КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ дипломдық жұмыс

ЖОСПАР

КІРІСПЕ…. 3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі..7
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі …….16
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік негіздері ….21

2. «ЖАМБЫЛГИПС» АҚ-НЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ДЕҢГЕЙІН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
2.1. «Жамбылгипс» АҚ-ның экономикалық белсенділігін талдау…… 29
2.2. «Жамбылгипс» АҚ-ның негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін талдау… 39
2.3 Кәсіпорында негізгі құралдарды тиімді пайдалануын талдау …43

3. КӘСІПОРЫНДА НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Негізгі капиталдың тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату…..50
3.2 “Жамбылгипс” АҚ-ның негізгі капитал тиімділігін арттыру жолдарының негізгі бағыттары……58

ҚОРЫТЫНДЫ……..64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ……67

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.

Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал  өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.

Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.

Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың ұлттық байлығының  басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен  өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы — өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің  есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі капиталын  пайдалануда жақсарту жолдары» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С. Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа  жұмыстары,    Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев ,  С.К. Хамзин және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін енгізген.

Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”, “Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей  Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз  жылжуы  мүмкін  емес.

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару , құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін [1], [2].

Жазылып отырған жұмыстың мақсаты — жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі — “Жамбылгипс” АҚ-ның мысалында тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады. Дипломдық жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын жасап,  кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау, жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Жамбылгипс» АҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның  2  жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына  байланысты болатын оның  техникалық мүмкіншілігін тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің  талдауы, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар.

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін талданатын кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

  Дипломдық жұмыс/ 70 бет