1718- жылы қазақтың ұлы ханы Әз Тәуке қайтыс болған соң, Қазақ хандығында туылған ішкі енжарылық, қазақ жүздерінің үсақ иеліктерге жіктеліп ыдырауы, жоңғар ақсүйектерінің шапқыншылығы, « ақтабан шұбырында» апаты Қазақ хандығының күш – қуатын құлдыратқан еді. Осы мезгілде кіші жүз ханы Әбілқайыр өзіне қараған елдің бір бөлігін ( 40 мың адамды) бастап батысқа қарай ауып барып, орыс патшасына бағынуға ант берді.
Жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы күрестің қан майданында өзінің жан қиярлық ерлігімен ел – жұртқа танылып, қазақа хан болған Абылай қазақтың елдік еркін қорғау жолында қажырлы күрес жүргізіп, Қазақ хандығын біртұтас, іргелі ел етуге ұмтылды.
Тарихи тағдырдың қиын – қыстауы кезенінде, қазақ ханы Абылайдың жонғар ақсүйектерімен қарсы жүргізген күресі Ежен ханның жонғарларға қарсы жорығына ласты. Ежен әскерінінің жонғар әскерлерін женуіне Абылай да ат салысты. Ежен хан жонғар бөлігін тыныштандырғанан кейін 1757 – жылы Абылай Қазақ хандығы атынан арнаулы хат жолдап ,елші жіберіп, Ежен ханға бағынды.
Абылай ханның бағыныштылық білдірген хатын тапсырып Ежен үкіметі арнаулы жарлық жариялап.:Қазақ хандығының бағынуын сол кездегі аннам, сиям сияқты бодан ретінде қабылдап, сырттай емделу сайасатын қолданды . Ресей патша өкіметі 1731-жылы Әбілқайыр бастаған кіші жүзді қол астына қаратқаннан кеиін қазақ жерлеріне ішкерілей, еніп қадам жеткен жеріне бәріне қамал бекіністер сала бастады . 18-ғ. 30-40 ж. Қазіргі Верхний Уральскіде Зоварино-Головский қамалына дейін жалпы ұзындығы 770км. болатын Виский бекініс шебі салынды.Виский шебіне қараған Қаракөл, Грутоярский, Виский қамалдары және басқа қамалдар кірді. Дәл осы жылдары Омбыны Семей және Өскеменмен жалғастырған, ұзындығы 930км. Ертіс шегі салынды. 1752 – 1755 жылдары Тобылдағы Звериноголовский қамалынан Ертіске дейін ұзындығы 562 км. жаңа Есіл шебі салынды. Бұл шеп Виский шебін Ертіс шебімен қосты қазақ жерлерінің Ресейге қосылу барысында патша үкіметі отарлар мақсатын көздеп, қосып алған территорияға бекініс шептері мен қалалар салды. Бұл бекініс шептері патша үкіметінің отарлау саясатының тіреу пунктеріне айналды. 19ғасырдың басында Қазақ хандығы жойылуға бет алды. Ал кіші жүздін кейінгі хандарының бірі – Айшуақ 1805 – жылы әбден қартайып, тағынан тайды. 1812 – жылы тағайындалған кіші жүздің ақырғы ханы Шерғазының билігі ел – жұртқа өтпеді. 1781 – жылы Абылай хан қайтыс болғанан кейін орта жүз де ыдырай бастады 1781 – жылы әкесі Абылай ханның орнына отырған орта жүз ханы Уәли 1818 – жылы қайтыс болды. Орта жүздің екінші ханы Бөкей (Барақ сұлтанның баласы) де 1818 – жылы қайтыс болды. Уәли қайтыс болған соң, баласы Ғұбайдола өзінің інісі Жантөрені Бежінге елші етіп жіберіп , әкесіннің хандық орнына тағайындауды талап етті 1823 – жылы 12 – айда Ежен хандығы Ғұбайдолланы әкесінің орнына хан етіп отырғызды. 1824 – жылы 2 – мамыр күні бұйрық бойынша Іледегі әскери уәзір Ғүбайдолланың орта жүз ханы болып тағайындалған куәлігін алып, әкесі Уәли ханның қазасына ақтық салып барды. Бұл хабарды естіген орыс патша өкіметі әскер жіберіп, уәзірдің алдынан шығуға аттанған Ғұбайдолланы бөгеп жібермей қойды. Сонымен оның таққа отыру мерекесі өткізілмей қалды. Келер жылы Ғұбайдолла інісі Сарыбайды жіберіп, хандық куәлігін алдырды. Ежен әулетінің жылнамаларында жазылуына қарағанда, 1799 – жылы Ханқожа ( Әбілпейіздің орнына отырған баласы) қайтыс болғанда, Ежен хан оның орннына баласы Жанқожаны тағайындаған 1826 – жылы Тоғым хан қайтыс болғанда орнына баласы Алтынсарыны тағайындаған. Жұңгоның Ежен хандығы Қазақ хандығының елшілеріне 1930 – жылға дейін қабылдап отырған. 19 – ғасырдың 20 – жылдары саяси — шаруашылық әскери жақтан әбден әлсіреген Еженхан үкіметінде орыс патшалығының төтеп беретін қуат қалмаған еді. Сондықтан бұнын бәрі құрғақ ресметке айналды. Қазақ ұлы жүзі 19-ғ басында Орта Азияда күшейген Қоқан хандығының шапқыншылығына ұшырады.Қоқан ханы Әлімнің түсындав 1801- 1809 бектері Сайрам Шымкент қалалары мен осы төніректегі біраз жерлерді ұлы жүздің Ұзынағашқа дейінгі жерін Талас алқабын және орта жүздің Ташкент пен Арыз өзенін аралығындағы қоныстарын жаулап алды. Әлім ханның нерасқұры Омархан ( 1809 – 1822 ) кезінде қоқандықтар Қазақ хандығының ескі астанасы Түркістан өзіне қаратты. Ұлы жүз қазақтары арасындағы хандық жойылды, Қоқан хандығына бағынды.
19-ғасыр 20 – жылдары Ресей өкіметі қазақ хандық үкіметті жойып ел басқаруды Ресейлік тәртібін жақындатуға тырысты Ресей патша үкіметі 1822 –жылы орта жүз, 1824 –жыл кіші жүз қазақтары арасында хандық жойылды. Орыс үкіметі орындарының Сібір қазақтары туралы жарылғына сәйкес орта жүз территориясы 8 сыртқы окіріке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды . Аталмыш жарлық мынадай әкімшілік бөліктерді белгіледі: 50, 70, болыс бір окрук Ауылды үш жылға салынатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиісті болды. Қазақ хандығы бір жолата жойылды.
Қазақ хандығы 1456 – жылдан 1820 – жылға дейін 364 – жыл өмір сүрді. Қазақ хандығы қазақтардың өз алдына жеке халық болып қалыптасуы барысын бір жолата аяқтады, қазақтың тіл, әдебиет, мәдениетін қалыптастыруда қазақ тарихында онда манызды орын ұстады