Қазақстан Республикасы мемлекеттік ореалдық мұражайы

Қазақ тарихы және және мәдени ескерткіштерін  қорғау қоғамы – мекеме қоғамы.   1972 жылы 7 қаңтарда  құрылған. Мекеме халықты тарихи ескерткіштерді  қорғау ісіне қатысу тартып, ескерткіштерді қорғау мен пайдалану заңдылықтарын көпшілікке жеткізумен шұғылданады.  Мемлекеттік ескерткіштерді  қорғау  органдарының жұмысына  жәрдемдеседі,  ескерткіштердің сақталуына,  пайдалануына,  жөнделуіне және  қалпына келтіруіне  қоғамдық  бақылау  жасайды,  тарих  және  мәдениет  ескерткіштері туралы ғылыми танымдық деректерді халық арасында насихаттайды, соның  негізінде  Отанына, тарихына  сүйіспеншілігі құрмет  сезімін  тәрбиелеу  шараларын  жүргізеді.  Барлық  облыстарда  және  Алматы  қаласында   қоғамның  бөлімшелері  құрылды.      “Жалын”,  “Жазушы”, “Өнер”,  “Қазақстан”   баспаларынан тәрихи  және  мәдени ескерткіштер жөнінде шығармалар  жарық көрді.

Қоғам    “Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері”  атты үш жинақты,   “Атамекен”,  “Мұра”  атты тарихи публисистикалық  альманахтарды әзірлеп, жарыққа шығады.  Жыл сайын өткізіліп тұратын  “Матғұлан  тағылымы”  атты  ғылыми конференция  ұйымдастырып,  қаржыландырып келеді.  Әр түрлі экологиялық экспедицияларқа  қатысты   Қызылорда  облысындағы Қорқыт Ата,  Алматы облысындағы  Черкаск қорған – мемориалы,  Атырау облысындағы Исатай Тайманов  ескерткішінің құрылысы,  Ақтөбе облысындағы Есет батыр  бейіті, т. б. қоғам қаржысына орнатылды.  Сол сияқты Астанадағы Кенесары   ескерткішін,  Семейдегі  атом сынақтарының құрбандарына арналған монументті, Алматыдағы Тәуелсіздік монументін  жасауға  қатысты.