Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (1-кесте).
Кесте – 1.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық сипатына қарай | Салалық қызметіне қарай | Меншік нысаны бойынша |
Картелдер,
Синдикаттар (консорциумдар), Трестер, Концерндер, Концерн-конгломераттар, Холдинг-компаниялар, Акционерлік қоғамдар (корпорациялар), Кооперативтер, Серіктестіктер. |
Өндірістік,
Саудалық, Делдалдық, Банктік, Сақтандырушылық Инвестициялық, Инновациялық, Инжирингтік, Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік, Аудиторлық, Трастолық. |
Өнеркәсіп,
Ауыл шаруашылығы, Сауда, Байланыс, Көлік Қаржы, Несиелік, Мәдениет, Өнер, Білім, Ғылым, Денсаулық сақтау, Тұрғын үй шаруашылығы. |
Мемлекеттік,
Қазыналық, Ұжымдық, Жалгерлік, Кооперативтік, Акционерлік, Жекелеген, Аралас (біріккен), Мемлекеттік кооператив- тікпен бірге, Ұжымдық жекемен бірге, Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.