Мектеп жасына дейінге балалар дамуы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ………3

I. Негізгі бөлім

1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы……5
1.2.Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері………13

II Эксперементальды бөлім

2. 1. Мектеп жасына дейінгі мекемедегі еңбек әрекетінің басқа да сабақтарменбайланысы………20
2. 2. Балабақшаның әр түрлі топтағы балалар еңбегінің мазмұны ұйымдастырылуы және басқару әдістемесі….22

ҚОРЫТЫНДЫ……28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……….29

КІРІСПЕ

Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.

«…Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс».

Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша сипатка ие болады.

Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.

Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді.

Қазіргі физиология ғылымы   еңбек әрекетінде бала ағзасы  дамуының  ішкі   механизмін  аша  келіп,   баланың денесі мен психологиясының дамуындағы   бірлікті негіздейді.   Бұлшықет   қимылының   бала   денесі    мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек   жұмысы ықпал ететіндігі дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог бала-ларға олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.

Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау, бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде, ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастыры-лады.

Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: «Мына топ құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш, сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Со-лай еткеніміз әділ болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де жүмыс істейді».

Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет. Сол_мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: «Балалар, сендер қуыршақтарды қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын .келісіп.алыңдар. Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-біріңе кедергі жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер». Қажет болған ретте ол мектеп жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.

Жұмыстың мақсаты:мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек тәрбиесін уйрету

Жұмыстың міндеттері:-балаларды еңбекке тәрбиелеу;

   —Балаларды еңбекті сүйюді уйрету

 Курстық жұмыс / 29 бет