МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ
1.1 Туризм туралы тусынык
1.2 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орны
1.3 Iскерлiк туризм түрлерi
1.4 Iскерлiк турларды ұйымдастыру
2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ – ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕ
2.1 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы
2.2 Iскерлiк саяхатшылардың жiктелуi
2.3 Iскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру
3 БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРI МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Батыс Қазақстанның облысының iскерлiк туризмнiң мәнi
3.2 Атырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi жағдайы
3.3 Маңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары
4 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АУДАНДАУ
4.1 Геоэкологиялық аудандау түсінігі
4.2 Маңғыстау шөл (мал шаруашылық – мұнай өндіру) провинциясы
4.3 Үстірт шөл (мал шаруашылығы) провинциясы
5 ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
5.1 Ландшафттарға экологиялық-экономикалық бағалау жүргізу
5.2 Топырақ ресурстарының жағдайы және бағалау әдістері
5.3 Орман ресурстарын бағалау әдістері
5.4 Экономика — достықтың сенімді де берік негізі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
КIРIСПЕ
Дипломдық жұмыстың тақырыбын Iскерлiк туризмге байланысты алған себебіміз өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылтуды мақсат еттік. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады. Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу;ал үшiншi бiреулер — “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн — өте өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да iскерлiк туризм мәселелерi бар.
Туризмнің іскерлік түрін дамытуда еліміздің батыс аймғы қарастырылып отыр. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндттер анықталады:
— халықаралық туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризм орнын;
— бұл саланы қалыптасуы мен iскерлiк туризм түрлерiн;
— қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы қарастыру;
— іскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
— Батыс Қазақстандағы іскерлік туризм дамуының мәселері мен перспективалары қарастырылады.
Дипломдық жұмыста тек қана Қазақстан емес сонымен қатар әлемдiк iскерлiк туризм келешегi мен мәселелерiн анықтауға тырысамыз. Сонымен қатар Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін осы Батыс Қазақстанның орталықтары (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал қалалары) ықпалы зор екенін көрсетмін.
Дипломдық жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, статистика агентігінің мәліметтері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, газет-журналдар, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Дипломдық жұмыс / 80 бет