“Kami travel” туристік фирмасындағы маркетинг және нарықтық талдау

          Маркетиг және нарықты талдау.

1. Дислокацияны таңдау.

Бұл кезеңде құрылтайшыларға олардың қай жерде орналасатының шешу керек және кәсіпорын үшін болашағы бар ауданды таңдауға тырысу керек.

Бұл дипломдық жұмыста біз Алматы қаласы сияқты ауданды алып көрсетейік.

Негіздеме: Алматы қаласының туристік нарығы бай клиенттерге толы. Осы тұста 3 негізгі фирманы қарастырайық.

2. Бәсекелестікті талдау.

Бұл кезеңде біз, белгіленген ауданда тіркелген фирмалардың сандық статистикасын зерттейміз. Тур қызметтердің шығару көлемін, баға белгілеуді талдаймыз және біздің фирмамен салыстырамыз.

7-Кесте. Маркетинг және нарықты талдау

Аты Орналасқан жері Нарықтың бөлігі
1 Жана Арка Қарасай батыр көшесі -85, Сейфуллин даңғылы 35%
2 World Travel Service Шевченко көшесі — 112,Байтұрсынов даңғылы 20%
3 Grand Tour Қонаев көшесі, 132 15%
4 Басқа фирмалар   20%

Тур бойынша сұранысты көбейту мүмкіндігін беретін, сенімді және тексерілген  операторлармен жұмыс істеуге үйреніп қалғандықтан, бұл көрсетілген 3 фирманың туристук бағыттарының ассортименттері бар, ал біздің фирма одан да үлкен ассортиментті ұсынады.

Қызметтің туристік саласындағы ең қатаң бәсекелестіктің затына (түріне) келесілерді жатқызамыз:

—         баға;

—         фирманың беделі;

—         сапа;

«Жана Арка» фирмасы жарнамаға ең ерекше көңіл бөледі (  телетекстерде хабарландыру, баспаларда, теледидардағы жарнамалық бағдарламаларда, визиткаларды тарату, телефон анықтамаларындағы жарнама, кірістегі хабарландыру).

«World Travel Service» (кірістегі хабарландыру, баспалар арқылы хабарландыру, телефон анықтамаларындағы жарнама).

«Grand Tour» (кірістегі хабарландыру, қаланың стенттеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату).

«Kami Travel» туристік фирмасы осы мәліметтерді талдап қызметтің бірінші кезеңдерінде жарнамаға көп мән (көңіл) беру керек деген шешім қабылдады.

Атап көрсеткен сұрақтар бойынша, салыстырмалы артықшылықтарын бағалау үшін, ақпаратты жүйелендіруге мүмкіндік беретін негізгі бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу әдісін қолдануға болады,бұл ақпаратты келесі кестеде көрсету ыңғайлы

8-Кесте. Бәсекелестері бойынша нарықты сегменттеу

Бәсекеге қабілетті факторлар Kami travel Жана — Арка World Travel Service Grand Tour
1 Сыртқы жарнама және ақпарат 10 9 7 7
2 Офистің интерьері 9 9 6 6
3 Менджерлердің сыртқы түрі және қабілеті 10 8 7 7
4 Энтузиазм 10 9 6 7
5 Мамандылық 7 10 10 9
6 Білім бағыты 8 9 8 8
7 Визалық сұранымдағы сақтандыру түсінігі 9 9 9 9
8 Төлем қабілеті 6 6 6 6
9 Компьютерді қолдану 10 10 10 10
10 Каталогтарды қолдану 10 10 10 10
11 Клиенттің сұранысына сәйкес келуі 10 8 7 6
  Жалпы ұпай: 99 97 86 85

           Бағалау 10 ұпайлық жүйеде жүргізілген. Берілген мәлімет бойынша «Жана – Арка» туристік фирмасы – ең басты бәсекелес екенін көрсетеді. Ең жоғары жалпы ұпай саны – 110, соған ұмтылу арқылы лидерлікке (көшбасшылыққа) жетуге болады.

           Сатып алушыларды зерттеу.Тауарды сатып алушыларын табу және сұранысты зерттеу қажет. Біз келесі әдістерді қолданамыз: сұраныс, интервью алу, сұрақ – жауаптар. Барлық өткізілген жұмыстың нәтижелері, сатып алушылардың жеке сегменттерін анықтау мақсатында біріңғай диаграммаға біріктіреді. Біз тек қана адамдардың төлем қабілетін ғана емес, сонымен қатар, олардың демалысқа деген көзқарастарын, яғни, демалыстың қандай болу керектігін зерттейміз.

Туризм әртүрлі түрлер мен формаларға бөлінеді. Біз ішінен тек жақсыларын ғана анықтап, өз жұмысымыздағы мәліметтерден алшақтаймыз.

