Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық аспектілері 5
1.1 Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігі 5
1.2 Кәсіби бағдар берудің мазмұны 6

2 Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттары 9
2.1 Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орны 9
2.2 Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту 11
3 Тәжірибелік бөлім 15

Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамыту» деп аталатын бөлімде: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.

Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» — деп атап көрсеткен.

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.

Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.

Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады.

Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.

Сонымен қатар коммуникативтік және  ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған.

Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.

Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға бағдарлау» деп анықтадық

Зерттеу жұмысының мақсаты: жоғары сынып оқушыларын мамандықты тандауға бағдарлау

Зерттеу мақсатына сайкелесі міндеттері анықталды:

Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен жұмыс істеу;

—  Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық аспектілерін ашу;

—  Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау жасау;

—  Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін көрсету;

—  Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;

—  Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын орнын көрсету;

—  Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің ерекшеліктерін көрсету;

—  Арнайы әдістемелері зерттеу.

Зерттеу объектісі жоғары сынып оқушылары

Зерттеу пәні жоғары сынып оқушыларының  кәсіби бағдар беру ісіне қатысты   психологиялық және педагогикалық құбылыстар, байланыстар.

Зерттеу болжамы: егер жоғары сынып оқушылары мектепті аяқтау алдында болашақ мамандығына аяқ басатын кезінде дұрыс бағдар алатын болса, олардың  таңдауы сәтті болып келешекте елімізге жоғары кәсіби және өз кәсібін шын ниеттен жақсы көретін  маман әкеледі.

Зерттеу базасы: Павлодар облысында Ленинский ауылының № 33 орта жалпы білім беру мектебінің 9 -11 сынып оқушылары

 курстық жұмыс / 28 бет