Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.
Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал – айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы – айналым активтер формасына ауысада. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады.
Капитал келесідей болады. Капитал — өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады.
Экономикалық теория тқрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды басқару).
Салуына байланысты капитал кәсіпкерлік және ссудалық болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал корпорацияны басқару және табыс алу мақсатында раелды және материалдық активтерді аванстайды. Ссудалық капитал бұл несиені мерзімінде қайтарып беру мақсатында берілген ақша капиталы. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталмен салыстырғанда корпорацияға салынбайды, керісінше ол пайыз түрінде табу үшін уақытша қолдануға беріледі. Ссудалық капитал несие нарығында товар түрінде болады оның құны пайыз мөлшері болып табылады. Төмен пайызға алынған несие арзан ақша, ал жоғары пайызға алған несие қымбат ақша болады. 15 күннен аз мерзімге алынған ақша қысқа ақша болып табылады.
Капитал құны – капиталға қандайда бір соманы тартқаны үшін төленетін ақша қаражытының мөлшері.
Өзіндік капитал құны – бұл ақционерлік капитал үшін акциялар бойынша алынатын дивиденттер сомасы немесе шығаруға байланысты төленетін табыстар сомасы.
Заемдық капитал құны – несие немесе облигациялық заемға байланысты төленетін шығындарға пайыз сомасы.
Тартылатын капитал құны – бұл несиелік бережақ мөлшері. Ол 3 ай ішінде төленетін немесе келісім шартта белгіленген мерзімде төленбеген несие сомасы.
Сонымен капитал дегеніміз корпорацияға табыс алып келетін қаражаттар көзі.
Капитал ағымдағы және болашақ периодқа арналған негізгі көзі болады. Капитал корпорацияның нарықтық құнын өлшейтін негізгі құрал. Біріншіден бұл таза активтердің мөлшерін анықтайтын өзіндік капиталға жатады. Бұл уақытта қолданылатын өзіндік капитал қосымша табыс алып келетін заемдық капиталды өзіне тартады.
Корпорацияның коммерицялық және өндірістік тиімділгінің өлшеуіші капитал динамикасы болып табылады. Өзіндік капиталдың өсе алуы корпорацияның таза пайдасының қалыптасуына көмектеседі. Капитал келесідей классификацияланады:
1. Жатқызылуына байланысты капитал заемдіқ және өзіндік болып бөлінеді. Өзіндік капитал корпорацияның өзіне жатқызылады және активтердің көпшілігінің көмегімен құралады. Заемдық капитал қайтарылып берілетін тартылған қаражаттарды айтамыз. Заемдық капиталдың барлық түрлері белгіленген мерзімде қайтарылуы тиіс. Қысқа мерзімді заемдық капитал айналым активтерін жабуға арналған.
2. Қолданылуына байланысты капитал өндірістік, ссудалық және спекулятивтік болады. Спекулятивтік капитал екінші қор нарығында айналымдағы акциялардың өсуі негізінде пайда болады. Спекулятивті операциялардың негізгі мақсаты максимальды пайда табу.
3. Инвестициялау формасына байланысты капитал шаруашылқы серіктестіктердің және қоғамдардың құрылуына арналған материалдық және материалдық емес формадағы қаржылар.
4. Инвестициялау обьектісіне байланысты негізгі және айналым капиталы болады. Негізгі капитал барлық айналымнан тыс активтерге салынған, ал айналым капиталы айналымдағы активтерге инвестицияланған.
5. Меншік формасына байланысты мемлекеттік, жеке және ортақ капитал бар.
6. Құқықтық формасының қызметіне байланысты акционерлік, жеке және складтық болып шаруашылықтарға бөлінеді.
7. Өндірістік процеске қатысуына байланысты капитал функцияланған және функцияланбаған болып бөлінеді.
8. Меншіктің қолданылуына байланысты жинақталған және қолданылатын капиталдар болады. Қолданылатын капитал дивиденттер бойынша төленетін сомма және басқа да әлеуметтік төлемдер жатады. Ал жинақталған капиталға есепті және өткен жылдардағы бөлінбеген табыс жатады.
9. Мемлекеттің экономикасының қалыптасу көздеріне байланысты мемлекеттік және шет елдік капиталдар қалыптасады.