Туризмнің келесі түрлерін анықтауға болады:

—         ішкі туризм;

—         сыртқы туризм;

—         қысқа мерзімді туризм;

—         ұзақ мерзімді туризм;

Сапардың орташа мерзімі 7 – 14 күнге дейін. Демалыс үшін 10 күн оптималды мерзім, бірақ сапардың мерзімі, оның мақсатына байланысты.

—   интенсивтілігі бойынша.

Алматыда туризм маусымдық сипатта болады. Жаздық (60%  сатылым), қыстық (14 – 22%), маусым аралық (23 – 25%), өлі (4%).

—         саяхат мақсаты бойынша.

Курортты сауықтыру, спорттық, көңіл – көтеру, танымды – істік, экологиядық, шоп – турлар, білім беру, экзотикалық, діни және тағы басқа.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде, адамдар туризмнің келесі түрлерін таңдайды:

—         шетелге шығу;

—         қысқа мерзімді;

—         жаз немесе қыз маусымында;

—         көңіл – көтеру мақсатында.

Әрі қарай сауалнаманы ұсынамын.  

Сауалнама

  1. Жасы ______________________________________________________
  2. Жұмысы ( оқиды немесе жұмыс істейді) ________________________

_____________________________________________________________

  1. Жынысы __________________________________________________
  2. Жылдық табысы ____________________________________________
  3. Тұрмыстық жағдайы ________________________________________
  4. Ұлты _____________________________________________________
  5. Тұрғылықты жері __________________________________________
  6. Сізде 18 жастан төмен қанша баланыз бар (жасын көрсетіңіз)

____________________________________________________________

  1. Білімі ____________________________________________________
  2. Сіз демалысқа көбіне қанша ақша жұмсайсыз ____________________
  3. Туристік сапарларға барған негізгі мақсаттарынынызды атаныз

_____________________________________________________________

12. Қандай тасымал қызметтерін қолданасыз (әуе-, көлік-, темір жол-,

_____________________________________________________________

13. Сіз Қайда барғанды қалайсыз (керегін сызыңыз)

А) Қазақстан Республикасы

В) Шетел

14. Сіз ҚР-да әлде, шетелде тұрғанды қалайсыз ____________________

15. Сіздің ең ұнаған саяхатыныз (қызмет керсетуін көрсетіңіз)

_____________________________________________________________

         Қолда бар мәліметтердің қолдануын талдау. Туристік фирма болып табылатын «Kami Travel» туристік фирмасы, өзі үшін келесідей қызметтің келесідей түрлерін таңдады:

—         халықаралық туризм;

—         ішкі туризм;

—         Қазақстан бойынша сапарлар;

—         экскурсиялық туризм.

Бізде бар, материалдық базаны ескере отырып, оны пайдалану мүмкіндігіне талдау жүргіземіз. Сол арқылы тек қана туристік фирма қызметінің негізгі түрінің, яғни, туристік жолдамаларды өткізудің нәтижесінен ғана емес, сонымен қатар, өзінің мүлігін қолданудан алатын табысты талдай аламыз. Бұған материалдық немесе материалдық еместігіне байланыссыз кез келген жеке меншіктен табыс алуға мүмкіндігін беретін, Қазақстан Республикасының «жеке меншік туралы» заңы негіз бола алады.

          Ғимаратты жалға алу. Материалдық – техникалық база.

          Туристік фирманы құру барысында, оның құрылтайшылары туристік фирманың жарғылық капиталына үлес ретінде қосатын, белгілі бір меншіктің иелері болып табылады.

Кіргізілетін меншік болып келесілер болып табылады:

—         Pentium 4 маркалы жеке компьтер (бағалау құны 200000 теңге (екі жүз мың теңге));

—         HP Laser Jet 6L принтері (бағалау құны 20000 теңге (жиырма мың теңге));

—         EPSON 3L ксероксі (бағалау құны 30000 теңге (отыз мың теңге));

—         PANASONIC телефаксі (бағалау құны 40000 теңге (қырық мың теңге));.

Өз ғимаратымыз болмағандықтан, біз жеке иеленушінің 57 кв.м – лі, офистік жиһазбен жабдықталған, ортақ коридор мен санитарлық узелі бар пәтерді жалға аламыз.

            Еңбек қоры.

Ж.Ш.С «Kami travel» туристік фирмасы Қазақстан Республикасының азаматтарымен негізделген қоғам болып табылады. Олар құрылиайшылар және туристік фирма қызметкерлері болып табылады. Тәжірбие жүзінде анықталған жаңа құрылған туристік фирма ретінде «Kami travel» туристік фирмасында екі негізгі жымысшы және бухгалтер қызмет атқарады

Мұндай қызметкерлар арасында қарым – қатынас тығыз байланыстыы. Кейде бухгалтердің орнына маман шақырылады, ол келіп – кетуші бухгалтер болып саналады. Директор – басқару қызметінен басқа да маңызды жауапкершілікті қызмет атқарады, мысалы, туристердің келуі немесе кетуіне құжаттарды рәсімдеу. Туризм маманы – офис – менеджер қызметін атқарады, ұсыныстар жібереді және де қызметтестермен қарым – қатынаста болады.

