Қазақстан 2030 және еліміздің әлеуметтік дамуының даңғыл жолы

Қазақстан 2030 және еліміздің әлеуметтік дамуының даңғыл жолы  туралы қазақша реферат

Қазақстан халқының тату-тәтті өмір сүруі мен ынтымақтастығы көптүрлі­лік­тегі бірлікті бейнелесе, бұл Қазақ­стан­ның жаңа тарихының ең үлкен жетістігі. Бұл туралы Президенттің ай­қындауын­ша “Қазақстан – бұл еуропалық және азиялық мәдениеттің жетіс­тіктерін бойымызға сіңіруге мүмкіндік береді. Екі өркениеттің геосаяси ұшты­ғында тұрған Қазақстан ерте кезден бастап Шығыстың да, Батыстың да мәдени құндылықтарын өзіне сіңіре білді”.

Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге қиындық пен тоқырауларға қарамастан әлеумет, мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ.

Әлеумметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас сипатта болады да, тек жекелеген экономикалық немесе тек саяси, тек рухани, мәдени  ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демогрфиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субъектісі болып табылады. Сондықтан адамдар арасындағы таптар мен ұлтаралық және басқа әлеуметтік қатынастарды тек экономикалық, болмаса тек саяи, не рухани қатынас деп қана қарау үлкен қателік болады. Демек, әлеумметтік қатынас, осы тұрғыдан алғанда, экономика, саяси, рухани салаларымен қатар қоғамдық өмірдің бір саласы ғана емес, тарихи даму субъектілерімен бірге біртұтас қоғамдық өмір болып табылады.

Қоғамның қазіргі даму кезінде әлеуметтік факторлардың және қоғам өмірінің әлеуметтік саласының рөлі мен маңызының шапшаң өскенін көріп отырмыз. «Күшті әлеуметтік саясат», «халықты әлеуметтік жағынан қорғау», «реформалардың әлеуметтік салдары» көпшілік жұртшылықтың арасында көкейтесті мәселеге айналды. Әлеуметтік факторлар мен реформалардың әлеуметтік салдарына немқұрайды қарау немесе  олардың рөлі мен маңызын жете бағаламау бұл реформалардың    жүзеге асуына қатерлі қауіп туғызатынын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.         Мұнда ескерілуі қажетті бір жағдай- «әлеуметтік» ұғымы «әлеуметтік қатынастар» ұғымынан әлдеқайда кең ұғым, өйткені оның мазмұны әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, әлеуметтік нормалар ұғымдарды да  қамтиды.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайлары, тұрмысы әрекелкі және қарама-қайшылықта болды. Біріншіден, бұл кезде әлеуметтік-тұрмыс деңгейінің үнемі өсу үстінде болғанын ескерген жөн. Елді мекендерде еңселі үйлер, жәйлі пәтерлер салынды. Адамдар сәнді киінуге, автомобиль сатып алуға, үйге жиһаз сатып алуға тырысты. Алайда Батыстың дамыған елдерімен салыстырғанда, халықтың әлеуметтік деңгейінің өрлеу қарқыны әлдеқайда төмен еді.

Мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру міндетін үнемі алға тартып отырды. Халықтың тұрмысы жыл өткен сайын жақсарып, жалақысы ұлғайды.  Еңбекақының ең төменгі мөлшері бірнеше рет артылды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты табысы үнемі көбейіп отырды. Медициналық және мәдени қызмет көрсету деңгейі көтерілді.

Ұлттық валютаның айналысқа еңгізілуі мен кәсіпорындардың мемлекет иелігінен алып жекешелендіру үрдісінің аяқталуы республика экономикасының ғанағ емес, тұрғындардың әлеуметтік-психологиялық бет-бейнесін де өзгертіп жіберді. Түбегейлі қоғамдық өзгерістердің жан ауыртпай жүргізілуі мүмкін емес еді[11].

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы шеңберңнде 1997 жылы жарық көрген адамдық даму жөніндегі есебінде адам әлеуетінің даму индексі бойынша Қазақстан әлемнің 174 елі арасында 93- орында тұрды.

1997 жылдың соңына қарай ресми органдар сарапшыларының берген бағаларына қарағанда республика тұрғындарының жарымынан астамы кедейлікпен күн кешті. Табиғи ортаның ластануынан және әлеуметтік-мәдени , тұрмыстық жағдайдын нашарлауынан жүрек-қан тамыры аурулары, тері, жүйке аурулары, қатерлі ісіак көбейді. Туберкулезбен сырқаттанғандардың әр мың адамға шаққандағы мөлшері қалыпты шамадан асып кетті. Нашақорлар саны,  сәбилер өлімі де көбейді. Әскер қатарына денсаулығы жарамайтын жастардың үлесі дабыл қағарлық деңгейге жетті.

Елдегі әлеуметтік-саяси жағдай басшылықтыда толғандырмай қоймады.  Оларды шешу жолдары қарастырылды.1996 жылы “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.  Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.  Оның ішінде әйелдер – 4.420. [1]. Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927. Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

— Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

— Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

— Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

— Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

— Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

— Каспий мәселесі қарастырылды. Еңбектің маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды

 

Сол жылдары қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістер әкелген үлкен әлеуметтік келеңсіздіктің бірі – жұмыссыздық болды.

Әлеуметтік даму үрдісінде игі нышандар да болды. Үкімет тарапынан бірқыдуар шаруалар жүзеге асырылып жатты. Орта және шағын бизнесті дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.

1997 жылдың соңына қарай  үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгелдей дерлік өтеуге мүмкіндік алды.  Жұмыссыздар үшін шағын несие берілді.

Зейнетақы қорын жинақтау мен оны төлеудің жаңа жүйесіне көшу әлеуметтік саладағы үлкен өзгерістердің бірі болды. 1998 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету туралы ҚР заңы күшіне енді.  Жаңа заңның ерекшелігі азаматтар өздерінің еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайғандағы мамыржай өмірін қамтамасыз етуге тиісті болды[12].

Жас тәуелсіз еліміздегі осындай әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды ретке келтіру және болашаққа барар жолды дұрыс қаклыптастыру  үшін 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:  Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.  Реформаларды аяқтау. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу. «Қазақстан барысын” қалыптастыру [2]

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық: 1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Бірінші, Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.

  1. ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа” ұшырайды.
  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
    Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
    Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
    Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
    Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады[13].

Қазақстан — өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Экономикалық стратегия.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
Жекешелендіру процесін аяқтау.
Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет. Алдағы міндет: 1. Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.
2. Инвестицияларды пәрменді тарту.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса көрсетілді:
1. Ауыл шаруашылығы;
2. Орман және ағаш өнеркәсібі;
3. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;
4. Тұрғын үй құрылысы;
5. Туризм;
6. Инфрақұрылым жасау.

Әлеуметтік стратегия. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:
1. Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.
2. Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.
3. Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.

Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы: 1. Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу. Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

Әуе көлігі бойынша : Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

Байланыс және телекоммуникациялар желілері бойынша :
1. Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру.
2. Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін  негізгі стратегия ұстанымдары: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.  Кадрларды талдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Қоғамның даму стратегиясы. Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:
1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.
2) Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.
3) Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.
4) Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.
5) Жетекші фактор–адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы, білім-білігі.
6) Ауылшаруашылық жерлері.
7) Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.
8) Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.

Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:
1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.
2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.
3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.
4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорларының баялауы.
5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.
6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.
7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.
8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету[14].

33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:
1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;
2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;
3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;
4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар [2]

2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.