Инновациялық жоба анықтамасына үш аспектісінен тұратын анықтама берейік:
Инновациялық жоба — инновациялық мақсаттардың жетуіне арналған шаралар жиынтығы; инновациялық қызметті жүзеге асыру процесі; мынау, инновациялық жобаға салынған инвестициялардың экономикалық мәнісі бар екендігін дәлелдейтін құжаттардың пакеті.
Жобалар дегеніміз — техникалық немесе әлеуметтік — экономикалық жүйені өзгертуге мақсатталған процесс. Оны нақты мерзімде және нақты қаражатпен жүзеге асырады.
Инновациялық жобаның қатысушылары:
1. тапсырыс беруші;
2. өңдеуші;
3. инвестор;
4. құрылтайшы, гарант;
5. ғылыми- техникалық кеңес;
6. лизинг компаниясы;
7. жобалаушы;
8. ұйымдық орындаушы;
9. инвестициялық және инновациялық қорлар;
10. банк;
11. қаржылық кеңесші;
12. сақтандыру компаниясы және басқалары.
Инновациялық жобалау процесі 3 кезеңнен құралады:
1. инвестицияламай тұрып құрылған лаг (инновациялық жобаны дайындау);
2. инвестициялық лаг (жобаның орындауы);
3. өндірістік лаг (жоба объектісінің шаруашылық қызметі, эксплуатациялық фаза).
Жобалардың түрлері:
— мегажоба- бірыңғай мақсатпен, қорлармен және орындалу мезгілдерімен біріктірілген, өзара байланысқан жобалардың орындалуын шамалайтын мақсаттық бағдарлама (басқарудың ең жоғарғы деңгейлерінде орындалады);
— мультижоба — концепциялардың ары қарай өңдеп дамуы мен базар механизмдерінің функционалдығына көшуіне байлынысты нақты бағдарлама;
— моножоба — нақты мақсатпен белгіленген және қатал уақыт пен қаражаттың шектелуімен байланысты орындалатын жоба.
Инновациялық жобаның классификациялары.
1. Шешімдердің деңгейіне қарай:
a) ұлттық
b) президенттік
c) аймақтық
d) салалық
e) бөлек кәсіпорын шешімдеріне байланысты
2. Жобаның мақсаттық мінемездемесіне қарай:
a) соңғы
b) аралық
3. Сату аралығына қарай:
a) ұзақ мерзімді
b) орта мерзімді
c) қысқа мерзімді
4. Инновацияның түріне қарай:
a) жаңа өнім
b) өндірістің жаңа түрі
c) жаңа нарық
d) жаңа қайнар көзіне қарай
e) басқарудың жаңа құрылымына қарай
5. Инновациялық қызметінің мінездемесіне қарай:
a) зерттеулік
Инновациялық жобалар әрбір түрлі бөлімдерден тұрады. Инновациялық
жобаның қазіргі құрылымын, ЮНИДО өнеркәсібінің дамуымен айналысатын БҰҰ ұйыммен ұсынылған. (10 бөлім).