Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай міндеттерді шешу көзделінген:
— әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың қағидаттарын нақтылау;
— сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
— сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және оның қатысушыларының – сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
— халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін ұйымдастыру;
— сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
— осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
— сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай
артта қалып келеді. Дамыған нарықтык қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру және азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар болып табылады: сақтық ( қайта сақтандыру ) ұйымы; сақтық брокері;
сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлык ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы;
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке тұлғалар.Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» туралы заңына сәйкес «Әлеуметтік сактандырудың мемлекеттік қоры» акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыданқұралады және солардан тұрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдармынадай мөлшерде белгіленеді:
— жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
— жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды
есептеу объектісінен 2 пайыз;
— жылдың 1-ші қаңтарынан бастап — әлеуметтік аударымдарды
есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.