Іс- әрекет психологиясы курстық жұмыс

Жоспар
І Кіріспе
Іс-әрекет психологиясы туралы жалпы түсінік
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет түрлері

ІІ Негізгі бөлім
Іс-әрекет дағды туралы жалпы түсінік.
Адам іс-әрекетінің түрі мен дамуы.
Баланың іс — әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды.  Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.

Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.

А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді  ғана іс-әрекет деді.

 курстық жұмыс / 35 бет