Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негізінде болсын мемлекетпен арадағы іскерлікті қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.
Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым тірі – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен, жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы, өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқығы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі құрастырылған. Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір мерзімге байланысты болса, мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата алады.
Жеке іскерлік қызметінің тағы бір түр- жеке кәсіпорын, фирма, шаруа қожалғы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқығы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорынын тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген мөлшерде қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлік ретінде емес жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерлікпен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады.
Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Бизнестің адамы әлеміде жалғыз басты, іскер, өте нәзік тұлға болып көрінеді. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтық аласапырыннан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан да бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге биімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады, тек бизнесмендер біртұтас команда құруға өздерінің күштерін біріктіреді. Дей тұрғанмен, серіктестерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады
Жеке іскерлік қызметі ұсақ бизнестің түрі ретінде өзінің кең таралуына қарамастан шектеулі мүмкіндіктерге ие болғандықтан, әдетте, болмашы ғана пайда әкеледі. Барынша ірі бизнесті ұйымдастыру үшін іскер адамдарға ірі фирмаларға бірігіп, топтық және ұжымдық іскерлікке көшуге тура келеді. Оған қатысушылардың жазбаша келісімге немесе келісім шартқа отыруына негізделген мұндай бірлестіктерді әдетте кәсіпорын ретінде құрылғандықтан серіктестік деп атау ұйғарылған.
Мұндай жағдайда тек қана күш-жігер емес, сонымен бірге оған қатысушылардың өндіріс құрал-жабдықтары мен капиталы да біріктіріледі.
Шаруашылық серіктестігін құрушы тұлға оның құрылтайшысы болып табылады. Олар кәсіпорынға белгілі бір үлес қосып, оның қатысушысына айналады. Жалпы бастапқы салым жарғылық немесе жинақ капитал деп аталады.
Шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың кәсіпорын басқару ісіне, табысты бөлуге араласуына және оны жойған жағдайда алажақтары бар тұлғалармен есеп айырысып болғаннан кейін қалған бөлікті заттай немесе ақшалай түрінде қайтарып алуына құқылары бар. Сонымен бірге серіктестікке қатысушылар өздерінің біріккен кәсіпорын алдында құрылтайлық құжаттардың талаптарын, журналды, салымдарды дер кезінде және толық беруге, коммерциялық құпияны сақтауға және тағы басқа талаптарды бұлжытпай орындау жөнінде белгілі бір міндеттемелер алады.
Серіктестікке қатысушылар мүліктік жауапкершілігінің дәрежесіне қарай толық және командиттік болып бөлінеді.
Толық серіктестік – келісім негізіндегі жалпы бизнеске қатысушылардың ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін олар жалпы үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің
аталмыш кәсіпорынға мүліктік немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің үлесі болады. Алайда, қаржылық қиындық туған жағдайда, басқаша айтқанда, серіктестіктің біріккен мүлкінің жалпы құнынан қарыз асып кеткенде, олардың мүшелері өздерінің немесе заңдық қатынас арқылы бөлінбеген болса, өздерінің отбасы мүшелерінің мүлкіменен жауап береді. Толық серіктестіктің заңды тұлға мәртебесі бар және шаруашылық қызметті субьектісінің барлық құқығына ие. Басқаша айтқанда, олар келісімдік қатынасқа барады, өзіне міндеттеме алып, оны орындауға және мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара бірлесіп, іс-қимыл танытады.
Толық серіктестіктің барлық мүшелерінің шектеусіз ынтымақтастағы жауапкершілігі оған қатысушылардың кәсіпорынды басқару ісінде ерекше құқыққа ие болуына мүмкіндік береді. Олардың әрқайсысы серіктестіктің барлық істерін жеке басқаруына және өз шешімдері мен іс-қимылдарын ешкіммен де ақылдаспай жасауына болады. Іс жүргізудегі дәл осы ерекшелік толық серіктестікке және олардың әрбір мүшесіне зиян келмейтіндей шешім қабылдап, іс-қимыл танытатынына толық сенетін адамдардың басын құрауына жағдай жасайды.
Әріптестердің қызметінде кемшіліктерге жол бермеудің алдын алу мақсатымен толық серіктестік мүшелерінің өзара қарым-қатынасын қарастыратын құрылтайшылық келісім – шартелектен өткізіліп отырып жасалады. Керек жағдайда оған қатысушылардың өкілеттілігі ақылға сыйымды шектелуі мүмкін.