Егер, біздің туристік фирма осылай әрі қарай жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта тағы екі маман жұмысқа алынады (сурет4.) деп болжалып отыр. Ол төмендегідей құрылым болады.

9-Кесте. Туритік фирма қызметкерлерінің жалақы көрсеткіші

Аты, жөні

Айлық жалақы

Жылдық жалақы

1

Ауызбаева Г.С.

85.000

1.020.000

2

Абдрахманова А.К.

50.000

600.000

3

Нусупова Г.Е.

40.000

480.000

Барлығы

175.000

2.100.000

 10-Кесте. Туристік фирманың қаржылық – экономикалық көсеткіштері

Экономикалық- техникалық көрсеткіштердің атауы Бірлік өлшем Көрсеткіш
1 Реализацияның жылдық көлемі Мың теңге 7000000
2 Реализацияның жылдық өлшемі (салықты қоспағанда) Мың теңге 5200000
3 Негізгі персонал саны Адам 2
4 Негізгі персоналдың жылдық жалақы көлемі Мың теңге 2.100.000
5 Рентабелділік %  
6 Жылдық баланстық табыс Мың теңге 20000000
7 Жылдық таза табыс Мың теңге 18000000

Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретінде материалды игіліктерімен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп-кетушілер ұлттық өнімді түтынушылар болып табылады. Туристермен экскурсанттар жолсапарға жүмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.

Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджетінің 19% — ын құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында тұратын белгілі. Германияда бұл көрсеткіш  16%-ға тең, Франция мен АҚШ-та12%. Орташа америкалық отбасы саяхатқа 1 жылда 4000-ға жуық америка долларын жұмсайды. Дәл осы соманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады және киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.

Шекарадан тыс жерлердегі келіп – кетушілердің тұтынушылық сипаты әлемдік шаруашылықтағы ақша ағымының белгілі бағыттылығын білдіреді. Туристер мен экскурсаннтар тұрғылықты елінен қабылдаушы келуге ақша жиынын тасымалдайды. Ләззат үшін, іскерлік, емдіу және мәдени тағы басқа мақсаттарда саяхаттаушы азаматтар қабылдаушы елге валюта алып келеді және тең дәрежеде ол бюджетіне пайда түсіреді. Сондықтан, олардың келіп-кетушілердің жеке санатына біріктірілуі экономикалық жағынан ақталған.

Туризм инфрақұрылымын, ең алдымен орналастыру базасын дамытудың болашағын анықтау үшін саяхаттаушы тұлғалардың ішінен келіп-кетушілерді мынадай түрде бөліп алу маңызыд: түнеуші келіп-кетушілер яғни, туристер және бір күндік келіп-кетушілер, яғни эксурсанттар.

Сонымен «турист» ұғымына келіп-кетушінің жеке жаағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болатын, рекреациоондық, іскерлік және ағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының дерлік болуы ғана саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.

Төменгі диаграммадан біз 2000 – 2005 жылдар арлығындағы негізгі туристер мен экскурсанттар санының құрылымын көре аламыз. Мұнда әрқайсысына тақталатын болсақ: —

—         Резиденттер емес құрылым:2000 жылы (29,5%) 2001жылға (6,4%) қарғанда 23,1% жоғары; 2002 жылдан(34,5%) 2001жыл (6,4%) 28,1% төмен; 2002 жылдан(34,5%) 2003  жыл (41,6%) 7,1% жоғары; 2003  жыл (41,6%) 2004 жылдан (24%) 17,6% жоғары; 2005 (19,1%) 2004 жылдан (24%) 4,9% төмен екендігін көреміз.

—         Резиденттер: 2000 жыл (58,2%) 2001 жылдан (49,5%) 8,3% жоғары; 2001 жылдан (49,5%) 2003 жыл (41,6%) 7,9% төмен; 2003 жыл (41,6%) 2004 жылдан (53,1%) 11,5% жоғары; 2004 жылдан (53,1%) 2005 жыл (63,1%) 10% жоғары екендігін көреміз.

—         Ішкі туризм: 2000 жыл (12,3%) 2001 жылдан (44,1%) 31,8% төмен; 2001 жылдан (44,1%) 2002 жыл (18,3%) 25,8% төмен; 2002 жылдан (18,3%) 2003 жыл (16,2%) 2,1% төмен; 2003 жыл (16,2%) 2004 жылдан (22,9%) 7,8% төмен; 2004 жылдан (22,9%) 2005 жыл (17,8%) 5,1% төмен екендігін көре аламыз.

