдарының инвестициялық саясатына қойылатын нақты талаптарды кезең-кезеңiмен ырықтандыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен олардың лауазымды тұлғаларының аффилиирлендiрiлуiн тексеру мәселелерi, сақтандыру қызметi субъектілерiнің холдингтерге және өзге де корпоративтiк бiрлестiктерге қатысу талаптары, сақтандыру секторы арқылы заңсыз капиталды ақтауға қарсы күрес шаралары жөнiндегi заң нормаларын күшейту.
Сонымен бiрге, негiзгi қызметi экспорт келiсім-шарттары мен инвестицияларды сақтандыру және қайта сақтандыру арқылы қазақстандық өндірушілерінің тауар экспортына тікелей ықпал ететiн әрi қызмет көрсететiн экспортты сақтандыру жөнiндегi компания құру ойластырылуда. Экспортты сақтандыру жөнiндегi компанияның негiзгi бағыттары Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында көрсетiлдi.[6,368 б]