Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің дамуының теориялық аспектілері дипломдық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің дамуының теориялық аспектілері
1.1 Нарықтық жағдайда өнеркәсіптің қалыптасуының мәні мен қағидалары
1.2 ҚР-дағы өнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеу
1.3 Өнеркәсіп өндірісін инвестицияландыру және несиелендіру мүмкіндіктері

2. Жамбыл облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің дамуын талдау
2.1 Мекеменің даму тарихы және қызметінің басты мақсаттары мен міндеттерінің мәні, басқару құрлымы
2.2 Өнеркәсіп Өнімнің қызмет түрлері бойынша нақты көлем индексі
2.3 Облыстың аудандары бойынша өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемін талдау

3. Жамбыл облысы бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісін ынталандыру механизмін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстанның өнеркәсібін жекешелендіру: мәселесі және оны шешудің жолдары
3.2 Жамбыл облысының өнеркәсіп саласының дамуын корреляция-регрессиялық әдіс бойынша болжамдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

               Бұл бөлімде толығымен және ірі салалар бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлем динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер, өнеркәсіп өнімдерінің маңызды түрлерін шығару көрсеткіштері келтіріледі.

Жалпы және әрбір сала бойынша шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлемі мен шік түрлеріне қарамастан заңды тұлғалардың және олардың бөлімшелерінің шығарған  өнеркәсіп өнімдерінің  (жұмыс, қызмет)  көлемі туралы берілген жиынтықтың құндық көрінісімен анықталады. Өнім көлемінің құны жөніндегі мәліметтер  тиісті жылда қолданылып жүрген  бағалармен келтірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің құны жөніндегі мәліметтер тиісті жылда қолданылып жүрген  бағалармен келтірілген. Өнеркәсіп өнімдерінің құны жөніндегі жиынтық мәліметтерге ірі, орта, шағын кәсіпорындардың, біріккен, шағын,  қос алқы өндірістердің,  өнеркәсіптік емес ұйымдардың, аул шаруашылық қосалқы өнеркәсіптің, шаруа (фермерлік шаруашылық) өнеркәсібі өнімдерінің, сонымен қатар облыстық және аудандық дәрежедегі үй шаруашылығы секторының шығарған өнеркәсіптік  өнімдерінің көлемі жөніндегі мәліметтер кіреді. Кәсіпорындар өнімінің көлемі зауыт әдісімен, зауыттың ішкі айналымының құнысыз анықталады. Зауыттың ішкі айналымы кәсіпорынның өзінің өндірістік ішкі қажеттеріне жұмсалатын дайын және жартылай дайын өнімнің құны.

Өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлем индексі тиісті кезеңдегі өнеркәсіп өнімі көлемінің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі жеке және  жинақтық болып бөлінеді. Жеке физикалық көлем индексі бір өнім түрін шығаруды, өзгертуді көрсетеді және тиісті кезеңдегі  берілген өнім түрін таза заттай күйінде шығару көлемінің қатынасымен есептеледі. Өнеркәсіптік өнімнің жинақтық физикалық көлем индексі – барлық шаруашылық субъектілер щеңберінде, заттай түріндегі көрсеткіштердің нәтижесінде анықталады.

Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі белгіленген тауарлардың жиынтығы бойынша өнімінің заттай түріндегі көрсеткіштердің динамикасы туралы мәліметтерге сүйеніп, кейін салалық және жалпы өнеркәсіптік индекстерге айналып есептеледі.

Салыстырмалы бағалар ретінде алдыңғы жылдың орташа жылдық бағалары алынады.

Динамикалық қатарды құру үшін тізбе индексі қолданылады. Өнімнің бағасы салыстырмалы бағада тікелей кәсіпорында, өндірушілердің  бағалары негізінде шығарылады.  Физикалық көлем индексін есептеуде қосымша құнға салықты және акцизді қоспағандағы баға қолданылады.

Өнеркәсіп өнімінің заттай түрін өндіру кәсіпорынның ішкі өндірістік қажеттеріне жұмсалған және де түскен шикізаттан өндірілген бұйымдарды қоса, шығарылған жалпы өнім көлемі бойынша келтіріледі. Түскен шикізат – жасалған келісімге сәйкес шикізаттан өнім өндіру үшін басқа  кәсіпорынның өнеркәсіптік қайта өндеуге берген тапсырыс берушінің шикізаты.

   Дипломдық жұмыс / 65 бет