Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы

          Соңғы кездері азақстанда туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны жиі – жиі әнгіме болып отыр. Ресми мәліметтерге қарағанда, мемлекет қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы осы туризмнен түседі екен.

Қазақстан туристік ел болуға толық мүмкіндігі бар бірден – бір ел қатарына жатады. Алайда, Қазақстанда туризм бәсең дамып келеді. Оның дәлелі, елімізге шеттен келетін туристердің басым көпшілігі – келуге тиісті іс – сапарлармен, кәсіби жұмыс бабымен келгендерден құралып отыр (89,7 пайыз). Соған қарамастан, әрбір турист шамамен 700 АҚШ долларын қалдырады екен. Әйткенмен, бұл көрсеткіш әлемдік орташа бағадан (1000 доллар) әлдеқайда төмен.

Қазақстанда туризмнің қанат жаюы үшін, шекаралық тексерулер мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, туристерді тасымалдау, яғни, көлік қатынасына жағдай жасау санды факторларды іске асыруды дұрыс жолға қою керек.

Қазақстанда қазіргі жаңа экономиканың қызмет етуі жағдайында, салаларды дамыту стратегиялық мінезге ие болады, болжау мәні бірден өседі, әлеуметтік, экономикалық және сыртқы экономикалық приоритеттерінің қалыптасуы негізінде қоғамдық ұдайы өндірістің барлық процестерін реттеуге алғышарттар жасалады. Республикада соңғы жылдары туристік саланы дамытуға бағытталған және мемлекет жағынан оны жан-жақты қолдау шараларының кешені жүргізілді. Сондықтанда жүргізілетін шаралардың күшті және әлсіз жақтарын анықтау және жүргізілген талдау негізінде туристік қызметтің жақсаруын қамтамасыз ететін шаралар ұсыну қажеттілігі туды (кесте 11).Туризм сферасында мемлекеттік басқару органдарының жүргізген ұйымды-экономикалық шаралары, толығымен, конструктивті мінезге ие, бірақта талдау туристік нарықта сәтті қызмет үшін белгілі бір резервтер бар екендігін көрсетті.11-шы кестеде көрсетілген деректерден келесідей шешімдер жасауға, белгіленіп отырған бірқатар шаралар саланың қыземтін жақсартуға мүмкіндік береді, экономикалық тиімділік көрсеткіштерін көтереді, туристік белсенділік дәрежелері көрсеткіштерін жоғарлатыды, ішке кіру туризмін дамытады, шетелдік туристерді тартады.

11-Кесте. Қазақстан Республикасында туризмді ұйымды-экономикалық қолдау бағасы

Сала деңгейінде туризмді ұйымдық және экономикалық қолдау шаралары
Мемлекетпен құрылған шаралар Ұсынылатын шаралар

 

 

Мазмұны Күшті жақтары Әлсіз жақтары

Интегра-циялық процестер

ДСҰ-мен қолдау және ынтымақтасу Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен мүлдем ынтымақтаспайды Дүниежүзілік туристік агенттіктер ассоциациясының федерациясымен, Халықаралық туристік альянспен ынтымақтастық құру

Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы

Жібек Жолында визалық рәсімдеулерді жеңілдеті, ескерткіштерді қалпына келтіру және қазіргі жағдайға сай келетін инфрақұрылым құру, шетелдік инвестицияны тарту Шетелдік туристер үшін ойын-сауықтық құралдардың шектелуі Қазіргі ойын-сауықтық индустрияны құру мақсатталынған

Саланы инвести-циялау

Инвестицияның негізгі бөлігі қонақүйлік секторды дамытуға,коммуника-цияны салуға, туристік  ескерткіштерді қалпына келтіру мен жаңартуға қолданылады Демалысты ұйымдастырудың нысандарын дамыту үшін инвестициялар қолданылмайды. Қаржылық құралдардың бір бөлігін шетелдік туристердің қажеттіліктерді оқып-үйренуге, белсенді демалуға бағыттау