          Туристік өнімнің калькуляциясы

                       Франция (50 путевка)

  1. Жол ақысы                                            200$
  2. Қонақ үй                                                100$
  3. Трансфер                                                 15$
  4. Экскурсия                                              120$
  5. Сақтандыру                                             50$
  6. Қосымша қызмет                                    50$
  7. Комиссия                                                 15$
  8. Шығын соммасы                                     22$

                       Барлығы:                                           572$

Греция (50 путевка)

  1. Жол ақысы                                           100$
  2. Қонақ үй                                                 50$
  3. Трансфер                                                50$
  4. Экскурсия                                             100$
  5. Сақтандыру                                            50$
  6. Қосымша қызмет                                   40$
  7. Комиссия                                                15$
  8. Шығын соммасы                                  457$

Барлығы:                                             852$

Турция (100 путевка)

  1. Жол ақысы                                            100$
  2. Қонақ үй                                                  50$
  3. Трансфер                                                 50$
  4. Экскурсия                                                50$
  5. Сақтандыру                                             50$
  6. Қосымша қызмет                                    45$
  7. Комиссия                                                 15$
  8. Шығын көлемі                                         22$

Барлығы:                                              382$

Есептік бөлім.

Маркетингтік зерттулерге сәйкес (бәсекелестер және тұтынушылар) жылдық өткізу көлемі 350 ден 400 ге жуық саяхатты құрайды. Бірақ қиын жағдайға түспес үшін ең аз санды алайық.

Бір саяхаттың орташа құны 600 – 700$.

1)    350 турды 600$ бағасымен өткізгенде, түсетін пайда: 210000$.

Орташа % комиссия 15% тең

210.000$: 100% × 15% жылына = 31.500$

2)    08.05.2007жыл 1 АҚШ доллар құны 119.28 теңге

210.000$ × 119, 28 теңге = 25.048.800 теңге

3)  Салықты қоспағандағы айналым = 25.048.800 теңге

4)  Сатылым айналымы салықты қоспағанда:

25.048.800 : 105% × 100% = 23.856.000 теңге

5)  Салық қосылмаған құн айналымы:

23.856.000: 120% × 100% = 19.880.000 теңге

Шығын сметасы:

  1. Жалақы көлемі = 2.100.000теңге

1)    20% сақтандыру қорына:

2.100.000 : 100% × 20% = 420.000 теңге

2)  Арендалық төлем: 20.000 теңге × 12 ай = 240.000 теңге

3)  Негізгі қор амортизациясы 10% құрал – жабдық құнынан:

20.000 – 2.000 + 3.000 + 4.000 = 25.000 теңге

4)  Ғимарат шығындары:

— жылуға қуатына төлем – меншік иесі өзі төлейді

— электр қуатына 500 теңге (айына) × 12 ай = 6.000 теңге

5)  Телефон және факс байланыстарына төлем:

— қалалық, қала аралық байланыстар және факс 5.000 теңге (айына) × 12 ай = 60.000 теңге

6)  Банк қызметі – 20.000 теңге

7)  Жарнама – 500.000 теңге жылына

8)  Таныстыру шығындары – 40.000 теңге жылына

9)  Жолға шығу (командировка) – 50.000 теңге жылына

10) Кеңсе тауарлары, бухгалтерия бланктер және т.б – 20.000 теңге жылына

         Қорытынды:барлық шығын көлемі жылына 3.481.000 теңгені құрайды.

 

Енді табысымызды табамыз

210.000$ — 31.500$ (комиссия) = 178.500$ × 119,28 теңге (1$ құны) = 21.291.480 — 3.385.000 (жылдық шығын көлемі) = 17.810.480 теңге

Салық төлемі (НДС)

17.810.480 – 14% (2.493.467) = 15.317.013 теңге

Басқа да салықтар ( әлеуметтік салық, зейнетақы қоры, меншік салығы, жер салығы және т.б салықтар) – 30%

15.317.013 — 30% (4.595.103 теңге) = 10.721.910 теңге + 19.880.000 теңге (қалдық көлемі) = 30.601.910 теңге (таза пайда)

          Қорытындылай келе, өткізілген талдау, «Kami Travel» туристік фирмасы әрі қарай пайдамен жұмыс істейтінің көрсетті. Біз біздің тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын дәлелдедік.

Туризм нарығы әлі де толығымен зерттелмеген және әрі қарай дамытуға ұмтылыс бар.

Бізлің мемлекеттеріміз бойынша «Kami Travel» туристік фирмасы – тек қана 350-400 ғана адам саяхатқа бара алатын ғана емес, сонымен қатар болашақта бірнеше адам жұмыспен қамтылатын нақты жоба.