Қарсыластық стилі

Қарсыластық стилі туралы қазақша реферат

Тор  көрсеткендей, қарсыластық стилін қолданатын адам белсенді болады және кикілжіңді өзінің жеке жолымен шешуді қалайды. Оны басқа адамдармен бірлесіп әрекеттесу онша қызықтырмайды, бірақ ерікті шешім қабылдауға қабілетті. Мұндай адамдардың пікірі: «Мені басқалар не ойлайтыны қызықтырмайды. Мен оларға мәселені шешудің өзімнің жолын дәлелдеймін». Немесе, Томас пен Килменн процесінің динамикасы бойынша, сіз бірінші кезекте өзіңіздің мәселе шешімін басқаларға қабылдатқызып, басқалардың қызығушылықтарына кері әсерін тигізіп, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды қанағаттандыруға тырысасыз. Мақсатқа жету үшін еріктік сапаларыңызды қолданасыз: егер ерігіңіз жеткіліктідей күшті болса, онда мақсатыңызға жетесіз.

Мұндай тәсілді қолдану бір адамның жүз пайыз ұтуына, ал екіншісінің нөл пайыз ұтуына алып келеді. Ұтқаны сонымен қатар өзін кінәлі сезінсе, ал жеңілгені ренжіп қалуы мүмкін. Мысалы, екі адам бір уақытта теледидардан екі түрлі бағдарламаны көргісі келеді. Өмірдегі кездесетін қарапайым жағдай. Біріншісі пультті алып: «Мен өз футболымды көремін, және мені сенің проблемаң қызықтырмайды» дейді. Ол өмір бойы емес, бірақ қазіргі жағдайда ұтты. Ал егер екіншісі оның бүгінгі әрекетінен сасқалақтап қалса, онда ертең ол мұндайға одан да күштірек қарсыласуға дайын болады. Егер біріншісі екіншісінен күштірек анық болса да, сонда да екіншісі қарсыласуы мүмкін. Мысалы, келесі де екіншісі теледидардың пультін тығып қоюы мүмкін немесе бір нәрсені сындыруы мүмкін, т.б. Сонымен мінез-құлықтың мұндай тәсілі ұзақ уақытты перспективада тек теріс нәтижелерден тұрады.[14]

Мұндай стильді қолдану сіз үшін белгілі бір беделге, басшылыққа ие болғанда ғана эффективті болады; сіз шешіміңізді немесе берілген жағдайға дұрыс келуіңізді түсінгенде ғана бас тартпай шешіміңізді дәлелдеуге мүмкіндігіңіз бар. Бірақ, сонда да бұл стиль жекелік қарым-қатынаста қолданатын стиль емес; адамдармен жақсы қарым-қатынасыңызды сақтап қалғыңыз келсе, қарсыластық стилі оларда жағымсыз сезім тудыруы мүмкін.

Бұл стильді қолдануға болатын жағдайлардың мысалдары:

—         нәтижесі сіз үшін өте маңызды болғанда;

—         шешім қабылдау үшін сіз жеткілікті беделдісіз және сіздің ұсынған шешіміңіз сол жағдайға байланысты ең жақсы шешім;

—         шешімді тез қабылдау қажет және ол үшін сіздің беделіңіз жеткілікті болғанда;

—         сіз үшін жылдам әрекет етуді қажет ететін критикалық жағдайда;

—         шешімнің басқа жолы жоқ екенін сезінгенде;

Сіз бұл стильді қолданғанда әйгілі болмауыңыз мүмкін, бірақ шешіміңіз нәтижелі болса, жақтастар жаулап алуыңыз мүмкін. Бірақ сіздің негізгі мақсатыңыз болып, басқалармен жақсы қарым-қатынас құру болса, онда бұл стильді қолданудың қажеті жоқ; бұл стильді негізінде сіз ұсынған мәселе шешімі сіз үшін өте маңызды болғанда, оны жүзеге асыру үшін жылдам әрекет ету қажет екендігін сезінгенде және жеткілікті бедел мен ерікті болып жеңіске сенгенде қолданған дұрыс.