Маркетингті қолдану

Туристік биржар мен көрмелерге қатысу, каталогтар мен жарнамалық проспектілер шығару, топтық сапарлар үшін жеңілдіктер беру, сапарлар географиясын кеңейту Белсенді кең масш-табты жарнамалық компаниялар қолдан-байды, тұтынушылар сгементін есепке ала отырып бағаларды дифференциациялау және тұтынушыларды сегменттеу, туризм сферасында маркетингтік зерттеу жүргізбейді Туристік маркетинг институтын құру, арзан пэкидж–турларды қалыптастыру

Статисти-калық есепті ұйымдас-тыру

Статистикалық есептілікті жетілдіру, ТЭ-1 есебін қалыптастыру Туристердің барлық категорияларын есепке алу қамтамасыз етілмеген Туристік, кедендік органдардың бірігіп жұмыс істеуі мақсатталынған

Визалық режим

Визалық рәсімдеудің жеңілдетілуі, ішке кіру визасын алуды жеңілдету Еуропалық елдер мен Америкаға виза алудың қиындылығы,ішке кіру визалары құнының жоғарлығы Ішке кіру визаларының құнын төмендету

Туристік фирмалар қызметінің экономикалық жағдайларының шамалас жүйесін және оның әкімшілікпен және басқа органдармен өзара әрекеттері кезіндегі мүдделерін, сонымен қатар дамытудың негізгі приоритеттерін анықтау қажет (кесте 12).

Туристік фирмалардың қызметтерін жақсартуға мүмкіндік беретін негізгі шаралар – бұл шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыру, фирмалардың қызметін маркетинг принциптеріне қайта бағыттау, лицензиялық жүйені жетілдіру. Қазақстанда туристік қызметтің әлеуметті-экономикалық механизмдерін оқып-үйренумен қатар, туристік ағымдар болжамын есептеуді жүргіземіз және мемлекеттік бағдарламамен ұсынылған болжаммен талдау.

Қазақстанда «Қазақстан Республикасында туризм индустиясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» құрылды, онда 2010 жылға дейінгі туризм бойынша көрсеткіштер мен туристік ағымдардың болжамы есептелінді. Осы кезде болжамдарды есептеу кезінде қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдарының максималды сыйымдылығы есепке алынды. Орналастыру орындарында қажеттілік пен туристердің жалпы болжамды ағымының құрылымы математикалық әдістер көмегімен өткен көрсеткіштер негізінде бағаланатын болжамның сандық әдісі негізінде анықталынған.

Қазақстан туризм саласында дүниежүзілік тәжірибені, ғаламдар болжамын ескере ортырып, төл туристік бизнесін жедел дамытуға күш салуы тиіс. Жалпы, тарихи, мәдени байланыстар халықтың пиғылын, мемлекет азаматтарының ой — өрісін көрсетеді. тарихи мұрағаттар да, туристік бизнес те болашаққа қызмет етеді, стартегиялық идеяларды жүзеге асыруға тартылар көпір болады.

Дүниежүзілік туристік ұйымның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай саяхатшыларды ең көп қабылдайтын ел Қытай болмақ. Ал, осы елге жетудің тиімді де қысқа жолының екеуі де Қазақстан арқылы өтпейді ме?

Өркениетті елдерде туризмді дамыту басты мақсаттардың біріне жатады және туризм елдің мәртебесін (имидж) қалаптастыратын құрал болып есептеледі. Елінің сұлу табиғатымен әлемді тандандыру арқылы мемлекет бюджетіне ақша түсірі, кіріс келтіру ең пайдалы іс екені де белгілі.

Осы туризм арқылы қалтасын қампайтып отырған елдерде жетерлік. Кіп – кішкентай Израильдің бюджетіне тек қана туризмнен – 2 млрд. доллар, Тайландқа – 7 млрд. доллар, ал АҚШ – тың қоржынына 50 – млрд. доллар пайда түседі екен.

Ал, бізде сыртқа шығатын туристік сапарлардың  мөлшері – 50 пайызға жуық ьолса, елімізге келетіе туристік сапарлар – 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағының қайткенде көбейтуге болады? Осы орайда Туркия мен Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүе кіргізгені нәтижелі болған. Туркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады.

