Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық – инновациялық деңгейін көтеру жолдары

Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық – инновациялық деңгейін көтеру жолдары туралы қазақша реферат

Қазақстан өнеркәсібі әлеуметтік-экономикалық өсу мен ұлттық экономиканың сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар аясында тең құқылы серіктестікте болуға жағдай жасайды.

Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау көрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып көзделуде. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20%-ға дейін төмендету болып отыр. Осыған байланысты өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық деңгейін көтеру жолдарын анықтау біздің көздеген мақсатымыз болып табылады.

Өнеркәсіптің  индустриялық-инновациялық деңгейін көтеру жолдарының біріне — басқаруда ұйымдастыру-экономикалық механизмі жатады. Автордың пікірінше, өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық деңгейін көтеруді басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмі деп — сұранысты қанағаттандыратын бәсекелік қабілетті ғылыми жаңалығы жоғарғы өнім өндіруге бейімді өнеркәсіп секторлары мен салаларында инновациялық үрдістерді жеделдету мақсаттарын айқындайтын және оған жетуде ынталандырушы ұйымдастыру және экономикалық тетіктердің жиынтығын қалыптастыруды айтады [2].

Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық үрдістерін басқарудың ұйымдастыру — экономикалық механизмі:

Біріншіден, халықаралық келісім-шарт қатынастарына сай сыртқы нарық  тұтынушылығын қанағаттандыру, жеке тұтынушылық пен мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ішкі нарық сұранысын, экономиканың, аймақтың және жеке адамдардың тұтынушылықтарын қанағаттандыру;

Екіншіден, өндірістік қызметтің соңғы нәтижеге жетуді көздеу, сонымен бірге, ұйымдастыру-экономикалық механизмнің негізіне қоғамның дамуының экономикалық және әлеуметтік саяси серпінінен туындайтын мақсаттардың басымдылықтарын айқындайтын мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі жатады;

Үшіншіден, мемлекеттік қолдау мен реттеу және кәсіпорынның мүддесін қанағаттандыратын шаралар үйлесімділігін қамтамасыз ету;

Төртіншіден, өнеркәсіптік және техникалық өндірісті ұтымды ету, мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді қолдану;

Бесіншіден, инновациялық қызметті ынталандыру, техника мен технологияның жаңаша үлгілерін экономикаға енгізу, сала ішіндегі және салааралық технологияны беруде мемлекеттік саясатты белсенді жүргізу;

Алтыншыдан, өндірісті тұрақты түрде қайта құру, оны жаңғырту, инновациялық қызмет пен техника, ғылым сферасындағы мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған болуы сияқты талаптарға жауап беруі тиіс.

Қазақстан Республикасының индустриалық–инновациялық дамуының 2003–2015 жылдарға арналған стартегиясы, еліміздің өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Индустриялық — инновациялық дамуға қол жеткізу арқылы экономиканың шикізатқа тәуелділін азайтып, өңдеуші салалардың жоғарғы сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді [1].

Өнеркәсіптің индустриялық — инновациялық деңгейін көтерудің негізгі жолдарына:

·        өнеркәсіптің өңдеуші салаларының  инвестициялық тартымдылығын

көтеруге қолайлы жағдай жасау;

·        монополияға қарсы шаралардың тиімділігін арттыру, тауар нарығында

монополиялық құрылымдардың пайда болуына тосқауыл қою;

·        өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті өңдеуші салаларын көтеру үшін жеке түрде

артықшылықтар мен префенциялар беру, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және қолдаудың тиімді механизмі ретінде сауда биржасын дамытуды ынталандыру, себебі сауда биржасын көтеру арқылы бюджетке салықты түсіруді көбейтуге мүмкіндіктер ашылады;

·        ішкі нарықта демпингтік бағалармен күрес жүргізу, бақылау әдістерін

жетілдіру, кәсіпкерлердің табысынан бірнеше есе асатын айыппұл мен өсім салуға шек қою, демпингке қарсы іс қозғау ұйымдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

·        менеджмент деңгейін көтеру;

·        «көлеңкелі экономикаға»  және жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;

·        салық саясатын ұтымды жүргізу, яғни ғылыми шығындарын үнемі арттырып

отыратын субъектілер үшін, жаңа технологияны игеруші шағын және орта бизнес үшін салық жеңілдіктерін бекіту, белгілі — бір мерзімге венчурлық бизнесті салықтан толық босату, инновациялық қызметтің қаржы-несиелік механизмі–жеңілдік несиелер беру, жеңілдетілген амортизацияларды анықтау, жаңа технологиялар нарығын дамыту жатады.

Қорыта айтқанда, отандық өнеркәсіптің индустриялдық-инновациялық деңгейін көтерудің жолдарына: оның инвестициялық-инновациялық әлуетін қалыптастыру, тиімді салалық құрылымын жетілдіру, технико-технологиялық базасын күшейту жатады. Осындай басым бағыттарды жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындардың индустриялық-инновациялық даму бағыттарын таңдап алуы арқылы табысты молайтуына, соның негізінде жаңа нарықтарға шығуына жол ашылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының индустриялық  –

инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы // 2003 жылғы 17 мамыр. – Астана.

2.     Исмаилова Р.А. Проблемы и перспективы инновационного развития

промышленности Казахстана. // АльПари, 2009. №3, — С.37-41.

Акжигитова  Г.С.

Жәңгір  хан  атындағы  Батыс  Қазақстан аграрлық-техникалық  

университеті