Капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды жеделдету несиенің маңызды қызметі болып табылады.Несие механизмі қосымша құнды капиталдандыру барысына ықпал етеді.
Несие капиталды шоғырландырудың аса қуатты факторы ретінде оның жекелеп жинақталуының шекараларын кеңейте түседі.Өндірістің ауқымын кеңейту үшін жекелеген шаруашылық кәсіпорындарының, кәсіпкерлердің қаржылары көбінесе жеткіліксіз болып саналатындықтан, әрбір кәсіпорындардың, халықтың шағын мөлшердегі уақытша бос тұрған шашыраңқы қаржылары жұмылдырылып банкілерде жинақталады да, үлкен көлемге жеткеннен кейін ол несие ретінде кең ауқымды ұдайы өндірісте белсенді түрде пайдаланады.
Несие жекелеген кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдырудың, монополиялар мен халықаралық компаниялардың жаңа түрлерін құрудың факторларының бірі болып саналады.К.Маркстің айтуы бойынша несие “бәсекелестік күресте әрі жаңа, әрі сұрапыл қаруға айнала отырып, соңғы нәтижеде капиталдарды орталықтандырудың аса зор әлеуметтік механизмі бола бастайды”.