Қазақ жастар баспасөзінің тарихы туралы қазақша реферат
“Жас алаш” газетінің ең алғашқы нөмірі 1921 жылдың 22 нау рызында Ташкент қаласында шыққан. Тұңғыш редакторы – Ғ.Мұратбаев. Бірақ көп ұзамай, қағаз тапшылығынан және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылып қалады да,енді оның орнына 1922 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Орда Азия бюросының һәм Түркістан Ортақшыл Жастар Ұйымы комитетінің он күндік газеті “Жас алаш” шығарыла бастады. Редакторы болып Е.Алдоңғаров бекітілді.
“Жас алаш” газеті 30 шақты нөмірінен кейін 1924 жылдың қаңтар айынан бастап журналға айналды.Бұл Түркістан мен Қазақстандағы жастар басылымы тарихының алғашқы кезеңі болатын, Ал республикадағы жастардың басылымы — “Өртең” газеті 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Оның шаруашылары – С.Сәдуәқасов, А.Байтұрсынов, Ә.Байдаралин, Е.Алдоңғаровтар еді. Өкініш ке орай “Өртеңнің” де екі ай ішінде 6-ақ нөмірі шығып, саяси ұстамсыздығы деген желеумен жабылып қалған. Енді, Қазақстанның аймақтық жастар комитеті “Өртең” газетінің орнына 1923 жылдың қазан айынан бастап “Жас қазақ” журналын шығара бастады.
1924 жылдың 8 ақпанынан бастап “Еңбекші қазақ” газеті өзінің бір бетін “Лениншіл жас” атты жастар бетіне айналдырды. Ол 1925 жылы дербес “Жас қайрат” газеті болып шықты. Ал 1927 жылы 22 қыркүйектен бастап, 1991 жылға дейін үзбей “Лениншіл жас” деген атпен шыға тұрды.
Алғашқы онжылдықтар ішінде жастар басылымдарының беттеріне Ғ.Мұратпаевтың, Н.На- дымжановтың, Ж.Сақтаевтың, С.Сәдуақасовтың, А.Лекерұлының, Тәжібайұлының, Х.Бөлекбаев- тың, Рахымовтың, Р.Жанұзақовтың, Кенжеғараевтың, Е.Смайыловтың мақалалары жазылып отырған.
Қазақ журналистикасына сексен алтыншы жылдың желтоқсан оқиғасынан соң үлкен міндет жүктелді. Себебі, КОКП Орталық комитетінің қазақ комитеті туралы белгілі қаулысы шықыннын кейін “Қазақ ұлтшылдығы” дегенді желеу етіп, орталық басылымдарда, республтканың орыс тілін-де шығатын газет-журналдарында жастарға жала жауып, күйе жаққан қианатшыл материялдар кө- бейіп кетті. Әрбір басылымға нақты тапсырмалар беріліп, тірті арнайы дайындалған материялдар- да ұсынылды.