Кәсіпорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функциялары туралы қазақша реферат
Жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революциясының нәтижелерін пайдалану, экономиканы дамытудың жинақтылығы, мамандандыруды тереңдету және қоғамдық еңбек кооперациясын кеңейту, бір мезгілде халықтың игілігін арттыра отырып материалдық-техникалық база құрудың негізгі байланысы нарықтық экономиканың маңызды ерекшеліктері болып табылады.
Осыған байланысты тарату процесстерін жоспарлау және ұйымдастыру жүйесінде және өндірістің қаржы айналымында елеулі өзгерістер орын алды: өнімдерді таратудың және айырбастаудың салааралық функциялары едәуір күшейді және өндірістің қаржы айналымы саласын басқаруда ұйымдастырушылық және методологиялық бірлікті әрі қарай нығайту қажеттігі едәуір байқалды.
Халық шаруашылығының барлық салаларының материалдық ресурстарға деген сұранысын анықтау тәсілі, негізінен ұзақ мерзімді перспективаға, түпкілікті өзгерді, бұдан ғылыми негізделген нормативтік базаның ролі едәуір артты.
Жоспарлаудың баланстық әдісіне негізінде жаңа талаптар туындады, бұл материалдық баланстар жүйесінің және олардың аумақтық, салалық және халық шаруашылық резервтердегі салааралық және тиімді баланс аралық негізгі байланысын бұдан да гөрі толығырақ өзара үйлестіру үшін туындады.
Өндірісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің жинақтылығына қойылатын талаптар көбейді (көбінесе шикізаттардың, материалдардың, отын мен жабдықтардың прогрессивті түрлеріне), өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді шапшаң енгізуге байланысты өндірістің динамикалық жағдайына толығырақ сәйкес келетін жабдықтаудың икемді формаларын дамыту қажеттігі өсті.
Өндіріс қаржысының айналымы саласының өзіне техникалық прогресс жасауға, жабдықтау және сату органдарының материалдық-техникалық базаларын қайта жарақтандыруға, қаржы айналымы саласындағы кәсіпорындарда еңбек өнімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған қойма кешендерін құруға және қоймаларды өнімдермен жабдықтауды уақытында оны өндірістік тұтыну циклымен тікелей байланыстыруға негізінен жаңа тәсіл қолдану қажет болды.
Экономикалық-математикалық аппараттарды, қазіргі заманғы электронды-есептеу және ұйымдық техникаларды қолдана отырып, жабдықтауды және сатуды басқарудың ғылыми әдіс-тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптар анағұрлым өсті.
Бірлестіктің өндірістік бірліктерін, цехтарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді басқару кәсіпорындар мен ұйымдарды жабдықтауды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Зауыт ішіндегі жабдықтау процессіне өндірістік бөлімшелердің материалдық құндылықтарды босату жоспары, оларға шикізатты, материалдарды, сатып алынған бұйымдарды жеткізуді ұйымдастыру және беру кіреді, сонымен бірге материалдық ресурстар шығынын есепке алу, оларды пайдалануды бақылау және талдау жасау кіреді.
Зауытішілік жабдықтауды жоспарлау, негізінде, өндірістің материалдармен қоректенуін лимиттеу жолымен жүзеге асырылады. Цехтарды жабдықтауды лимиттеу материалдарға, сатып алынған бұйымдарға деген нақты мұқтаждықты аяқталмаған өндірістің көлемі мен құрылымын ескере отырып анықтауға мүмкіндік жасайды.
Есептеу кезінде жоспарланған мерзімге арналған өнім шығару жөніндегі өндірістік тапсырмаға және әрбір номенклатуралық позиция бойынша өткен мерзімдегі жоспардың нақты іс жүзіндегі орындалысына сүйене қажет. Бұл жағдайда материалдардың жоспарланған және нақты қағаз жүзіндегі қалдығы ескеріледі.
Жабдықтаушы-сатушы ұйымдардағы жабдықтау процессін басқару сапасының артуына, олардың тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің ұлғаюына байланысты бұл ұйымдардың базасынан, жалпызауыттық қоймаларға соқпай-ақ, тікелей кәсіпорын цехтарына материалдарды орталықтан жеткізужүйелі түрде кеңейеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің бұл формасы өндірісіне бұқаралық сипат тән және тұтынатын материалдардың тұрақты номенклатурасы тән кәсіпорындарды жабдықтау кезінде қолданылады. Бұл өндірістік запастарды едәуір азайтуға, тиеу-түсіру жұмыстары мен қойма операцияларына жұмсалатын тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.