ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ СЕКТОРЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ……5
БӨЛІМ 1. СЫРТҚЫ САУДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ…..7
1.1. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың теориялық негіздері…..7
1.2. Сыртқы сауда саясатының мақсаттары мен негізгі бағыттары…..12
1.3. Халықаралық сауда саясатының мәні мен рөлі….23
БӨЛІМ 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ СЕКТОРЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ…………29
2.1. Қазақстан Республикасы сыртқы сауда айналымына талдау…..29
2.2. Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымына талдау….42
2.3. Қазақстанның экспорттық саясатына баға беру….. .52
БӨЛІМ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАЛҒАН СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ…….71
3.1. Қазақстан Республикасы экспортын ынталандыру саясаты мен мемлекеттік қолдау….71
3.2. Қазақстан Республикасының экспорттық саясатын жетілдіру жолдары…..79
3.3. Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына кіруінің перспективалары….84
ҚОРТЫНДЫ…….95
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..98

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамның өмірінің саясаттық сферасының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар экономикалық жүйенің іргелі өзгерулеріне де бағытты алды. Экономикалық реформалар қиын және қарама-қайшылық сипат алды. Бастапқыда нарықтық жүйенің ашық түрін құруына бағыт алынған болатын. Реформа нарыққа жылжу ақиқаттығынан емес дәл сол экономиканы «ашудан» басталған. Нақты экономикалық қатынастар кәсіпорындар арсында емес шетел серіктестерімен жинала бастады. Әлемдік нарық ұлттық нарықтың болмауын толтықтырды.

Макроэкономикалық реттеу жүйесін қолдануына сәйкес ашық экономиканы құру үшін табандану көбінесе Қазақстан дағдарыстық даму этапын және тұрақтануға жағдай жасауын жеңуінің ауыртпалы және ұзақтық сипатын алдын ала анықтады.

Сыртқы сауда осы реформаның тым қарама-қайшылы этапында мәндес емес жеткілікті рөлде болды.

Сыртқы сауда ұлттық экономиканың тиімділігін арттырудың маңызды факторы, өйткені еңбек, капитал, материал және басқа да өндірістік ресурстардың басқа елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігі, өндіріс шығындары, өнім сапасы бойынша абсолютті және салыстырмалы артықшылығын сипаттайды. Мұндай салалардың өнімдері дүниежүзілік рынокта сол қатарлы елдердің өнімдерімен тез айырбасқа түседі. Сыртқы сауда арқылы мұндай ел өнеркәсіп шикізат көздері мен ауыл шаруашылығы тауарларын әкеле отырып, өзінің шектеулі табиғи ресурстарының орнын толтырады.

Сыртқы сауда, тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және тауарды басқа елдерден әкелуден импорттан құралады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады. Егер экспортталатын тауарлардың құны импортталатын тауарлардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда балансына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда балансының жай-күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белгілі мағынада сол ел экономикасы жай-күйінің маңызды көрсеткіші.

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты.

Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі жалпы ұлттық өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының экспорттық саясатының ерекшеліктері мен қазіргі даму тенденцияларына арналған.

Берілген жұмыстың басты мақсаты – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың алатын орнын анықтау, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларына талдау жасай отыра, еліміздің экспорттық құрылымына және осы бағытта жүргізетін мемлекеттің саясатына баға беру, елдің  экспортты ынталандыру жөніндегі ұсыныстарын қарастыру.

Берілген мақсатта сәйкес дипломдық жұмыстың тапсырмалары анықталған:

— халықаралық экономикалық қатынастардағы сыртқы сауданың теориялық негіздерін қарастыру;

— халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауданың алатын орны мен мәнін ашу;

— сауда саясатының мәнін, негізгі түрлері мен оны жүзеге асыратын құралдарын анықтау;

— Қазақстан Республикасы сыртқы сауда айналымының қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын көрсету;

— Қазақстан Республикасының экспорттық құрылымына талдау жасау;

— Қазақстан Республикасының экспорттық саясатына баға беру;

— Қазақстан Республикасының экспортты дамыту приоритеттерін көрсету;

— Қазақстанның Әлемдік сауда ұйымына кіруінің халықаралық экономикалық негіздерін болжау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортынды мен қолданылған әдебиеттертізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс / 98 бет