12-Кесте. Қазақстан Республикасында туристік фирмаларды ұйымды-экономикалық қолдаудың бағасы

Кәсіпорын деңгейінде туризмді дамытуды қолдаудың ұйымдық және экономикалық шаралары

Мемлекетпен құрылған шаралар

Ұсынылатын шаралар

 

 

Мазмұны Күшті жақтары Әлсіз жақтары
Лицензиялаудың эволюциялық жүйесі Қызмет көрсету сапасының жоғарылауы Туроператорлық және турагенттік қызметтер үшін лицензияны алу кезіндегі монополияландыру Туризм бойынша жергілікті басқару органдарында лицензия алу құқығын делегирлеу
Алматы қаласын-да KIFT туризм бойынша жыл сайын халықаралық көрмелерді ұйымдастыру Фирмалардың туристік белсенділіктерін жоғарлату Шағын туристік фирмалар үшін қатысудың жоғары құны Алматы қаласындағы туризм бойынша халықаралық көрмеге бірқатар туристік фирмалардың қатысуы үшін мемлекеттік қолдау
Туристік фирмаларды инвестиция-лау Негізінен ірі ұлттық компаниялар инвестициялайды Шағын бизнес кәсіпорындары қаржылық қолдаусыз қалады Шағын бизнес кәсіпорындарын қаржылық қолдау бағдарламасын жасау
Маркетингті қолдану Каталогтар мен жарнамалық проспектілерді шығару, жарнамалық құралдардың кең арсеналын қолдану, туризм бойынша көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, шетелдік туристік фирмалардың өкілдері үшін ақысыз танысулық турлар ұйымдастыру Маркетингті қолдану үшін ресурстардың шектелінуі, көрмелерге қатысу үшін шығындар деңгейінің жоғарлығы, ірі туристік фирмаларда ғана маркетингтік бөлімдердің болуы Маркетингтік концепцияны қалыптастыруға және маркетолог мамандарды ұстау үшін кәсіпорын қаражаттарын қайта бөлу

Туризм бойынша көрсеткіштерді болжау кезінде орналастыру орындарының өткізілімдік мүмкіндігін ғана есепке алып қана қоймай, сондай-ақ көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкіндіктерін, сонымен қатар республика ландшафтарының максималды мүмкін болатын туристік жүктелімді есепке алу қажет.

Осымен бірге туристік ағымды шектейтін негізгі факторларының бірі неғұрлым әйгілі ескерткіштер немесе құнды градоқұрылыстық ансамбльдердің және қызмет көрсету объектілерінің өткізілімдік мүмкінділіктері болып табылады.

Туризмдегі физикалық жүктелім туризм мен қоршаған орта арасындағы сандық-сапалық өзара байланысты көрсетеді. Қабылдау жүктелімі туристік топтардың жекелеген мінездеріне әлеуметті-психологиялық тәсілге негізделген, бұл көрсеткішке туристердің талғамдары, әдеттері мен жергілікті халықтың дәстүрлері және т.б. әсерлерін тигізеді. Осы кезде жүктелім түрінде субъективті элементтер үлкен мәнге ие болады, сондықтан да туристік ағымдарды болжау рекреациялық ресурстардың физикалық жүктелімінен шыға жүргізіледі. Әрине, бұл тәсіл кезінде, экономикалық көзқарас жағынан берілген ресурстарды қолдану тиімділігін есептеу керек.

Күнделікті тұтынушылар циклі бір күндегі туристік қызметтер сағытының санын әрбір туриске қызмет сағатының санына қатынасы ретінде анықтайды. өткізілімдік мүмкіндікке негізделген туристік ағымдарды есептеу жоғары жүктелімдіктің салдарынан табиғи ландшафтарды ң бұзылуына алып келуі мүмкін. сондықтан да болжау кезінде туристердің өтілімділік көрсеткіші, сонымен қатар туристік жүктелім нормативі оптималды сәйкес келуі керек.

Туристік жүктелімді анықтау туристік ағымды болжау кезінде неғұрлым объективті болып табылмайды, өйткені ол тек сезілетін және сезілмейтін көптеген параметрлерге байланысты сандық көрсеткіш. Бұл көрсеткіш ұзақмерзімді жоспарлау кезінде пайдалы ақпарат береді.

«Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша болжамдық көрсеткіштер мен туристік жүктелім параметрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерге зерттеу жүргіземіз. Бірақта жұмыста көрсетілген көрсеткіштерге жету осы бөлімнің басында көрсетілген саланы дамыту жағдайларын қалыптастыру кезінде ғана мүмкін. 13-ші кестедегі көрсетілген болжалынған көрсеткіштер шетелдік туристердің белсенді демалуы үшін жағдайлар жасау мен дамыған туристік инфрақұрылымы кезінде неғұрлым нақты болады.

Болжамдарды салыстыру туристік сыйымдылық шегі 1020 мың адамды құрайтынын көрсетеді, ал «Қазақстан Республикасында туоизм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы» бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш 1510 мың адамды құрды, норманы 490 мың адамға жоғарлатадығ ал туристер ағымының жоғарылымы – жылына 8,8 млн. адам-сағат. Осы көрсеткіштің жоғарлауы салдарынан табиғи ресурстардың деградациясы болуы мүмкін, басқа жағынан тарих пен мәдени ескерткіштерінің эстетикалық негіздерін бұзуына алып келеді.

Туристік ағымдарды болжаудағы маңызды мәнге неғұрлым аттрактивті туристік аймақтардың приоритеттерін анықтау ие болады.

Бұл туристік қызмет көрсетуді болжау мен жоспарлау тәжірбиесінен шығады, сонымен қатар бар туристік бағдарлар, туристік аймақтар бойынша орналастыру объектілерінде қажетті орын санын анықтау және оларды жоғарлату бойынша жобалық шешімдерді қабылдау.

13-Кесте. Қазақстан Республикасында туризм бойынша болжамдық көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2010 жылға туристік толығу бойынша болжамдық көрсеткіштер

2010 жылға бағдарлама бойынша болжамдық көрсеткіштер

  Туристердің саны (мың адам)  

1020

1510

2 Туристік ағым (жылына млн. адам/күніне)  

17,9

26,7

3 Шетелдік туристердің саны (мың адам)  

153

154

4 Шетелдік туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)  

1,7

1,8

5 Отандық туристердің саны (мың адам)  

867

1356

6 Отандық туристердің туристік ағымы (жылына млн. адам/күніне)  

 

16,0

25,0

Осыған орай, ежелде «Ұлы Жібек Жолы» өткен туристік аймақтарда туристердің қандай ерекше қызығушылықтары бар екендігін анықтауға болады. Ұлы Жібек Жолының қазақстандық бөлігінде болжанылған туристердің ағымы жылына 50 мыңға жуық шетелдік туристерді құрайды. болжауға әсер ететін орналастыру объектілерінің сыйымдылығы, туристердің ағымы, туристік объектілердің өткізілімдік мүмкіндіктері, сонымен қатар бір туристен алатын табыс сияқты негізгі факторларға сүйене отырп, толығымен Қазақстан Республикасы бойынша пайда мен өткізілген өнімдер бойынша болжанылған көрсеткіштерді есептеу жүргізілді.

Тәжірибеде болжалынған көрсеткіштерді алу үшін келісілген инвестициялық саясатты жүргізу қажет. Біз көңілімізді туристерді қабылдаумен айналысатын фирмалар, яғни ішке кіру туризмін сегменттеуде ғана инвестициялық және салықтық қолдауға көңіл бөлінеді. Барлық сала қызметінің тиімділігі үшін оның барлық бөлімшелік құрылымдарының өзара байланысы қажет, бір уақытта әртүрлі қалаларда орналастыру, тамақтану, көліктік және экскурсиялық қызмет көрсету сұрақтарын шешу үшін біртипті туристік ұйымдар әрекет етуі қажет. Бір элементінде жетіспеушілік пайда болған кезде потенциалдық клиент үшін тізбектеме аттрактивтілігін жоғалтады. Сондықтан да толық құнды және сапалы туристік өнімді жасауға барлық қатысушылардың мүдделерін үйлестіру туралы сұрақ тұр.